Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет54/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   164
8-775-233-72-57
64
Мен оны адамдардың ұтқанынан ұтқызғаны көп 
ойын үстелі мен атжарыстан емес, адамдардың іс- 
әрекеті пайдалы және марапатқа лайық орындардан 
іздеймін.
Жерді өңдеп, әділ сауда жасап, кәсіптердің бірін 
игеріп, сол арқылы әрқашан пайда табу мүмкіндігі 
бар. Мүмкін, табыс төбе де көрсетпес, өйткені адам 
кейде қателеседі, кейде қатты жел немесе құрғақ-
шылық оның еңбегін еш етеді. Егер ол барынша та-
бандылық танытса, онда ақыр соңында марапатқа ие 
болады, себебі сәттілікке деген мүмкіндік әрқашан 
іс-әрекетшіл жанның қасынан табылады.
Егер адам құмар ойын ойнаса, жағдай мүлде кері-
сінше болады, өйткені бар мүмкіндік оған қарсы жұ-
мыс істейді де, ойынды ұйымдастырушы қожайын-
ның ішкі есебі дұрыс шығады. Оның таңдаған кәсібі, 
басқаша айтқанда, мамандығы сондай, ол ойыншы-
лардың ұтысқа салған ақшасынан мол пайда табуды 
жоспарлап қойған. Аздаған ойыншылар ғана ұтуға 
деген мүмкіндіктері шектеулі, ал ұйымдастырушы-
ның сыбағасы мол екенін сезеді.
Мысалы, ойын тасын алайық. Әр жолы оны лақ-
тырған сайын, біз ұтысқа ақша тігіп, оның қай беті 
жоғары қарап түсетінін болжауға тырысамыз. Егер 
ол қызыл жағымен түссе, ойынхана қожайыны бізге 
тіккен ұтыстан төрт есе көп ақша төлейді. Ал, егер 
қалған бес бетінің кез келген бірі түссе, біз ұтыс бы-
лай тұрсын, салымнан да айырыламыз. Бұл дегені-
міз – алты аунап түсер тастың бес бірдей беті бізге 
ұтылыс әкеледі. Алайда қызыл бір беттің ұтысы төрт 
есе болғандықтан, жалпы алғанда, қожайында үнемі 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет