8-775-233-72-57 110 Қараптан-қарап бақилық боламыз. Айтшы, олар
ішке өте алмайды ғой...
– Сабыр ет, досым, – деді сардар. – Вавилонның
бекінісі берік. Базарға бар да, кемпіріңе айт, бекініс
патшаның қазынасын қалай сақтаса, сендерді де,
мал-мүліктеріңді де дәл солай сенімді қорғайтынын
жеткіз. Жебе тиіп кетпес үшін қорғанға жақын жүр.
Саудагердің орнын сол сәтте емізулі бала көтерген
әйел басты.
– Сардар, айтыңызшы, не болып жатыр? Ештеңе
жасырмаңызшы, бейшара күйеуімді тыныштанды-
райын. Жарақат салдарынан оның ыстығы көтері-
ліп жатыр, бірақ соған қарамастан қалқан мен най-
засына ұмтыла береді. Баласы екеумізді қорғағысы
келеді. Жау жағы бекіністі бұзып өте алса, ешкімге
аяушылық жасамайды, – дейді ол.
– Үрейіңді бас, айналайын. Вавилон бекінісі сені
де, перзентіңді де, болашақта дүние есігін ашар сә-
биіңді де қорғайды. Қорған биік әрі берік. Шабуылға
шыққандардың басына ыстық май құйып тұрған біз-
дің жаужүрек жауынгерлердің даусын естіп тұрған
жоқпысың?
– Естіп тұрмын. Қақпаны соққылаған таранның
дүңкілі де құлағымды жарып барады.
– Үйіңе бар. Бекініс қақпалары таранның соққы-
сына төтеп береді, қабырға үстіне шыға қалғандар
болса, оларды найзалар қағып түсіреді. Абайлап
жүр, үйлердің арасымен қайт.
Банзар мұздай қаруланып, көмекке жеткендер-
ді өткізу үшін қапталға ығысты. Қола қалқандары