Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет131/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
143
Шарру Нада ернін жымқырып, үндемеді. Ол үн-
демеген күйі төбенің басына шыққанша жүре берді. 
Төбе басында ол айғырының тізгінін тартып, созы-
лып жатқан ойпатты нұсқады:
– Ана ойпатқа қара. Арырақ, шамалы жүрген соң 
Вавилонның бекінісі көрінеді. Ең биік ғимарат ол – 
Ваала шіркеуі. Көзің өткір болса, сен тіпті оның ша-
тырындағы мәңгі алауды да көре аласың.
– Вавилон... Әлемдегі ең бай сол қаланы көруді 
армандап едім, – деді Хадан Гула. – Менің атама бай-
лық берген Вавилон ғой. Ол тірі болғанда, біз сорға 
белшемізден батпас едік.
– Өлгендер рухына жоғарыдан берілген уақыт-
тан артық тірілер арасында кезіп жүруге болмайды. 
Әкең екеуіңде істі тиісінше жүргізуге мүмкіндік бар 
еді.
– Өкінішке қарай, онда да, менде де ондай қабілет 
болмай шықты. Екеуміз де алтын шекелдерді шақы-
рып, тартатындай құпияны білмейміз.
Шарру Нада жауап берместен, атын тебініп, ойға 
шомған қалпы ойпатқа қарай ойысты. Оның соңынан 
түйдектеген қызғылт шаңды көтеріп, керуен ілесті. 
Арада біраз уақыт өткенде керуен суармалы алқап 
арқылы өтетін Патша жолына түсіп, Оңтүстікке 
маңдай туралады.
Шарру Наданың назарын жер жыртқан екі қарт 
аударды. Олардың жүзі таныс болып көрінді. Таңға-
ларлық жайт! Қырық жыл өткен соң сол адамдарды 
көріп тұр. Түйсігі солар екенін сездірді. Олардың 
бірі соқаның тұтқасын әрең ұстап жүргендей, екін-
шісі өгіздерді таяқпен ұрып, күйбеңдейді.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет