8-775-909-01-77 63 берші, біз тыңдап көрейік, бәлкім, көңілге бірдеңе
түйерміз.
– Әңгіменің басы жаман емес,– деді Аркад. – Біз
мұнда туындаған әрбір жайтты жан-жақты талқы-
лауға келдік. Егер біз талқылаудан ойын үстелін
алып тастасақ, онда көпшілікке тән бір әдетті, яғни
ойынға тәуекелмен күміс тиын салып, алтын құйма
ұтуға аңсары ауатындарды айналып өтеміз.
– Бұл маған кешегі атжарысты есіме салып отыр, –
деп сөзге тағы бір тыңдаушы араласты.– Егер сәттілік
құдайы ойынханаға бас сұғатын болса, онда алтын
жалатылып, жарқыраған арбалар мен ауыздықпен
алысқан аттардың жанынан да қиыс өтіп кетпесе ке-
рек. Шыныңды айтшы, Аркад, кеше сен Ниневиядан
келген аттарға ақша салғанда ол саған не деп сыбыр-
лады? Сенің дәл жаныңда тұрып, әлгі аттарға ақша
салғаныңды естіп, өз құлағыма өзім сенбедім.
Бүкіл Ассирияның бірде-бір экипажы әділ жа-
рыста біздің атқораның жылқыларын шаң қапты-
руы мүмкін емесін бәріміз секілді сен де жақсы біл-
дің ғой. Мойындасаңшы, сәттілік құдайы саған қай
аттарға ақша салу керектігін айтқан шығар, өйткені
соңғы бұрылыста қос қара ат сүрініп қалып, біздің
жүйріктерге кедергі жасады ғой. Соның арқасында
жирен аттар күтпеген жерден озып келді.
Аркад жылы күлімсіреп, пікір иесіне қарады.
– Біреудің қандай атқа ақша салғанында ұлы сәт-
тілік құдайының шаруасы бар дегенді сен қайдан ал-
дың? Мен үшін ол – махаббат пен ұлылық құдайы,
ол бірдеңеге мұқтаж жандарға шын пейілмен кө-
мектеседі және лайықтыларға шапағатын шашады.