Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. №1 (36). 2011 85



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата17.09.2022
өлшемі296,87 Kb.
#39333
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
683-1-1316-1-10-20181031

Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011
87 
атқаратын қызметтері мен ілімдік құндылық-
тары мен құлшылық ету рəсімдерімен ерекше-
ленеді. Машковскийдің пікірінше, ғылым, дін 
жəне магия ортақ мəдени міндеттерді шешуде 
түрлі, бірақ өзара бірін-бірі толықтырушы 
жұмыс атқарады. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалып-
тасқан натурмифологиялық мектеп өкілдері 
діннің басты элементі ретінде мифті (аңыз) атап 
көрсетті. Осы мектептің негізін қалаушылардың 
бірі Я. Гримм заманауи фольклор материал-
дарының негізінде көне аңыз-əпсаналарды 
түсіндіру дəстүрінің негізін қалады. Ол неміс 
халқының діни санасында көрінетін христиан-
дық сенім мен ежелгі наным қатпарларын 
зерттеу жолымен, яғни, «қос сенім» идеясын 
ұсынды. Халық ертегілері, аңыздар, хикаялар 
халықтың ежелгі нанымын шынайы бейнелейді. 
Сондықтан да халықтың поэзиясы, ертегілері, 
əдет-ғұрыптары, ежелгі аңыздар мен діндерді 
түсіндіру үшін негізболып табылады. 
Қазақ халқының дүниетанымындағы ислам-
ға дейінгі наным-сенімдер мен ислам дінінің 
бір-бірімен ұштаса көрінуі жөнінде Шоқан 
былай дейді: «Халық отқа табынып, ал 
бақсылар болса, жын-перілермен қоса мұсыл-
мандардың періштелерін де шақырып, Аллаһты 
да мадақтады. Осылай екі дінді араластыра 
табыну ешқандай қайшылыққа жатпаған, 
қазақтар екеуін де қосып ұстанған»
Екі дінге бідей табыну осы күнге дейін 
нанымдар мен ырымдар ханафиттік мəзһабтың 
бұрынғы əдет-ғұрыптарға жұмсақ қарағын 
демократиялық ұстанымынан жəне ислам мен 
халықтық дəстүрдің үйлесімді үндесуімен 
айқындалады. 
Философ-ғалым 
С.Ақатай 
«Ертеректегі 
қазақтардың дəстүрлі дүниетанымы исламның 
ежелгі наным-сенімдерімен, көзқарастармен 
синкреттікқосындысын көрсетеді. Ш. Уəлиха-
нов мұны екі дінге бірдей табынушылық деп 
атаған» - деп, атап көрсетеді [5].
Осы қос дінділік туралы Б. Ғабдуллин былай 
деген: «Осы екі дінге бірдей табыну қазақтар 
арасында 
Октябрь 
революциясына 
дейін 
созылып келеді, дінге сенушілердің арасында 
бұлардың қалдығы қазірге дейін бар делік» [6]. 
Қазақ халқы ислам дінінің прыздары мен 
иман шартарын, ғұрыптарын орындаған, яғни 
бір жаратушыға табынған, ол исламға дейін 
кəде-жоралар мен ырымдар халықтың салт-
дəстүрі мен мəдени ілкі тек көрінісі болып 
қалады. Бұл өркениетті халықтардың діни 
мəдениеті мен санасында, салт-дəстүрі мен 
əдет-ғұрыптарына тəн белгі. Бір дінді ұстанатын 
халықтар 
арасында 
ұлттық 
ерекшеліктер 
(ұлттық діл, ұлттық киім, тағам, дəстүр, мереке) 
сақталуы бұл əрбір халықтың өзінің ұлттық 
бітім-болмысы мен бет-бейнесін, бірігейлігін 
айқындаушы фактор. 
Философ-ғалым Орынбеков М.С. былайша 
ой толғайды: «Ежелгі наным-сенімдерден 
көшпенділер өздерінің əмбебап рухани негізі 
мен мəнін, тіршілік мақсатын тапты. Қазақ-
стандағы исламға дейінгі барлық нанымдар – 
тəңірлік, шамандық, митраизм жəне зороаст-
ризм өзара сабақтастық мəнін көрсетті» [7].
Қазақ дінтануының негізін қалаушы Шоқан 
қазақ мəдениетіндегі шамандықты алғаш 
зерттеуші ретінде шамандық ұғымы арқылы 
қазақ жеріндегі ежелгі нанам-сенімдерді шартты 
түрде топтастыра талдайды. «Шамандық кез-
келген діннің магиялық практикасы ретінде, 
кейде шеткі иррациональды философия (мыса-
лы, спиртуализм) түрінде көрінеді. Шаманизм 
дербес діни жүйе ретінде емес, кез-келген 
діннің, соның ішінде ежелгі дін формасының 
құрамдас бөлігі ретінде қабылданады. Қазақ-
тардағы бақсы ең алдымен ақын, жыршы, сəуе-
гей, емші жəне көненің көзі» [8].
Шамандық нанымы гетерогенді, яғни 
біртекті емес əр текті. Шамандықта ата-баб 
рухы, жанның мəңгілігі, отқатабыну, затқа-
табыну, тылсым күшке сенім, өмір мен ажал 
туралы түсініктер айшықталған. Философ-
ғалым Орынбеков М.С.: «Бүгінде Қазақстанда 
шамандық халық медицинасы ретінде сақталып 
отыр» [7, c.51.].
Қазақ діни мəдениетінде аузымен шоқ 
шайнаған бақсылар емшілік жəне ғұрыптық 
қызметтер атқарып, халқымыздың руханиятын-
да көне жəдігерлік рəміздер ретінде қалды.
Ш. Уəлиханов «Қазақтардағы шамандықтың 
қалдығы», «Тəңірі» атты еңбектерінде тəңір 
ұғымы мен оның халық дүниетанымындағы 
орнын қарастырады. «Аспан – шамандықтағы 
ең құдіретті жаратылыстың жаратушысы. Көк 
тəңірі – көк аспан деп аталады. Қазақтар 
ұғымындағы бірінші аталатын сын есім «көк» 
көріністі бейнелейді жəне заттық түсінікті 
білдіреді, ал зат есім (тəңір) «көк» атауының 
(синонимі) баламасы» [9]. 
Тəңір діні қазақ жерінде ежелгі наным 
ретінде, көне түркілердің дүниетанымы мен 
əдет-ғұрпында елеулі орнын алды. «Қазақтар 
əуелде Мұхамметті білмей тұрғанда да Аллаһ 
мен тəңіріге бірдей табынып, мұсылман 
əулиелерінің 
басына 
құрбандық 
шалып, 
бақсылардың құдіретіне сенеді, пайғамбар 
ұрпақтары қожаларды да құрмет тұтты. Халық 
отқа табынып, ал бақсылар болса жын-
перілермен қоса мұсылмандардың періштелерін 
де шақырып, Аллаһты да мадақтады. Осылай екі 
дінді араластыра табыну ешқандай қайшылыққа 
жатпаған, қазақтар екеуін де қосып ұстаған» [9, 
47 б.].


88


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет