8-775-909-01-77 117 – Оған сенемін, өйткені өзім де басқа түсті әлемді
көрдім. Саған айтқалы отырған хикаям сол туралы,
яғни дүниенің кәдімгі түсін қайта көргенім жайын-
да өрбиді.
– Дабасир бір қызық хикая айтқалы отыр, – деп
көршілер сыбырласып, төсеніштерін соған қарай
жылжыта бастады. Басқа келушілер де асты бы-
лай қалдырып, әңгімеге жақын дөңгелене жайғас-
ты. Бәрінің қолдарында жартылай мүжілген жі-
лік. Жалғыз Таркад қана сілекейін жұтынып отыр.
Дабасир қой етін бөлісер емес, тіпті ыдыстан еденге
түскен бір тілім нанды да ұсына қоймады.
Дабасир аузындағы етті қылғытқан соң әңгімесін
бастады:
– Айтқалы отырған хикаям өзімнің жастық ша-
ғыма қатысты. Ол қалай түйе сатушы болғаным ту-
ралы. Араларыңда Сирияда құл болғанымды біле-
тіндерің бар ма?
Бөлме іші араның ұясындай гуілдеп кетті. Бұл
Дабасирге жағымды әсер еткендей.
– Жас кезімде, – деген ол бір кесек етті шайнап
отырып, сөзін жалғады, – әкемнен ер-тұрман жасау-
ды үйрендім. Әкемнің шеберханасында жұмыс істей
жүріп, әйелім екеумізді асырадым. Әрі жас, әрі тәжі-
рибесіз едім, табысым онша көп болмаса да, қарапа-
йым тіршілікке жететін. Көп нәрсе иеленгім келетін,
бірақ олай етуге мүмкіндік болмады. Алайда ұзамай
дүкеншілердің менде бар мүмкіндікпен санаспай-ақ
қарыз бере салатынын байқадым.
Өз табысынан көп ақша жұмсайтын адамның жоқ
жерден жел шақыратынын, ал ондай құбылыстың