8-775-233-72-57 52 Шәкірттерім, мынаны да естеріңе салғым келеді:
өсімқорлар, өсіммен қарыз ақша берушілер өз отба-
сылары үшін үй мен жер сатып алуға ниетті адамдар-
ға көмектесуден бас тартпайды. Егер қалталарыңда
құрылыс жүргізуді бастайтындай қаржы болмаса,
құрылысшыларға төлейтін ақшаны да несиеге беру-
ге дайын.
Үй салынып біткенде сендер өсімқорға бұрынғы
баспана иесіне жарна төлегендей тәртіппен тұрақты
түрде беріп отырасыңдар. Осындай әр жолғы төлем
берешектеріңді азайтып, бірнеше жылдан соң қа-
рыздан біржола құтыласыңдар.
Сол күннен бастап еңселерің көтеріледі, себебі ба-
ғалы меншікке ие боласыңдар да, ендігі жерде патша
салығынан басқа ешкімге ештеңе төлемейсіңдер.
Ал әйелдерің кір жуу үшін өзенге жиі барып,
қайтар жолда мес толы су ала келіп, өсімдіктерін
суғарады.
Жеке үйі бар адамның артықшылығы көп. Ең бас-
тысы – ол күнделікті шығыстарды азайтып, ақшаны
жаны қалаған қажеттіліктеріне көбірек жұмсай ала-
ды. Бос әмиянды толтырудың бесінші жолы дегені-
міз осы – жеке меншігіңде баспанаңның болуы.