да, айдалада жараланған жолбарыстай және т.б.
3. Талқылау.
Табиғат атауына байланысты теңеулерді шебер қолданған жазушылардың бірі – Ілияс
Есенберлин. Ол өзінің «Алмас қылыш» романында табиғаттың ажырамас бөліктері адам мен
жануарлар арасындағы байланысты ашып, адам бойындағы мінезді, оның психологиялық
жағдайын жануарлар әлемімен бейнелі не ассоциативті түрде өте нанымды балай білген. Жа-
нуарлар мен адам бойындағы қасиеттерді салыстырудың өзіндік ерекшелігі мен қыр-сыры
бар. Жануарлардың ауыс мағынада қолданылуын М.Т. Жұбанышқызы былай түсіндіреді:
«Жануарлар атауларының ауыс мағынада келіп, өзіне тән емес ұғымдарда қолданылуын
адамзат баласының тұрмыс-тіршілігінің ұзақ уақыт бойы жануарлар әлемімен тығыз байла-
ныста болып келуімен түсіндіруге болады. Ал дүниедегі алуан түрлі құбылыстар жөніндегі
|