«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН
8-775-233-72-57
108
х
Вавилон қабырғалары
В
авилонның ежелгі қабырғаларына апаратын
жолды Банзар есімді қатал әрі қартаң жауын-
гер күзетіп тұр. Қабырғаның үстінде
қаланың жау-
жүрек қорғаушылары жанталаса ұрыс жүргізуде.
Мыңдаған тұрғыны бар осы бір ұлы шаһардың одан
әрі аман қалуы соларға ғана байланысты.
Зәулім қабырғаның арғы жағынан шабуылдаушы
әскердің шуы, мыңдаған адамдардың айқай-ұйқа-
йы, мың сан аттар тұяғының дүбірі,
қола қақпаны
атқылаған тасатқыш тарандардың тарсыл-тұрсылы
құлақ жарады.
Қала көшелерінен жиналған найзагерлер қақпа
маңына
шоғырланды, олар таран соққысына шыда-
май, қақпа ашыла қалса,
лап қоятын жауға төтеп
беруге дайын. Олар көп емес. Вавилонның негізгі әс-
кері патшамен бірге Шығысқа,
Элам еліне шабуылға
аттанған еді. Олар жоқта қалаға жау шабарын ешкім
күтпеген, сондықтан да қаланы қорғаушылар аз сан-
ды болатын. Солтүстіктен
Ассирияның көп санды