Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет105/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
116
Дабасирдің беттен алар турашылдығы Таркадты 
жапырақтай қалтыратты, дегенмен бұл шақыру 
дәмхана табалдырығын аттауға мүмкіндік беретін 
еді. Дабасир оны түпкі бұрышқа қарай итермеледі, 
екеуі кілемше үстіне жайғасты. Оларға дәмхана иесі 
Каускор жымия күліп жақындағанда, Дабасир өзіне 
тән сөзқұмарлығына басты:
– Қане, шөл даланың семіз кесірткесі, маған жақ-
сы қуырылған қойдың жас етін және де көбірек 
нан мен көкөніс әкел, себебі кәдімгідей ашықтым. 
Айтпақшы, досымды да ұмытпа. Оған бір құмыра 
салқын су әкел. Аспан айналып жерге түскендей ап-
тап ыстық.
Таркадтың жүрегі дүрсілдеп қоя берді. Дабасир-
дің қой етін қомағайлана асағанына қарап, қалай 
су ішіп қана отырмақ? Бірақ ол ештеңені ашып 
айтпады.
Дабасир үнсіздік дегенді тіпті білмейтін сияқты. 
Дәмханаға кірген таныстарына сәлем ретінде күлім-
сірей қол бұлғады да, сөзін жалғады:
– Урфадан оралғандардан бір бай туралы естідім. 
Ол кәдімгі тасты жұп-жұқа етіп тілдіріп, үйін жаң-
бырдан қорғау үшін терезесіне салдырыпты. Тастың 
жұқа тілінгені соншалық – одан сыртқа қарауға бо-
лады екен. Бір қызығы – ол әлемді мүлде басқаша 
етіп көрсетеді деседі көргендер. Бұған не дейсің, 
Таркад? Дүниенің мүлде басқа түске боялып шыға 
келуі мүмкін бе?
– Бәрі де мүмкін, – деді Таркад. Оны қайдағы бір 
әйнектас емес, Дабасир алдына қойылған семіз қой 
еті қатты алаңдатты.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет