31
тәрбиелеу ісімен шұғылданып, облыстағы дарынды бала-
ларға арналған мектеп-интернаттар, лицейлер, «Назарба-
ев зияткерлік мектебімен» тығыз қарым-қатынаста болып,
ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасап та тұрады. М.Б. Са-
бырдың «Қазақ тілі» оқу құралы (Алматы, «Сөздік-Словарь»,
2002) сұранысқа ие. Жоғары оқу орнына түсуші талапкер-
лерге арналған, тест үлгісіне негізделген бұл кітап талай
жастың студент атануына себепші болды. Кітапта берілген
тапсырмалар шәкірттер мен талапкерлердің білімдері мен
біліктерін бағалауда рөлі зор.
Сөз түйіні. М.Б. Сабыр республикалық және халықа-
ралық ғылыми-теориялық конференцияларға жиі қаты-
сып, ғылыми қауымның алдында өз ой-тұжырымдарын
ортаға салып тұрады. Бергенінен гөрі берері мол түркіта-
нушы ғалым. «Бақшадай жігіт адам көркейеді, ғылыммен
сөз сөйлесе бал секілді», – деп бұрынғылар айтқандай
ғылыммен өскен, ұстаздық пен ғалымдықты үйлестіре
білген белсенді жан.
Достарыңызбен бөлісу: