Қай жері ауырады? (тӛс артында, кеуденің сол жақ жартысында).
Таралуы; Қалай ауырады?
Ауыру себебі?
Қаншаға созылады және осындай жағдайлар бұрын болған ба?
Немен тоқтатылады? Стандартталған науқас (әрі қарай - СН) ӛзіндік қимылдарды кӛрсете алады – Левин симптомы: галстукты созу типі бойынша тӛстің бойымен жұмылған жұдырық;
5
Таралуын
Иррадиация (солға және жоғарыға);
6
Ауырсыну сипатын
Қалай ауырады? (ауырсыну сипаты: күйдіре, жаншып, қысып және т.б.);
7
Ауырудың пайда болу
себебін
Ауырудың себебі? (физикалық күш, стресс);
8
Ауырудың ұзақтығын
Қаншаға созылады және бұрынырақ осыған ұқсас жағдайлар болды ма? (минуттармен);
Ауырсынуды немен тоқтатады? (тыныштықта немесе нитроглицериннің 2-3 таблеткасын ішкен соң басылады, алайда толығымен тоқтамайды).
10
Қосымша шағы
мдар
Ауыруға тағы не қосылады, тағы қандай симптомдар мазасын алады? (суық жабысқақ тер, ӛлімнен қорқу, ауа жетпеу сезімі, кейде жүрек қағуы және т.б.); Ентікпенің, әлсіздіктің, ұйқысыздықтың, ұйқысының бұзылысы және т.б. болуы.
11
Аурудың нақтылау
анамнезін
Ауру қашан және қалай басталды, немен емделді, ауруханада емделді ме және т.б.
12
Ӛмірлік нақтылау
анамнезін
Ӛмірлік анамнезін нақтылау:
Басқа созылмалы аурулары;
Зиянды әдеттері;
Аллергоанамнез;
Тұқымқуалаушылық;
Жұмысының сипаты және т.б.
13
АҚ ӛлшеу
Науқасқа ӛлшеу іс-шарасын түсіндіру және сұрақтардың бәріне кейінірек жауап беретінін ескерту. АҚ өлшеу
кезінде сӛйлеуге болмайды, себебі бұл АҚ-ға әсер етуі мүмкін. Қысымды екі қолдан да ӛлшеу қажет. АҚ ӛлшеу ережесі мен техникасы: Науқас арқасымен жатқан кезде немесе ыңғайлы қалыпта отырған кезде иық артериясынан АҚ анықталады.
Манжетті жүрек тұсынан иыққа салады, оның тӛменгі жиегі шынтақ бүгілуінен 2 см-ге жоғары тұрады.
Манжет 2/3 бицепсті жауып тұратындай кӛлемде болу керек.
Манжетті кигізген соң, онда күтілетін систолалық қысымнан жоғары мәнге дейін қысым айдалады.
Сосын қысымды біртіндеп түсіреді (2 мм сынап бағаны/сек жылдамдықпен) және фонендоскоп кӛмегімен ӛлшеніп жатқан қолдың иық артериясы үстінен жүрек тондарын тыңдайды.
Пальпациялаумен иық артериясының максимальды пульсация нүктесі анықталады, бұл нүкте шынтақ ойығының үстінде иықтың ішкі беткейінде орналасады.
Стетоскоп мембранасы иық беткейіне тығыз жатуы керек. Стетоскоппен қатты қысып тастамау керек, себебі иық артериясына қосымша компрессия туындатуы мүмкін. Стетоскоп басы манжетке немесе түтікке тимеуі қажет, ӛйткені оларға тиген кездегі дыбыс Коротков тондарын қабылдауды бұзуы мүмкін.
Жүректің бірінші тоны естілетін қысым систолалық АҚ болады.
Жүрек тоны естілмейтін қысымды диастолалық АҚ деп атайды.
14
Артериялық пульсті ӛлшеу
Артериялық пульсті екі қолдан да анықтайды. Артериялық пульсті ӛлшеу ережесі және техникасы: Артериялық пульсті науқастың отырған жағдайында немесе еркін жатуында ірі артерия аймағында анықтайды (кӛбінесе бұл кәріжілік артериясы, бұл бас бармақ жағынан тікелей кәріжілік-білезік буындар алдында білектің тӛменгі үштен бірінде орналасқан).
Науқастың қол басын оң қолмен кәріжілік-білезік буындары аймағынан бос ұстайды.
Бас бармақ шынтақ жағынан орналасқан, қалған тӛртеуі – тікелей кәріжілік артериясында. Қалыпты жағдайда саусақтың астында тамыр соғуы жұмсақ, жіңішке, тегіс және серпімді түтік түрінде сезіледі.
Артерияны орташа күшпен кәріжілік сүйегінің ішкі жағынан басады. Оны қатты басуға болмайды, себебі қысымның әсерінен пульстік толқын жоғалып кетуі мүмкін.
Пульстің негізгі қасиеттері бағаланады: жиілігі, ырғақтығы, кернеулігі (тымырды басқан кездегі қарсылық), биіктігі және толымы. Пульс жиілігін ырғақ дұрыс болғанда анықтайды, пульстің соғу санын жарты минутта есептейді және нәтижені екіге кӛбейтеді. Аритмия кезінде пульстік соғуды толық бір минут ішінде есептейді.
15
Жүрекке аускультация жасау
Систола мен диастола фазаларындағы
дыбыстық құбылысты синхронизациялау үшін сол
қолмен бір мезетте науқастың оң жақ ұйқы
артериясын пальпациялау керек, бұл а
ртерияның пульсациясы қарынша систоласымен әрқашан
сәйкес келеді.