8-775-233-72-57 78 – Ол туралы көп естігенбіз, – деді аға мал айдау-
шы. – Ол Вавилонда бұрын-соңды өмір сүрген адам-
дардың ішіндегі ең бай-бақуаттысы болыпты.
– Иә, ол теңдессіз бай болатын, өйткені алтынның
жүрер жолын басқалардан жақсы білетін. Бүгін түн-
де сендерге оның ұлы Номасирдің көп жыл бұрын
маған Ниневияда ашқан даналық сырын айтып бере-
мін. Ол кезде бала едім.
Қожайын екеуміз сол күні кеште Номасир сара-
йында ұзақ болдық. Номасир өзіне ұнағанын таң-
дағанша, қожайынға керемет кілемдерді тасумен
болдым. Нәтижесінде ол өте риза болып, бізді ша-
рап ішуге шақырды. Сол жолы сирек кездесетін,
хош иісті, бұрын дәмін татып көрмеген бал шарапты
алғаш рет іштім. Көңіл қошы келген ол бізбен әке-
сі Аркадтың данышпандық ақыл-кеңестерімен бө-
лісті, реті келгенде онымен өздеріңді таныстырып
отырмын.
Өздерің білетіндей, Вавилонда байдың ұлдары
әкеден қалатын мұраны күтіп, ата-аналарымен бірге
тұра беретін дәстүр қалыптасқан. Аркад бұл дәстүр-
ді сақтауға тырыспады. Сондықтан ақыл тоқтататын
жасқа жеткен Номасирді өзіне шақырып, мынаны
хабарлапты:
– Ұлым, сенің маған мұрагер болғаныңа қарсы
емеспін. Бірақ әуелі сен оны ақылмен жұмсай алаты-
ныңды көрсетуге тиістісің. Сондықтан сені жер-жа-
һанды аралауға жіберуді қалаймын, ондағы мақса-
тым – сен өз бетіңше алтын таба алатындай, адамдар
арасында сыйлы кісі атанатындай қабілетің бар еке-
нін көрсетуің керек.