8-775-233-72-57 104 қалдыр. Өз еңбегіңмен келген алтын сенікі, өз қа-
лауың болмаса, оны ешкіммен де бөліспеуге хақың
бар. Егер оны қарызға беріп, содан пайда тапқың
келсе, тек оны ақылмен істе. Өзің қанша жыл бойы
найза жасап келесің?
– Толық үш жыл.
– Патшаның сыйақысын қоспағанда, осы жылдар
ішінде қанша ақша жинадың?
– Үш алтын тиын.
– Өзіңді көп нәрседен тыю арқылы жылына бір ал-
тын тиыннан ғана жинай алдың ба?
– Дәл солай.
– Демек, елу жыл бойы жұмыс істегенде бар-жоғы
елу алтын тиын жинар едің.
– Бұл дегенің – бір адамның ғұмыры ғой.
– Қарындасың қалай ғана күйеуінің саудагер бо-
лып көруі үшін сенің елу жыл бойы ауыр еңбекпен
жинаған алтыныңды желқайыққа салып жібереді?
– Айтқандарыңды оған түсіндіре алсам, ұшқары
ойынан қайтар деп сенемін.
– Ендеше, оған бар да былай деп айт: «Үш жыл
бойы таң азаннан қара кешке дейін ерінбей еңбек ет-
тім. Көп жан қалауымды былай жиыстырып қойған-
ның өзінде жылына бір алтын тиыннан ғана жинай
алдым. Сүйікті қарындасымсың, күйеубаланың да
өзі қолға алған істен нәтиже шығаратынына тілек-
теспін. Ол Матон досым қолдайтындай нақты әрі
мақсатты жоспарын айтсын, сонда бір жылғы жи-
нағымды қиналмай берейін, ол қолынан іс келетінін
көрсетсін». Дәл осылай, айтқанымдай істе. Егер онда
белгілі мөлшерде жиған-тергені болса, соған сәйкес