8-775-909-01-77 93 де салмастан, ол үйдің түпкі жағындағы тұрғынжай-
ға қарай өтті. Мұнда ол кілемде жамбастай жатып,
қара құлдың әкелген асына бас қойған Матонды
көрді.
– Сенімен ақылдасқым келеді, себебі не істерімді
білмей жүрмін? – деп Родан шебер шолақ жеңді был-
ғары кеудешеден көрінген жүнді төсін керіп, талта-
йып тұрды.
Қушиған аққұба жүзді Матон күлімсіреген күйде
сәлемдесті.
– Өсімқорды керек ететіндей сен не бүлдіріп қой-
дың? Ойын барысында сәттілік сенен жалт беріп,
ұтылып қалдың ба? Әлде мамықтай жұмсақ мүсінді
бір сұлу өзінің торына түсірді ме? Сені көп жылдан
бері білемін, бірақ бірде-бір рет көмек сұрап келген
емессің.
– Дәл солай, маған көмек те, алтын да керек емес.
Сенен ақыл-кеңес алуға келдім.
– Мәссаған, мынау не деп тұр, ей! Өсімқормен
ақылдасуға ешкім келмейді. Әлде қағыс естідім бе?
– Құлағың дұрыс естіді.
– Мүмкін емес! Матонға алтын үшін емес, ақыл-ке-
ңес алуға келетіндей Родан шебер басқалардан қалай
ақылдырақ болды екен? Көптеген адам маған өздері-
нің ақымақтығы үшін төлейтін алтын сұрап келеді,
бірақ оларға ешқашан ақыл қажет болған емес. Бір
бәлеге тап болғаннан кейін келетін адамдарға өсім-
қордан асырып кім ақыл айта алады? Қане, Родан
шебер, жоғары шық! Сен бүгін құрметті қонағым-
сың! Ол Андо! – деп құлды шақырды. – Маған кеңесу
үшін келген Родан досыма кілем төсе. Ол бүгін осы