Вавилондағы ең бай адам-реклама indd



Pdf көрінісі
бет91/164
Дата07.04.2022
өлшемі6,68 Mb.
#30165
түріМазмұндама
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   164
Байланысты:
2 5355048207715931999

8-775-233-72-57
100
Родан қолына асыл тастармен әшекейленген сал-
мақты алтын білезікті ұстап тұрып:
– Мына кепілзат туралы айтып берші, – деп өтінді.
– Досыма әйелдер ұнайтын сияқты, – деп мырс 
етті Матон.
– Қанша дегенмен сенен әлдеқайда жаспын ғой, – 
деп Роданның есе жібергісі келмеді.
– Оны мойындаймын-ау, бірақ сен бұл жолы ро-
мантикалық оқиғаны жоқ жерден іздеп отырсың. 
Бұл білезіктің иесі – толық, бет-жүзін әжім айғыз-
даған әйел, оның көпіріп, көп сөйлейтіні жыныңды 
қоздырады. Бір кезде оның ақшасы қалтасына сый-
майтын. Бір ұлы бар, соның саудагер болғанын қа-
лайды. Сондықтан ол алдыма келіп, алтын сұрады. 
Мақсаты – ұлын қалаларды аралап жүріп, айырбас 
сауда жасайтын керуен қожайынына үлескер етіп 
қосу. Бірақ керуен қожайыны алаяқ болып шықты
байғұс жігіт ұйқыда жатқанда оятпай, өздері ер-
телетіп жолға шығып, бір қалада ақшасыз әрі дос-
жарансыз жалғыз тастап кетіпті. Әлгі жігіт есейіп
жетілген кезде мүмкін қарызын қайтарар. Қазірше 
еститінім – тек қана уәде. Алайда мына асыл тастар-
дың қарыз құнына татитынын мойындауым керек.
– Әйел ақша алардан бұрын сенен ақыл-кеңес сұ-
рады ма?
– Ешқандай. Керісінше, ол Вавилондағы бай 
да ықпалды азаматтың анасы сияқты сөйледі. 
Қарсылық білдірсем, оның жыны қозар еді. Өзіме де 
сол керек. Ол жігіттің әлі шикі екенін білдім, бірақ 
кепілзат ұсынып отырған соң бас тарта алмадым.


«МАЗМҰНДАМАНЫҢ» КІТАПТАРЫНА 
ТАПСЫРЫС БЕРУ ҮШІН 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   164




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет