Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет71/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-909-01-77
81
өз аттарының қалайда бірінші болып келетініне 
сендірді.
Жаңа достарым маған өз аттарына бәс тігуімді 
өтінді. Бұл ұсыныс ақыл-ойымды билеп алды. Бірақ 
біздің аттарымыз шаң қауып қалды да, көп алтын-
нан айырылдым.
Әкесі мырс етіп күліп жіберді.
– Басымнан өткен жайт қитұрқы істің салдары еке-
нін кейінірек білдім. Әлгі маған дос болғандар үнемі 
керуенмен бірге жүріп, өзім сияқты ашықауыздар-
ды аңдитын болып шықты. Ниневиядағы ат иесі де 
әлгілермен ауыз жаласқан көрінеді, ұтысқа тігілген 
ақшаны өзара бөлісіп отырыпты. Осы салқынқанды 
алаяқтық маған алғашқы сабақ болды.
Көп ұзамай тағы бір өзек өртер жайтты бастан кеш-
тім. Керуенде достасқан тағы бір жас жігіт болған. 
Ол бір байдың баласы екен, өзім сияқты Ниневияға 
өмірден өз орнын табуға келіпті. Сапардың аяғына 
таман ол маған қалада бір саудагердің өмірден өтке-
нін, оның дүкенін тауарларымен қоса қабат түкке 
тұрғысыз бағаға сатып алуға болатынын айтқан-ды. 
Ол екеуміздің бұл істе тең құқықты серіктес болаты-
нымызға сендірді, бірақ оның алдымен Вавилонға 
қайтып, алтынын әкелуі керек болды. Сондықтан 
дүкенді мендегі бар ақшаға сатып алуды ұсынды.
Ол Вавилонға баратын сапарын кейінге қалды-
ра берді және уақыт өте келе саудадан хабары ша-
малы екені білініп қалды, бұған қоса, қолда барын 
оңды-солды жұмсай беретін әдеті барын байқадым. 
Ақырында оның қызметінен бас тарттым, бірақ ол 
кезде шаруамыз әбден құлдырап, кері кеткен еді. 


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет