П.М. Сулейменов
ИСЛАМҒА ДЕЙІНГІ ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМДЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ТАРИХИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ халқы орта Азия елдерінде мекендеген
түркі тайпаларының
тікелей ұрпағы болып
табылады. Ал қазақ халқына дейін Қазақстан
территориясында (Орта Азияда) көптеген
тайпалар, мемлекеттер өмір сүрді. Қазақстан
жерінен табылған ежелгі адамдардың сүйектері
бұл жерде осыған дейін 3 мың
жыл бұрын да
тіршіліктің болғанына дəлел. Сол кезден бастап
Қазақ жерінде көптеген діни наным-сенімдер
болды. Олардың ішінде тəңіршілдік, шамандық,
ата-баба рухына сену, христиандық жəне
ислам
т.б.
Қазақ даласына ислам діні, арабтардың орта
Азияны бағындыруы нəтижесінде тарала
бастады. Ал осы кезде қазақ жеріндегі тайпа-
лардың бұрыннан ұстанған діндері, ислам дініне
көнуге қиындық əкелді. Өзіне көптеген артық-
шылық беретін ислам дінін мойындаған үстем
тап феодалдарға қарағанда қара халық бұл дінді
бірден қабылдауға қарсы болды.
Олар өздері
сенетін ата-баба аруағы мен шамандық өздерін
аман сақтауға, мал басын көбейтіп соны аман
алып қалуға көмектесетіндігіне сенді. Діни
сенімдегі адамның сенген тылсым күші
шындықтың
өзі емес, тұрмыстың адам тəуелді
болып отырған жақтарының оның санасында
бұрмаланған бейнесі ғана емес, бүкіл дүниеге
жүргізеді деп түсінеді [1].
Біздің заманымыздан бұрынғы кезеңнен
бастап қазіргі кезеңге
дейінгі Қазақстан халық-
тарының діни сенімдерін түсіндіре отырып,
олардың айырмашылықтары мен ұқсастық-
тарын айқындау, Исламға дейінгі діндер мен
ислам дінінің Қазақстан жеріне таралуын жəне
оның тарихын діни
санасының қалыптасуымен
даму ерекшеліктерін терең жан-жақты зерттеуді
қажет етеді. Осы діндер мен сенімдердің қазақ
халқына ықпал ету деңгейі мен дəрежесін
анықтауымыз керек. Ислам дінін қабылдаған
басқа елдер, сияқты қазақтарда да исламға дейін
болған діндермен жəне наным-сенімдермен
тығыз байланысты.
Біз исламға дейін болған тəңіршілдік діні
туралы білеміз.
Ғалымдар оны философиялық
жүйе ретінде қарастырады. Ол өзінің жоғарғы
құдайы бар саяси дін, ал «құдай» (тəңірі)
исламның келуімен қазақтарда Алла (құдай)
сөзімен синонимдес болып табылады. Алға-
шында қазақ тайпалары нəресте жəне ана
қамқоршысы – Ұмай анаға сенген, аруақтарға
сену қазақтарда исламға дейін болды. Құдай ана
Ұмайды көптеген ғалымдар ежелгі үнділік
Умамен салыстырады.
Ұмай терминінің өзі
«жатыр», «бала орны» дегенді көрсетеді. Ұмай
рөлі ең алдымен адам баласының тууы соған
тəуелді
болуымен
сипатталады.
Баланың
дүниеге келуінде Ұмайдың маңыздылығы сон-
ша, мысалы, армиян авторы Каганкатваци албан