Верстка аб indd



Pdf көрінісі
бет14/67
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#12696
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67
Байланысты:
Сабыр Мұрат Бөкенбайұлы

Ономастика мәселесі де ғалымды бей-жай қалдырмай-
ды. Оның Ноғайлы жырлары және олардың ономастика-
лық кеңістігі (Ақтан Керейұлы және аймақтық әдебиетта-
ну мәселелері // Респ. ғылыми-прак. конф. материалдары, 
Ақтөбе,  2010.  59-64  б.),  Орал  қаласының  ономастика-
лық  кеңістігі:  бүгіні  мен  болашағы,  тарихи-лигвомәдени 
аспектілері (Мемлекеттік тіл саясаты: жаңа кезең мен жаңа 
міндеттер. ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конферен-
ция, 14-15 қазан. Орал қ. 2010), Батыс Қазақстан облысы 
ономастикалық  кеңістігінің  тарихи-этномәдени  қырла-
ры  «Жер-су  атауларының  тарихы  мен  бүгінгі  жай-күйі»  // 
Республикалық  ғылыми-практикалық  конференция.  Аста-
на,  2013,  55-69  б.)  мақалалары  туған  өлкенің  өзекті  мәсе-
лелеріне  арналған.  Професссор  «Қазақстанның  әр  қаласы 
мен  көшесі,  даласындағы  елді  мекендері  қазақтың  өткені 
мен  бүгінінен,  рухы  мен  мәдениетінен  хабар  беріп  тұруы 
керек. Керек десеңіз әр бұтаның, әр төбенің атауы ұлттың 


26
байлығы.  Сондықтан  да  ономастикалық  проблема  қазақ 
тілінің,  елдің  жанды  жері,  күре  тамыры»  –  деп  тұшымды 
пікірін білдіреді.
Білім  және  ғылым  министрлігі  ұсынған  іргелі  ғылыми 
зерттеулер  қатарындағы  «Түркілік  рухани  мұра  –  әлемдік 
өркениеттің  құрамдас  бөлігі»  атты  ғылыми  жобаның  ая-
сында  2010  жылы  «Таным  таразысы»  атты  ғылыми-зерт-
теу  кітабы  жарияланды.  Кітапқа  М.Б.  Сабырдың  әр  жыл-
дары  жазылып,  әдебиет,  руханият,  түркі  өркениетіне 
арналған  ғылыми-зерттеулері,  түркі  әлеміне  танымал 
тұлғалар  шығармашылығы  туралы  толғаныстары  енгізіл-
ді. Кітап алғысөзінде Абай ат. ҚазҰПУ, «Әдебиеттану және 
тіл  білімі»  ғылыми-зерттеу  институтының  директоры,  фи-
лология ғылымдарының докторы, профессор С.Б. Даутова 
«Түркі әлеміне танымал түркітанушылар Арсен Ибатов пен 
Берікбай Сағындықұлының шәкірті М.Б. Сабыр орта ғасыр 
жазба  ескерткіштерін  зерттеудегі  Қазақстандық  түркітану 
мектебінің көрнекті өкілі ретінде өнімді еңбек етіп келеді. 
Мәдени  мұраларды  танып  түстеуде,  түркілік  өркениеттің 
әлемдік орнын анықтауда жанаша көзқарастар мен ғылыми 
тұжырымдардың маңызы зор», – деп бағалады. Осы еңбек-
тегі тұлғатану тұрғысынан жазған дүниелерінен, ғалымның 
өзіндік көзқарасын танимыз. Мәселен, «Тіл диқаны – Есет 
Жұбанов,  Халел  Досмұхамедов  және  түркітану  мәселе-
лері»,  «Махамбет  Өтемісұлы  хатының  тілдік  сипаты», 
«Махамбет  поэзиясы  тілінің  орта  ғасыр  жазба  ескерт-
кіштеріне  қатысы»  мақалалары  терең  ғылыми  талдау-
ларға құрылған. Осы тараудағы «Қазақ шешендігінің руха-
ни бастаулары және әбіш Кекілбаевтың шешендігі» деген 


27
мақаланың маңызы зор. Автор мұнда алғашқы түп – тамы-
ры көне түркі заманнан бастау алған шешендік өнердің өт-
кен қалыптасу кезеңі мен бүгінгі жай-күйі туралы ой толғай 
келіп «Қазақ шешендік өнері қазақ ұлыстарының бір орта-
лыққа бағынып, нығаюымен жаңа кезеңге көтерілді. Қазақ 
хандығы  құрылуымен  жер  дауы,  жесір  жауы,  ел  қорғау, 
мәмілеге  келу  үшін  елші  жіберу  проблемалары  жоғары 
деңгейге  көтерілген  кезде  қоғамда  ердің  құнын  бір  ауыз 
сөзбен  шешетін  шешенге  деген  сұраныс  туды.  Сондықтан 
қол  бастаудан  да,  көш  бастаудан  да,  қиынның  қиыны  сөз 
бастау екені мойындалды», – деген тұжырым жасайды. Бұ-
дан басқа баспасөзде, ғылыми жинақтарға 2) А.С. Пушкин 
шығармаларындағы шығыстық сарындар. // А.С. Пушкин 
в  культурной  пространсве  запада  и  востока  (материалы 
Международной  научно-практической  конференции), 
Орал, 2006; 3) Қ. Жұмалиев және әдебиет тарихы, әдеби 
тіл  мәселелері  //  Қ.  Жұмалиев  және  қазақ  филологиясы 
мәселелері.  Республикалық  ғылыми-практикалық  конфе-
ренция. Орал, 2006; 5) Шалқар (Х. Есенжановтың 100 жыл-
дық мерейтойына орай) «Орал өңірі» газеті. 10 сәуір, 2008.
Жайық өңірінің зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушыла-
ры шығармашылығын саралаған еңбектері бір төбе. Олар: 
1)  Аққұс  (Ақұштап  Бақтыгерееваның  шығармашылығы 
туралы сыр). Орал өңірі, №134. – 2004; Құнарлы мол құнды 
еңбек (проф. А. Тайжановтың «Тағылымды танымдар» атты 
кітабы туралы ой) «Информ биржа» газеті. №2. 10 қаңтар. – 
2008. 4) С. Шарабасов прозасы тіліндегі лексика-семосиоло-
гиялық айшықтар // Ғалым, ұстаз С.Ғ. Шарабасов және қазақ 
филологиясы мәселелері. Конф. Матер., Орал, 2006, 46-51; 


28
5)  Жайықтың  қоңыр  үнді  қоңырауы  (ақын  А.  Нәріков 
шығармашылығы  хақында)  //  «Инфорум  биржа»  газеті.  – 
Орал.  11  қазан.  –  2007;  6)  Шыңғырлаудан  шыңға  шыққан  
(профессор Ж.А. Манкеева туралы) // Орал өңірі газеті, ма-
мыр, – 2010. т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет