8-775-233-72-57 112 сайын бекініс түбінде жау жағының өліктері үсті-
үстіне үйіле берді. Оларды түнде ғана алып кетіп,
жерлеп жатты.
Төртінші аптаның бесінші түні ғана айқай-шу сап
тыйылды. Жаңа шыққан күннің жарық сәулесі жап-
пай шегініп бара жатқан жау жағының әскері мен
көтерілген қою шаңды айқын көрсетіп тұрды.
Арқаланған бекініс қорғаушыларының айқайы
айналаны дүр сілкіндірді. Бұл жеңістің алғашқы
дабылы еді. Айқайды қорған түбінде кезегін күткен
сарбаздар іліп әкетті де, күшті жаңғырық қала кө-
шелерін аралап кетті.
Жұрт үйлерінен шықты. Көшелер халыққа лық
толды. Өткен апталардың барлық қорқыныш-үрейі
қуанышты айқайға ұласты. Ваала шіркеуінің мұна-
расынан Жеңіс жалыны лапылдады. Көкке көтеріл-
ген көгілдір түтін будақтары қуанышты жаңалықты
жан-жаққа таратып алып барады.
Вавилон бекінісі қала қазынасын тонап, оның тұр-
ғындарын құл етуді көксеген қаһарлы жауға тағы да
тойтарыс берді.
Вавилон ғасырдан-ғасырға жетіп, гүлденіп, түр-
лене берді, өйткені ол толық қорғалған еді. Басқаша
болуына ол ешқандай жол қалдырмады.
Вавилон бекінісі қорғанысқа деген адамдық қа-
жеттіліктің іске асуы еді. Бұндай ниет барша адам-
дарға тән. Бүгінде ондай ниет сонау алыс күндер-
дегіден кем емес, бірақ енді бізде сондай мақсатқа
қызмет ететін әлдеқайда сенімді әрі қуатты жүйе
қалыптасқан.