Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011
85
___________
1. Аль-Кинди. Объяснение ближней действующей
причины возникновения и уничтожения // Избранные
произведения мыслителей стран Ближнего и Среднего
Востока IX – XIV вв. – М.: Изд-во социально-
экономической литературы, 1961. – С. 115 – 132.
2. Аль-Кинди. Трактат о количестве книг
Аристотеля и о том, чтó необходимо для усвоения
философии //Избранные произведения мыслителей
стран Ближнего и Среднего Востока IX – XIV вв. – М.:
Изд-во социально-экономической литературы, 1961. –
С. 41 – 56.
3. Аль-Кинди. О первой философии //Избранные
произведения мыслителей стран Ближнего и Среднего
Востока IX – XIV вв. – М.: Изд-во социально-
экономической литературы, 1961. – С. 57 – 106.
4. Аристотель. Категории //Аристотель. Сочине-
ния. – В 2-х т. – Т. 2. – М.: Мысль, 1978. – С. 51 – 90.
5. Кант И. Пособие к лекциям. 1800 //Кант И.
Трактаты и письма. – М.: Наука, 1980. – С. 318 – 444.
Б.Қ. Бейсенов А.Р. Игисенова
ШОҚАН УƏЛИХАНОВТЫҢ ДІНИ ІЗДЕНІСТЕРІ
Ағартушылық қазақ мəдениетінде оқу-
ағарту жəне ғылым ісін алға дамытуды мақсат
етіп қойған үрдіс болды. Шоқан Уəлиханов,
Ыбырай
Алтынсарин,
Абай
Құнанбаев,
Шəкəрім Құдайбердиев, Ақмолла Мұхамме-
тиярұлы, Əбубəкір Кердері, Мəшһүр Жүсіп
Көпейұлы,
Нұржан
Наушабайұлы,
Шəді
Жəңгірұлы, Шəкəрім
Құдайбердіұлы, Мақыш
Қалтайұлы, Жүсіпбек Шайқыисламұлы, Тұрма-
ғамбет Ізтілеуов, Мұхамметсəлім Кəшімов,
Ғұмар Қараш сынды ойшылдар қазақ елінің
өркендеуінің жолын іздей отырып,
ілім-білімді
үйрену жолы деп санады.
Бұл дəуірдегі ақындар, ойшылдар мен
зиялылар өз білімдерін медреселерде алып, ел
мүддесі мен руханияты үшін күш-қайратын
жұмсаған қайраткерлер болатын. Қазақ оқы-
мыстылары мұсылмандық шығыс пен батыс
мəдениетінің озық жетістіктерін терең меңгеру
арқылы, ұлттық болмыс пен ұлттық ділдің
ерекшеліктерін тереңінен тану арқылы өздерінің
шығармаларының күш-қуаты
мен рухани
əлеуетін ұлттық-сана сезімді оятуға, рухани
құндылықтарды жандандырып, өрлету жолына
арнады. Қазақтың ойшылдары мен зиялылары
Ресей отарындағы мұсылман халықтарының
көшбасшылары тəрізді,
ислам діні мен құнды-
лықтарын отаршылдыққа қарсы бағытталған
күрестің негізгі тірегі ретінде қабылдады.
Қазақ ағартушылығы қазақ ұлтының бүгінгі
тағдыры мен болашағы туралы толғанып,
халықты рухани ояту жəне келеңсіз мінез-
құлықтан
жаңару
мен
арылу
ұлттық
құндылықтарды баянды ету жолына қызымет
етті. Олар ұлтты бірлік пен ынтымақты тірлігін,
дəстүрі мен ұлттық рухты серпілту тарихи
сананы сілкіндіру,
отаршылдық қанаудан
қорғану мақсатында ұлт руханиятын сқтауды
қасиетті міндет деп санады. Шоқан, Ыбырай,
Абай қазақтың қоғамдық ой-санасындағы
ағартушылық философиясының өкілдері ретінде
қарастырылып келді. Аталған үш ғұламаның
дүниетанымы мен шығармашылығы туралы
Ғарифолла Есім: «Шоқан Уəлиханов, Ыбырай
Алтынсарин, Абай Құнанбаев ағартушылар деп
анықталды, ал шынында бұл үшеуі
жұртқа
ұлттық үлгінің үш түрін ұсынған ойшылдар.
Үшеуі бір ұғымға, бір арнаға сыймайды, ол
үшеуін біріктіріп тұрған бір-ақ мəселе, ол
үшеуінің де жұртқа үлгі ұсынулары» - деп,
көрсетеді [1].
Шоқан Уəлиханов этнология, фольклор,
гоерафия, шығыстану, əскер ісі, өлкетану жəне
тағы басқа салаларда жемісті еңбек еткен, қазақ
мəдениеті мен ғылым тарихындағы көрнекті
тұлға. Шоқанның
көп салалы шығармашылығы
күні бүгінге дейін зерттелу үстінде. Оның
дінтанулық ізденістерін талдау бүгінгі таңдағы
дінге деген қызығушылықтың өсіп отыруымен
байланысты. Шоқанның сан-салалы ғылыми
еңбектерінде дін мен сенім мəселесін де
назарынан тыс қалдырмаған. Шоқан Құсмұрын-
да мұсылманша сауатын ашып, 12 жасында
Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп,
мұнда орыс, француз, неміс, парсы, түркі
тілдерін оқып үйренеді.
Шоқан шығыстың жұлдызы жарық тұлғасы
ретінде туғанхалқының мұрасын зерттеумен
шектелмей, көрші
халықтар мен өлкелердің
рухани мұрасын қамтыған, яғни көптеген ұлттар
үшін кəдеге жарайтын ғылыми еңбектер жазды.
Шоқанның кіндік қаны тамған жері, өмір
белестерінің кей тұстарына қатысты мəселе
лер
шоқантануға бүгінге күнге дейін тала тудырып
отыр. Шоқан ғылым тарихындағы көрнекті
тұлға, қазақ санасын сілкіткен рухани шамшы-
рақ. Қазақ халқының тағдырына біткен жарық
жұлдызы. Сондықтан да Шоқанның еңбектерін
зерттеу мен бағалау, зерделеп, насихаттап бүгінгі
буын үшін маңызды. қазақтық классик жазушысы