Список использованной литературы:
1. Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая степь. М., 1989. – 765 с.
2. Чернявская В.Е. Интерпретация научного текста. СПб., 2004. – 127 с.
3. Вспоминая Л.Н. Гумилева. Воспоминания. Публикации. Исследования. /
Составление и комментарии Воронович В.Н., Козырева М.Г. СПб.: ООО
«Издательство Росток», 2003. – 368 с.
4. Гумилев Л.Н. Хунну – М.: Айрис-пресс, 2004. – 17 с.
57
М.Б. Примбетова
АБАЙДЫҢ АРНАСЫ КЕҢ РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ ӘЛЕМІ
/Қазақтың бас ақыны ұлы Абайдың туғанына 170 жылдығы қарсаңында/
primbetova54@mail.ru
Аңдатпа
Бұл мақалада қазақтың бас ақыны Абайдың рухани танымы жайлы ізденістер
қарастырылады.
Аннотация
В данной статье рассматривается духовно-познавательные стороны
творчества великого поэта казахского народа Абая.
Abstract
This article discusses the spiritual and cognitive side of the great poet of Kazakh
people Abai.
Ұлтымыздың рухани әкесі, поэзия пайғамбары ақын Абай туралы сан алуан
мақалалар жазылып, талай-талай зерттеу еңбектері жарық көрді. Жыл сайын
еліміздің түкпір-түкпірінде Абай оқулары өтіп, дәрістер оқылады. Қара сөздеріне
талдаулар жасалып, ақынның философиялық қыры айқындалуда. Шетелде Абай
есімімен көше аталып, ескерткіштер орнатылуда. Бұл бірінші кезекте Абайдың ұлы
тұлға, қайталанбас кемеңгерлігін жат жұрттың танығаны, танып қоймай
мойындағаны. Бұл мәдениет алмасу ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін мәртебе.
Алайда әр жүректе бір Абай бар. Абай туралы жазу әрі қиын, әрі жеңіл. Күрделілігі
– оның жұмбақ болмысын жан-жақты зерделеу қажеттігі, өйткені Абай - арнасын
тапсаң жарқырай түсетін саф алтындай құбылыс. Жеңіл дейтініміз – ақын рухы
қашанда жанымыздан табылады. Абай халыққа жақын, ұлт жадында.Оның өз
кезінде айтқандары бейнебір бүгінді болжап, көрегендік танытқандай. Қоғамның
қай саласын алсаңыз да өзекті мәселелер жоқ емес, ендеше қандай бір тығырыққа
тірелгенде Абай сөздерімен рухтанып, оның терең танымынан қуат аласың. Тек
Абайды оқу керек, тану ләзім, білген мақұл. Абай әлемі - телегей теңіз. Түпсіз
тұңғиық, адамзаттың ой-танымы, тіпті зиялылардың кісілігі, қарабайыр адамның
пайымы жетпейді. Абай руханияты осынысымен қымбат, шығармашылығы
өміршең.
Абай қалай танылуда, жай қара қазақтың, сол дәуірдегі сауаттылық пен
жаңашылдыққа үрке қарайтын Құнанбай кезеңіндегі Абай қалай ерекше
жаратылды? Бала ақын қалай ұлы ақынға айналды? Оған кімнің немесе ненің әсері
болды? Ақын қалай өз ортасында озық ойлы тұлғаға айналды? Ол қалай ауылдан
алысқа аттап баспайтын көп баланың бірі болып есеймеген? Айталық, әке
дәулетінің арқасында мұңсыз, ойсыз жүріп ержетуге де болар еді ғой?
... кейде бір ұлт, бір халық үшін бір тұлғаның өзі сан ғасырларға жететін
рухани мол мұра қалдырып, өзі өзіне ескерткіш орнатып кетеді. Жоғарыдағы сан
сұраққа осылай уәж айтуға болар. Тарихтан белгілі: ұлылар ұмытылмастай іс
тындырып, ұрпақ үшін ұлағатты өнеге қалдырады. Олардың бірі ғылым саласында,
бірі ұлттық тәрбие, енді бірі өнер-білім саласында өз бойындағы рухани мол
58
мұраны қалдыра біледі. Әлемдік тәжірибеде ұлылардың аты мәшһүр, ал олар
жасаған жан-жақты ізгі істер көпке ортақ. Тіпті ұлылар ұлт таңдамайды, мына ісім
өз ұлтыма, жақын жұртыма деп таяздық танытпайды. Сондықтан көзі қарақты
оқырман, ойы озық зиялылар, өнерді өмірім, білімім болмысым деп жүрген
азаматтар сонау түркі заманынан бастап алыс-жақын, Батыс және Шығыс
елдеріндегі озық ойлы парасатты жандардың рухани мұрасын өз кәдесіне жарата
алады. Айталық, қытай ғұламасы Конфуцийді кім білмейді. Шыңғыс Айтматов
туындыларын кім оқымады. Әмір Темірді кім білмейді. Әлем таныған әл-Фараби
мен Баласағұнды, М.Қашқариды, А.Яссауиды, Ұлықпан хакімді кім мойындамайды.
Осындай даналықтың дәнін сепкен ұлы тұлғалар сияқты біздің Абайды да әлем
таныды, оқыды, білді. Тіпті тамсана оқыды, салыстыра оқыды, ой түйді, пікірлері
мен тұжырымдарын жасады. Міне, нұр сәулесін төгіп, шарапатына бөлеп тұратын
ұлылардың қасиеттері де осынысымен құнды шығар.
Ал Абай, әрбір жүректегі Абай кім? Неге Абай жазбалары сан сұраққа жауап
бере алады. Нендей қасиетімен Абай ұлы суреткерге айналды? Бұл сұрақтарға тек
Абайдың шығармаларына, рухани әлеміне терең бойлап, інжу-маржан сөздерін
іздеу керек сияқты. Сияқты емес-ау, дәл солай. Абайды алғаш сөйлеткен, танытқан,
сынатқан заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов болды және қаламгер
төрт жасында киіз үйдің керегесінен көріп қалған бала кезіндегі ақынның бейнесін
көркем сөзбен сұлу суреттеді. Қай кезде де бала Абайдан дана Абай жасаған шебер
суреткер М.Әуезов есімі Абай атымен қатар аталады. Бұл – «Абай жолы»
эпопеясының құдіреті болар.
Абайдың біздің жанымызға жақындығы сол, ұлы ақын әдебиеттің басты
міндеті адамды дәріптеу, адамды эстетикалық сезімге бөлеу, сөйтіп оны жан-жақты
дамытып, толық адам дәрежесіне жеткізу деп білді. Өз кезіндегі жарты басты
жартыкеш пенделердің толық адам кейпіне енуін көкседі. Халықтың, әсіресе
жастардың білім қууын мақсат тұтты. Сол үшін өз жанын қинады, үстем таппен
алысты, жазаланды, қамықты, қасірет шекті. Өмірінің соңында пайғамбар жасына
жетпей Шыңғыс шатқалын мекен етіп, жалғыз жапа шекті. Оны түсінетін, жан
сырын ұғатын адам аз болды. Саусақпен санаулы достары болмаса, сенікі дұрыс
дейтін кісі жоқтың қасы еді. Абай өзі «әліпті таяқ» деп білгеннен бастап, туған
халқының рухани байлығын молынан пайдалана алды. Онымен шектелмей, бүкіл
адамзаттың игілікті мұрасын да арқау еткен. Соның арқасында Абайдың поэзиясы
мен қара сөздері жалпы адамзаттық мәнге ие бол болды.Абай есімімен
байланыстыра айтылатын дүние мол, сөз жетерлік. Соның бірі – қазақ әдебиеті
тарихында Абайға дейін ешкім фольклорды мақсатты түрде пайдаланғаны. Бұрынғы
поэзиямызда сюжетті шығармалар тек қана эпоста болатын. Батырлар жыры мен
ғашықтық дастандар, шығыстық қисса-дастандар, тарихи өлең-жырлар белгілі бір
сюжет бойынша құрылып, шытырман оқиғаны суреттейтін.
Абай сан қырлы шығармашыл тұлға болып танылды. Айталық, Абай
шығармашылығының ең басты қайнар көзі – қазақтың төл фольклоры. Абай тек ұлт
фольклорын емес, күллі әлем, әсіресе шығыс халықтары фольклоры мен
классикалық әдебиетін де игерген, әрі оны өз шығармашылығына пайдаланған. Ол
Еуропа мен Ресей халықтарының мәдениетін, әдебиетін меңгерді, олардың
сюжеттерімен толық танысқан. Өзінің білгенін қазақ жұршылығына айта білді,
жастар өмірінің мәні махаббат тұрғысындағы кейбір тұстарын алуды ұсынды. Ұлт
59
болашағы жастардың махаббат пен достықтың терең түсінуін армандады.
Өлеңдерінде де, қарасөздерінде де бұл ойларын әсерлі түзе білді. Ақын барынша
жаңашылдықты қолдады. Қатып қалған дәстүрдің озығын алып, тозығын жоққа
шығаруға талпынды. Алайда оны біреу түсініп, енді бірі күле қарады.
Абай көп ізденді. Ол өзінің жас шағынан жақсы білген классик ақындарды:
Фердоуси, Низами, Шейх, Сағди, Хожа Хафиз, Науаи, Физули, Бабурлерді өмір
бойы зор қадірлеп өткен. Ерте кезде оларға еліктеп жазған шығармалары да болған.
Кейін Низами, Науаи жырлаған Ескендір жайын, Аристотель жайын батыс
әңгімелерінен алып қосқан жаңа сарындармен көркейтіп, жыр дастан етеді. Біз сөз
етіп отырған Абайдың фольклорға деген ғылыми көзқарасы, әсіресе «Бесінші»,
«Жиырма тоғызыншы», «Отыз тоғызыншы» қара сөздерінде де байқалады.
Біздер күллі адамзат мәдениетіне, әлемдік әдебиетке айтарлықтай үлес қосқан,
абайтану ғылымының негізін салған, ұлтымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов
шығармаларынан өзінің Абай туралы еңбектерінде дана ақынның өз халқынан және
жалпы адам баласының ой-таным, өнер-білім байлығынан сусындап, нәр алғанын
зерттеулерімізге арқау етеміз. Абайды толық тани түсу үшін ақын шығармаларымен
қатар М.Әуезовтің әлем оқырмандарына танымал эпопея мазмұнынан мол мәлімет
аламыз. Өкінішке орай, барша қазақ осы шығарманы оқып шықты деуге сенбейсіз.
Ал ақын Пушкинді алаштың аға ұрпақтары жатқа біледі.
Ендеше кемеңгер тұлға, поэзия пайғамбары, философ, аудармашы, гуманист,
жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың туылғанына 170 жыл қарсаңында ақын
туралы
толғану
артық
емес.
Ұлтымыздың
мақтанышы
ретінде
Абай
шығармашылығына арналған талай ізгілікке бағытталған игі істерді, мәдени іс-
шараларды ұйымдастыру парызымыз, ол жаһандану жағдайындағы өмір сүріп
отырған ұрпақтың рухани азғындамауына игілікті іс болары анық және ол қажет деп
білеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Абай Құнанбаев. Шығармалар. Екі томдық. –Алматы: Жазушы, 1968.320.
2. Әлімқұлов Т. Жұмбақ адам: Әдеби-сын зерттеу. Алматы: .Жазушы, 1993
3. Абайды оқы, таңырқа .../Құраст. М.Мырзахметов. – Алматы: Ана тілі, 1993
4. Абай. Қалың елім қазағым: Шығармалары. – Алматы, Жалын, 1995
5. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. –Алматы: Ғылым, 1995.-184
6. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. – А., 1998. -720.
7. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. –А., «Ана тілі», 1994 . -192
8. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. –А., Ана тілі, 1995. -272.
9. Уақыт және қаламгер /құраст. З.Қабдолов/. –Алматы: «Жазушы», 1975. -316.
10. Ұлағат. Ғылыми-психологиялық және педагогикалық басылым. –Алматы,
№3/1995. -128.
60
Кульжанова М.А.
Discussion Lesson
THEME OF THE LESSON: “ GOLDEN AGES”
Аңдатпа
Бұл мақалада 10 сыныптағы ағылшын тілі пәнінен практикалық сабақ
жоспары ұсынылған. Практикалық сабақтын мақсаты – сөйлеу дағдыларының,
“Алтын ғасыр” тақырыбы бойынша білім арттыруының қалыптасуы.
Аннотация
В данной статье предложена разработка практического занятия по
английскому языку в 10 классе. Целью практического занятия явилось
формирование навыков говорения на практике, обогащение знаний учащихся по
теме «Золотой век».
Abstract
This article proposes the development of practical classes in English in the 10th
grade. The purpose of the practice session was the formation of speaking skills in
practice, enrich students' knowledge on the topic "The Golden Age".
Objectives : to practise speaking skills, to enrich students’ knowledge on the topic.
Grade: 10
th
“B”
Lesson Plan
I. Introduction.
Tasks & aims of the lesson.
II. Warm- up.
Answer the questions.
III. Brainstorming.
Task to the students.
“What do you associate with the word “Golden Ages” ?
Students write the words, then read them to the partners.
IV. Presentation.
Group Work.
Group 1
They describe this period in Athens.
They point out the main events happened at that time, about the reasons for the
“Golden Ages.”
Group II
“Golden Age” in Florence.
The students tell about the changes happened in that period, the reasons to the
creative outbursts in this city.
They tell about famous painters whose works are still popular now.
Group III
“Golden Age” in London.
The 17
th
century for London was the flowering time of all forms of literature, but the
main explosion of creativity was centered around the theatre.
61
London was undergoing dramatic changes.
Theatres were visited by the rich & by the poor, theatres had to satisfy the demands
of the people.
Shakespeare was the founder of the London theatre. The “Globe Theatre was opened
by Shakespeare.
V. Writing.
Write 5 sentences on the topic: “Great Time for Art & Culture.”
VI. Conclusion.
“The Influence of the “ Golden Ages”
to our present life.
VII. Home-task.
Write an essay on this issue.
Teacher’s introduction.
Tasks & aims of the lesson.
Today we are going to talk about one of the most important period in the world,
about the “ Golden
Ages .“ This period was in Athens, Florence, London & in many other countries &
cities. It is the period of peace, harmony, stability & prosperity. The Renaissance
produced a “ Golden Age” with many achievements in art, literature & science. The
Renaissance was a time of creativity & change in Europe. It was a rebirth of cultural &
intellectual treasures. There was a movement from the old beliefs in the gods & myths
towards the values based on a belief in human nature. Etc.
Presentation.
Group I.
“ Golden Age” in Athens.
Fifth century BC Athens was one of the first societies to have a golden age.
The “ search for truth” was born with philosophers like Socrates, Plato.
Hippocrates,” the father of medicine,” the historian Herodotus began the systematic
study of the world.
Sculpture, painting flourished.
It was all happened in Athens because it could afford it. The city state of Athens was
the great trading centre in the Mediterranean with an empire which provided plentiful food
& other goods. Rich Athenian citizens had plenty of time for leisure & culture as most
work in the city was done by slaves & much business & trade was conducted by
foreigners. Socially, Athens was in a period of transition between a conservative,
aristocratic society & an urban, commercial society in which citizens were equal by law.
Athens became the first direct democracy& major political decisions were taken by large
numbers of citizens. At the same time , Athens society was moving away from the old
beliefs in the gods & ancient myths towards values based on a belief in human nature.
Group II
“golden age” in Florence.
In the 15
th
century the Italian city state of Florence was to undergo a frenzy of
creativity like the cradle of Renaissance. Outstanding painters and sculptors like Botticelli,
Michelangelo, Leonardo da Vinci rediscovered classical traditions. They aimed to create
an ideal form of beauty based on nature. Humanism was an intellectual movement, which
stressed the importance of the individual. Why did this happen in Florence and not in
62
other Italian cities? One reason was that Florence was the richest city, it was a major
trading and industrial city. Florence was in a state of flux between the old, stable medieval
world and a new dynamic commercial world. There was greater social mobility than
before. In Florence developed modern banking and accounting. New merchants and
bankers had money to spend for building magnificent palaces and filled them with
excellent works of art. Finally, there was an open and tolerant climate for artists to work.
Architects revived many ancient Greek and Roman styles.
Group II
“Golden age in London”.
In the late 16
th
and early 17
th
centuries there was flowering of all forms of literature
in London. The main explosion of creativity was centered around the theatre. Humanist
ideas are reflected in works of Renaissance literature. There was an insatiable demand for
new plays, and more than 800 plays were written.
What caused this burst of literary activity to take place? First of all, London was
undergoing dramatic changes. It was growing rapidly. The city was also undergoing an
economic revolution as a centre of commerce. London was the home of the English court
and the aristocracy. Theatres like the Globe grew up to satisfy the demand for
entertainment for rich and poor. The London theatre was big business, and playwrights
and actors like Shakespeare, Jonson were celebrities in their time.
The most famous writer William Shakespeare wrote 37 plays.
His plays reflect the ideas of individualism and unconquerable human spirit. The old
beliefs in the gods and ancient myths towards values based on a belief in human nature.
V. Conclusion.
So what was the key to the creative outbursts of these cities ?
First of all, Athens & Florence, London were all important trading centers with
money to be spent on culture. They are acted as cultural magnets, attracting talented
individuals from far and wide. Above all, they were not stable or conservative societies.
All three were dynamic places living through major changes, bursting with new
opportunities & new ideas. These cities were undergone economic changes and there was
greater social mobility than before. Many sculptures, artists & writers were drawn to the
cultural magnet of the city from all over Europe. In this way, these cities played an
important role in the explosion of creativity that flourished in this period.
Приложения
63
Golden age in Greece and Italy
Малгаздарова Б.Е.
ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аңдатпа
Бұл мақалада шешендік сөздердің оқытудың маңыздылығы көрсетілген.
Мұғалімдердің басты мақсаты - шешендік сөздерді тәрбие құралы ретінде
пайдалана білу туралы айтылған.
Аннотация
В данной статье показана значимость обучения ораторскому мастерству.
Также говорится об основной задаче преподавателей - умении использовать
ораторское искусство в качестве воспитательного средства.
Abstract
This article shows the importance of learning public speaking skills. Also refers to
the main task of teachers - the ability to use rhetoric as educational tools.
Халқымыз «сөз қадірін білмесең, өз қадіріңді білмейсің», «шешеннің тілі
қылыштан өткір, қылдан нәзік» деп сөз өнерін қадірлесе, Ахмет Йасауидің «Өлмей
64
тұрып, тірі өлдім» деген сөзі халқымыздың «тіл-ерді қабырға салады, нарды қазанға
салады» деген нақылын дәлелдей түседі. Шешендер тілге тиек еткен мақал, нақыл
сөздердің түп-төркіні тілдің даму эволюциясымен тікелей байланысты. Қазір де ұлт
тілінің дамып қалыптасуында үлкен рөл атқарады.Өткенді біліп, өшкенді жандыру –
парасаттылықтың белгісі.
«Дәуірлердің қателігін түзетіп, Дана уақыт өтіп жатыр сырғанап» деп
Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бүгінгі өмір талабына сәйкес рухани
қазыналарымызға жаңаша қарап, рухани танымдық, тәрбиелік маңызына қарай
оларға әділ баға берілуде. Рухани мұраға сүйенбеген елдің жұлдызы жанбайды
демекші, заман ағымы талап етіп отырған ата-бабаларымыздан қалған әдеби
мұраларды, халқымыздың өсиеті мен өнегесін дәріптеп, ұрпаққа үлгі етіп ұсыну
басты мақсатымыз болғаны абзал. Халқымыздың сөз өнерінде жансызға жан бітіріп,
адамның сезіміне әсер етіп, сендіріп, нандырып, ұйытып сөйлейтін талантын,
шындыққа жүгінетін, сөзге тоқтайтын қасиетін, астарлы сөз, ұтымды ой,
философиялық парасат иесі болғандығын танытатын шешендік өнерді оқыту аса
жауапкершілікті қажет етеді. Ұлтымыздың ерте кезден-ақ өлең-жырға шебер,
сөйленер сөзге талғампаз,шешендікке бейім екенін оқып білген оқушылардың
шешендікті үйренгісі келетін талабын байқатады.
Тарихымызды білмей тұрып, болашақты болжай алмаймыз. Оқушыларға туған
халқының тарихын білу міндет екенін ұғындырып, сол тарихи -әдеби мұраның бірі
–шешендік сөздер екенін қазақ әдебиеті сабағында ерекше айтамыз. Қазақ
халқының оқымаса да ойына тоқығаны көп екенін Батыс Еуропаның түрік тілдерін
зерттеушілері әлдеқашан-ақ әлемге паш еткенін оқушы білсе, өз ұлтына, тіліне
деген сүйіспеншілігі арта түспек.
Қазақтың шешендік сөздері бата-тілектен бастап, бүкіл айшықты, өнегелі өсиет
сөздерді қамтиды. Шешендік сөздер – атадан балаға аманат болған, ұрпақтар
сабақтастығын сақтаған алуан түрлі оқиғалардың нәтижесіндетуған терең ойдың
қорытындысы. «Өнер алды – қызыл тіл» деп түсінген ата-бабамыз «сөйлей білу,сөз
қадірін түсіну де өнер» деп бағалаған. Сондықтан қазіргі жаһандану заманында
халық арсында айтылып келген ұлағатты сөздерді ұмытпай, сол асыл қазынамызды
оқушыға жеткізу, сөздің қадір-қасиетін таныту, ең бастысы, шешендік сөздерді
тәрбие құралы ретінде пайдалана білу – мұғалімдердің маңызды міндеті.
Өнердің ең жоғарғы түрі, ең дарындысы, ең данасы – халық өнері, яғни халық
жасап сақтаған, халық ғасырлар бойы өңдеген өнер екендігі күмәнсіз.
Халқымыздың даналығы мен дәстүрлі шешендігі ғасырлар бойы халық сынынан
өткен құнды мұра, асыл қазына болып табылады. Сондықтан оның қазіргі ұрпаққа
берері мол. Сөзді дұрыс қолдану, орынды жұмсау, тіл тазалығын сақтау- қазіргі
жастар үшін керек-ақ. Патшаның тағынан шешеннің бағын жоғары бағалап, сөз
өнерін бүкіл өнердің бастауы деп таныған халқымыздың даналық қасиетін терең
түсінуге жол көрсетсек, оқушының құпия да қызықты сөз құдіретінің тылсым
сырларын тануға ден қояры анық.
65
Ж. Т. Нурканова
Достарыңызбен бөлісу: |