8-775-909-01-77 141 х
Вавилондағы ең
бақытты адам
К
еруеннің басында Вавилон саудагерлер королі
десе жарасар Шарру Нада шауып келеді. Ол
сәнді киінгенді ұнатады, сондықтан да үстінде қым-
бат әрі ыңғайлы киім. Ол сұлу жылқыларды жақсы
көреді, қазір ойнақтаған арабы сәйгүлікте қаққан
қазықтай тік отыр. Сырткөз оның егде тартқан кісі
екеніне сенбес еді, сондай-ақ оның мазасыз ой кешіп
келе жатқанын да ешкім байқамас.
Дамаскіден шөлейт арқылы өтер жол ұзақ әрі
қиын болды. Бірақ оны бұл жай мазалаған жоқ.
Арабтың жабайы тайпалары керуенге шабуыл жа-
сап, тонауға дайын тұрады. Бұл да оны үрейлендіре
алмайды, оның атты күзеті қандай қарақшылардан
да сенімді қорғай алады.
Оны Дамаскіден жанына еріп келе жатқан жас
жігіттің жайы мазалайды. Ол – бұрынғы серікте-
сі Арад Гуланың немересі Хадан Гула. Шарру Нада