8-775-233-72-57 102 шыға алмайтын терең құз екенін, оған құлаудың
оңай, ал шығудың қиын боларын сезбейді.
Егер де жұрт дұрыс ниетпен қарыз алуға келсе,
ондайда теріс айналмаймын. Кезінде өз басым қарыз
алу арқылы саудамен айналыстым ғой.
Дегенмен ойсыз-қамсыз жастар келгенде өсімқор
не істеуі керек? Тығырықтан шығар жол таппай,
қиналып жүргені көрініп тұр. Қарызды өтеуге тіпті
талпынбайды да. Баласына көмек қолын созған әке-
нің жері мен малын иеленіп кеткім келмейді.
– Маған көп қызықты әңгіме айттың, – деді
Родан. – Бірақ өз сауалыма жауап естімедім ғой.
Күйеубалама елу алтын тиын бергенім жөн бе? Ол
ақша маған сондай қымбат.
– Қарындасың абыройлы әйел, оны өте сыйлай-
мын. Оның күйеуі маған келіп, қарызға елу алтын
тиын сұраса, сол қарызға алған алтынды қалай іске
жаратпақ екенін алдын ала біліп алар едім.
Егер ол да өзім секілді саудамен айналысып, асыл
тастар мен қымбат жиһаз сатуды ойластырса, мы-
надай сұрақ қояр едім: «Сауда жөнінде не білесің?
Тауарды ең арзан бағаға сатып алатын жерді біле-
сің бе? Арзандау алып, қалай қымбатқа сатасың?»
Қалай ойлайсың, ол осы сұрақтарға жауап бере ала
ма?
– Жауап бере алмас, – деп келісті Родан. – Ол бар
болғаны маған найза жасауға көмектесті ғой.
– Онда оған жоспары әлі шикі екенін айтар едім.
Саудагер қолға алар ісін толық зерттеуі керек,
ал оның ниеті қиял ғана, ол әлі нақтыланбаған.
Қысқасы, оған алтынды бермес едім.