ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ
НАУЧНЫЕ РАБОТЫ
ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРІ
МОЛОДЫХ ИССЛЕДОВАТЕЛЕЙ
91
байқағанын атап өткен. «Бұл теңеуге негіз болатын нәрсе – болымсыздық мағына емес, бір
зат екінші заттың бір-біріне ұқсас яки ұқсас емес екендігі. Басқаша айтқанда, кәдімгі теңеу-
лер заттар мен құбылыстардың өзара ұқсастығының негізінде жасалса, ал, керісінше, болым-
сыз теңеулер заттар мен құбылыстардың ұқсас еместігі негізінде жасалады» (Т. Қоңыров,
2007, 397 б.).
2. Материалдар мен әдістер.
Т. Қоңыров теңеулердің төмендегідей стильдік вариацияларын көрсеткен:
1) метафоралық теңеулер;
2) эпитеттік теңеулер;
3) метонимиялық теңеулер;
4) синекдохалық теңеулер;
5) гиперболалық теңеулер;
6) литоталық теңеулер;
7) градациялық теңеулер;
8) синонимдік теңеулер;
9) антонимдік теңеулер.
Ғалым метафоралық теңеу туралы мынадай ой түйген: «Теңеу дегеніміз – қысқарма-
ған, жайылма метафора: Басқаша айтқанда, әрбір теңеудің көлеңкесінен метафоралық мағы-
на көрініп тұрады. Бұған көз жеткізу үшін төмендегі мысалдарға көңіл аударайық: Исің – гүл
аңқыған, Нұрың – күн шылқыған (Абай); Ажарланып өңдері, Күндей болып жайнаған (С.
Мұқанов).
Алғашқы мысалдағы «нұрың күн шалқыған» тіркесі – таза метафора да, кейінгі мы-
салдағы «өңдері күндей болып жайнаған» конструкциясы – таза теңеу. Осы мысалдардың
алғашқысын: «Исің гүлдей аңқыған, Нұрың күндей шалқыған – деп өзгертуге әбден болады»
(Т. Қоңыров, 2007, 493 б.).
Эпитеттік теңеулер деп отырған теңеулердің түрі қазақ теңеулерінің ішінде көп кезде-
седі. Олардың басқа сөздермен салыстырғанда, өзіндік стильдік өңі, көркемдік тігісі бар. Бұ-
лардың өзіндік ерекшеліктері, әсіресе, олардың эмоционалды-эксперссивтік сапасынан
айқын көрініп тұрады.
Эпитеттік теңеулердің тек өздеріне ғана тән айырым белгілері болады. Ол мынау: ло-
гикалық екпін түскен сөзді образ әр уақытта анықтап, айқындап тұрады. Басқаша айтқан-
да, образ, не предметке, не белгіге көркем анықтауыш ретінде қолданылады.
Т. Қоңыровтың еңбектеріне ғалым А. Бекбосынова сүйенеді. Ол өзінің «С. Мәуленов
өлеңдеріндегі теңеу» атты кандидаттық диссертациясында теңеуге «Теңеу – таным көзі. Са-
лыстыру, ұқсату, теңеу арқылы таным үдерісі арта түседі. Теңеу – адамның бейнелі ойлауы-
ның, әлемді бейнелей тануының және қоршаған дүниені көркем қабылдауының нәтижесінде
қалыптасады» деп анықтама береді (А.Х. Бекбосынова, 2010, 3 б.). С. Мәуленов өлеңдерінде-
гі теңеулерді мынадай категорияларға бөліп қарастырады:
1) этномаркерлі;
2) прецеденттік;
3) сентенция;
4) сенсорлық-перцептивтік;
5) тұрақты;
6) семантика- стилистикалық;
7) метафоралық;
8) эпитеттік;
9) метонимиялық;
10) синекдохалық;
11) гиперболалық;
12) литоталық.
|