Вестник кгпи №1, 2017


Мақаланың мәнін ашатын сөздер



Pdf көрінісі
бет2/19
Дата01.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#24656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
І. ЕСЕНБЕРЛИННІҢ «АЛМАС ҚЫЛЫШ» РОМАНЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ АТАУЛАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ТЕҢЕУЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Мақаланың мәнін ашатын сөздер: теңеу категориясы, образ, таби-

ғат, мінез, адам психологиясы, литота, ассоциация. 

 

1. Кіріспе. 

Т.  Қоңыров  теңеулерді  жан-жақты  зерттеп,  өзінің  ізденістерін  «Тұрақты  теңеулер 

сөздігі» атты еңбегінде саралаған. Ғалымның бұл еңбегінің бірінші бөлімі «қазақ теңеулері-

нің  семантика-грамматикалық  табиғатын»  зерттеуге  арналған.  Оның  зерттеуінше,  теңеу 

дегеніміз  – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы си-

патталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, 

сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құ-

ралы. 

Ғалым  теңеулердің  классификациясын  айқындаған.  Профессордың  зерттеуінше,  те-

ңеудің синтаксистік құрылымы мынадай мәселелерді қамтыған: 

- жалаң теңеулер; 

- күрделі теңеулер; 

- толымды теңеулер; 

- толымсыз теңеулер; 

- бірыңғай теңеулер; 

- болымсыз теңеулер. 

Жалаң теңеулер – теңеудің бұл түрі тек теңеу құраушы мүшелердің қосындысынан ға-

на тұрып, белгілі бір заттың яки құбылыстың жалаң суретін жасады. Мұнда күрделі ой жоқ, 

осыған орай бұл теңеуде образ да болмайды. Мысалы: Бөбектей болдық аң-таң, жүрдік сен-

бей. Алғашқы үзіндідегі «бөбектей болдық аң-таң» – осындай теңеу. Мұндағы «бөбектей» – 

теңеудің образы, «аң-таң болдық» – теңеудің белгісі.  

Өзінің  құрылысы  жағынан  күрделі  теңеу  –  жалаң  теңеуге  қарама-қарсы  құбылыс. 

«Мұнда не образ, (көбіне образ) не предмет немесе екеуі де өздеріне бүтіндей күрделі ұғым-

ды негіз етіп алады да, соның нәтижесінде күрделі ойға негізделген, шытырман суретке құ-

рылған, эмоциялық-экспрессивтік әсері күшті теңеулік образдар жасалады», – дейді Т. Қоңы-

ров (Т. Қоңыров, 2007, 395 б.). 

Болымсыз  теңеулерді  талдау  барысында  Қ.  Жұмалиевтің  зерттеулеріне  сүйенген.  Қ. 

Жұмалиев: «Теңеудің ішінде болымсыз теңеу дейтін болады. Бұнда бір затты екінші затқа те-

ңегенде, болымсыз ғана мағына шығарады, мысалы: ол онша әдемі жігіт емес, дегенмен бір 

көруге сиықсыз адам сықылды да емес». Т. Қоңыров Қ. Жұмалиевтің бұл құбылысты дұрыс 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет