8-775-233-72-57 50 Алғашқы ақша салымым уайымға душар етті. Бір
жыл бойғы жиған-тергенімді Азмур есімді қыш құю-
шыға бердім де жібердім, ал ол маған Тирдегі фини-
кийліктерден сирек асыл тас сатып әкелуге тиіс бо-
латын. Ол қайтып келгеннен кейін оларды сатып,
түсімді бөлуге келіскенбіз. Алаяқ финикийліктер
жолығып, оған шынының сынықтарын сатып жібе-
ріпті. Осылайша жинағым құрдымға кетті. Бүгінде
қыш құюшыға асыл тас сатып әкелуді тапсырудың
ақылсыздық екенін жасы білемін.
Сондықтан сендерге өз тәжірибеме сүйене оты-
рып, кеңес беремін. Өз білгеніңе сеніп, алтыныңды
тәуекелмен жұмсамаңдар. Ақшамен тұрақты жұмыс
істейтін білікті адамдармен кеңесіңдер. Ондай кеңес-
ті тегін алуға болады, бірақ оның құны кейде сен іске
салар алтынның бағасымен парапар. Егер сондай ке-
ңестің арқасында жинаған ақшаң жойылудан аман
қалса, шынында, солай болғаны-дағы.
Сонымен бүйірі қабысқан әмиянды сауықтырар
төртінші жол мынау: өз ақшаларыңды пайдамен
қайтара алатындай сенімді іске салу арқылы сақтаң-
дар. Ақылды адамдардан кеңес алыңдар. Біліктінің
кеңесі алтынға парапар, әрі олардың даналығы сен-
дердің әмияндарыңа қойылған күзет десем, артық
емес.