Верстка аб indd


Фразеология және паремиология



Pdf көрінісі
бет12/67
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#12696
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67
Фразеология және паремиология. Ғалым ескерткіштер 
тіліндегі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді зерттеуге 
көңіл бөлген. М.Б. Сабыр зерттеулерінде жазба мұрағаттар 


22
тіліндегі тұрақты тіркестердегі қазақы мотивтер, ұлттық та-
ным-түсінік  анықталып,  тұрақты  тіркестер  тек  екінші  бей-
нелік  атау  емес,  мәдени,  рухани  дамудың  көрінісі  екені 
анықталған. Жазба жәдігерліктер тіліндегі мақал-мәтелдер, 
қанатты,  нақыл  сөздер  бүгінгі  тіліміздегі  баламаларымен 
салыстырыла  зерттеліп,  даналық  ойлардың  жалғастығы 
көрсетілген.  Оның  осы  тұрғыдағы  көптеген  мақалалары-
ның маңызы зор. Атап айтсақ: Орта ғасыр жазба ескерт-
кіштеріндегі  сөз  тіркестері  //  Қазақстан  жоғары  мек-
тебі.  №3.  2002,  249-252  б.;  Мақал-мәтелдер  бойындағы 
сабақтастық  //  ҚазҰУ  Хабаршы.  Филология  сериясы. 
№  9  (71).  2003,  75-77  б.;  Жазба  ескерткіштер  тіліндегі 
ақыл-нақыл  сөздердің  рухани  құндылығы  //  Нұрмұқанов 
оқулары.  Респ.  ғылыми-тәжірибелік  конференция  матери-
алдары. Қарағанды, 2010, 10-13 б. Бұдан басқа осы салада 
жарық көрген «Түркілік мұра: дәстүр және сабақтастық» 
атты  ғылыми-зерттеу  еңбегінің  (ұжымдық  монография, 
Абай ат. ҚазҰПУ, 2012. 114 б), «Орта ғасыр жазба ескерт-
кіштеріндегі  фразеологиялық  және  парамиологиялық 
қордың этномәдени сипаты» (Ж.Исинамен бірлікте; Орал, 
Ағартушы, 2013,198 б.) атты монографиясы өзекті ғылыми 
тұжырымдарға толы.
 Бұл ғылыми зерттеулерде орта ғасыр жазба жәдігерлік-
терінің  тіліндегі  тұрақты  тіркестердің  этномәдени  сипаты, 
мақал-мәтелдердің  кумулятивтік  қасиеті,  фразеологизмдер 
мен  мақал-мәтелдердің  құрылымы  мен  грамматикалық 
сипаты,  қанатты  сөздердің  этнолингвистикалық  мәні  зерт-
телген.  Ескерткіштегі  тұрақты  тіркестер  мен  қазіргі  қазақ 
тіліндегі  тұрақты  тіркестерінің  ұқсастықтарын,  диахрондық 


23
тұрғыдан байланыстылығы, айырмашылықтары сараланған. 
Мақал-мәтелдердің  кумулятивтік  қасиеттері  айқындалып, 
ұрпақ жалғастығы мен ұлт сабақтастығының маңыздылығы 
дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет