8-775-233-72-57 142 өзін Арад Гуланың алдында өтелместей қарыздар се-
зінеді. Демек, серіктесінің немересіне қамқор болуға
тиіс, бірақ бұл туралы ойлаған сайын, ол міндет күр-
делі бола түседі. Мәселе жігіттің өзінде.
Жас жігіттің жүзігі мен сырғасына қарап, ол іші-
нен былай ойлады: «Бойында әшекейге құмарлық
бар, алайда келбетінен атасы сияқты қайсар екені
байқалады. Тек атасы мынадай қызыл-жасыл киім-
ге әуес емес еді. Әкесіне тартты ма? Ол өзіне мұра-
ға қалған байлықты шашып-төгуді ғана біледі. Енді
мына жігітті сол қолдан жасалған кедейшілік тыр-
нағынан құтқару керек. Сол үшін оны осы сапарға
өзі шақырды ғой».
Хадан Гула үнсіздікті бұзып, сөз бастады:
– Сен неге ылғи өзіңді азапқа салып, шөлейтпен
керуен тартасың? Неліктен өмірдің рақатын көруге
құлқың жоқ?
– Өмірдің рақаты дейсің бе? – Шарру Нада күлім-
сіреп, қайыра сұрады. – Егер менің орнымда болсаң,
өмірден қалай рақат алар едің?
– Сендей бай болсам, ханзада сияқты ғұмыр сүр-
генді құп көремін. Ыстығы ми қайнатар шөлге сірә
жоламаспын. Шекел біткен әмияныма қалай тез кел-
се, оларды солай тез жұмсар едім. Ең қымбат киім-
дер киіп, ең сирек әшекейлер тағынғанды ұнатамын.
Өмірдің қызығы осында емес пе?
Екеуі қатар күлді.
– Сенің атаң әшекей тағынған жан емес, – деп
Шарру Нада турасын айтты да, аяғын әзілге бұрды.
– Ал сен жұмысқа уақытты қайдан іздемексің?
– Жұмысты құл істейді ғой, – деді Хадан Гула.