8-775-909-01-77 109 әскері тұтқиылдан шабуылдады. Енді бекініс қабыр-
ғаларының басты соққыға тойтарыс беруіне тура ке-
ліп тұр.
Банзардың маңына өңдері қашып, үрейлері ұш-
қан қала тұрғындары шоғырланып қалыпты. Олар
шайқас барысынан хабар күтеді. Ұрыс алаңдарынан
әкелініп жатқан қаза тапқандар мен жарақат алған-
дар легіне жүрексіне көз салады.
Шабуыл, негізінен, осы жерге бағытталған. Жау
жағы қала бекінісін үш күн бойы айналып жүріп,
күтпеген жерден өздерінің басты күштерін осы қақ-
паларға қарай бұрды.
Қабырға үстіндегі қорғаушылар жаудың көте-
ру құрылғылары мен сатыларына жебе жаудырып,
ыстық май шашып, жау әскері қорған үстіне шыға
қалса, найза іске қосылуда. Өз кезегінде, жау садақ-
шылары бекініс қорғаушыларына жебені қарша бо-
ратып жатыр.
Қарт Банзар тұрған позициядан бәрі алақандағы-
дай көрінеді. Ол шайқас алаңына басқалардан жа-
қын тұр еді, оған шабуылдаушылардың іс-қимылы
туралы ақпарат та алдымен жетеді.
Қолдары қалтыраған қарт саудагер оның қасына
әупіріммен әрең жақындады.
– Айтшы! Айт маған! – деп жалынды ол. – Жау
жағы қала бекінісін бұза алмайды ғой? Ұлдарым
патшамен бірге соғысқа кеткен. Кемпірім екеумізді
қорғайтын ешкім жоқ. Олар бар мүлкімді, жиған-
тергенімді тонайды. Ештеңе қалмайды. Біз әбден қар-
тайдық, қорғануға да, құл болуға да жарамаймыз.