Пайдаланылған әдебиеттер:
1
Стюфляева М.И. Образные ресурсы публицистики. – М.: Мысль, 1982. – 176 с.
2
Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы: Санат, 1997. – 224 б.
106
3
Абрамович Г.Л. Введение в литературоведение. – М.: Просвещение, 1965. – 364 с.
4
Сергалиев М., Нургожина Ш.И. Эмоционально-экспрессивная лексика казахского
разговорного языка. – Алматы: Мектеп, 1995. – 171с.
5
Балақаев М. Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1965. – 168 б.
6
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ғылым, 1987. – 288 б.
7
Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы: өңделіп толықтырылған екінші басылымы. –
Алматы: Мектеп, 1998. – 146 б.
ӘОЖ 811.512.122:378 (574)
Қанафиева Күләнда Қабылсейітқызы
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАЛЫҚ БЕЙНЕСІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада автор тілдік тұлға ұғымына, әртүрлі ғалымдардың
берген анықтамаларына қысқаша тоқталады. Заңгер студенттердің тілдік тұлғалық
моделін ұсынады. ЖОО-да тілдік тұлға қалыптастыру мәселелеріне тоқтайды, тілді меңгеру
сатыларын, сондай-ақ лингвопсихологиялық жақтарын сөз етеді.
Тірек сөздер: тілдік тұлға, заңгер студенттің тілдік тұлғасы, сөйлеу әрекеті, тілдік
тұлға қалыптастыру
Аннотация
В данной статье анализируются теоретические аспекты понятия «языковая
личность», научные определения. Предалагется модель языковой личности студента-юриста.
Освещаются вопросы формирования языковой личности в ВУЗ-ах, стадии формирования, а
также лингвопсихологические моменты.
Ключевые слова: языковая личность, языковая личность студента-юриста, речевая
деятельность, формирование языковой личности
Summary
The given article is devoted to analysing theoretical aspects of the notion "language
identity", scientific definitions. The article deals with the language identity model of a student of law
speciality. In addition, it describes formation of language identity in higher institutions, stages of the
formation as well as linguopsychological apects.
Key words: language identity, language identity of a student of law speciality, speech
activity, formation of language identity.
Өзге тілде сөйлеу әрекеті уәждемеден басталып, жүзеге асыру кезеңімен
қорытындыланады. Егер студент материалды жай меңгеріп қана қоймай, жеке басы үшін
маңыздылығын түсінсе, оның әрекетті іштей қабылдап, тіл үйренудегі психикалық
үдерістердің (ойлау, ес, сезім т.б.) қозғалысқа түсуіне әкеледі.
Зерттеуші А.Ж. Мурзалинова сауатты тілдік тұлғаның сөйлеу тілінің мақсаттық
кеңістігін уәждемемен байланыстырып, бірнеше түрін сипаттайды [1].
Өзімен пікірлестер табу уәжі, харизмалық әсер уәжі, интеллектуалдық штурмды іске
асыру уәжі, жоғары сөйлеу деңгейін сақтап қалу уәжі, интеллектуалдық төрешілік уәжі,
жағымды эмоция қалыптастыру уәждері өз ұстанымын жақтаушылар табу ниетіне, аудиторияға
қатысты алғанда сөйлесімде толеранттыққа жетуге, тілдік тұлғаның өз бағасын білуіне,
аудитория алдында басымдылығын сезінуіне негізделеді. Уәж бен мақсатта біріктіретін
адресанттар мәтін арқылы өзінің рухани және интеллектуалдық “мендерін” көрсете алады,
сөйтіп бірін-бірі толықтырушы тілдік қарым-қатынас ұстанымы жүзеге асады.
107
А.Ж.Мурзалинованың пікірі бойынша, сөйлеудің мақсаттық кеңістік контексіндегі
уәждері тілдік тұлғаның саналы түрде сөйлесім жағдайында қатысымдық, сөйлеу, риторикалық
жағынан өзін-өзі жетілдіру үшін қолданылады.
Студентті тілдік тұлға ретінде қалыптастыруда оқу-танымдық және сөйлеу әрекетін
органикалық бірлікте қарау ұстанымын ескеру қажет екенін айтқымыз келеді.
К.Булатбаева тілдік тұлғаның алты түрлі деңгейін көрсете отырып, дидактикалық
аспектіде тілдік тұлға моделіне қалай жетудің жолын ұсынады. Тілдік тұлғаны модельдеу
екінші тілге үйретудің нәтижесі ретінде, ал оқу үдерісін модельдеу адамның дүниені тану,
яғни, ақпараттық-когнитивтік жүйесіне негізделу керек дейді. Екінші тілді үйреткенде
үйренуші сол тілді үйренуге ниеттенген, тілді тұтынушының психологиясын түсініп, өз
ұлтының психологиясымен салғастыратын, тілдесім жағдайында өзін еркін ұстайтын, тілдесім
кезінде тілдің тілдік жүйесіне сүйеніп, сөйлеу әдебін еркін меңгерген тұлға ретінде
қалыптасқан болуы керек деп тұжырымдайды [2].
Қоғамның әлеуметтік сұранысына қарай филолог емес мамандардың тілдік тұлғасын
қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жоғары оқу орындарындағы курстар
кәсіби сипатта дамуда. Сондықтан өзге тілді аудиторияда қазақ тілін оқыту курсы алдымен
болашақ мамандығын ескере отырып, қатысымдық және танымдық қажеттіліктерін өтеу
мақсатын қояды.
Алайда, тілші ғалымдар тілдік тұлға құрылымын жан-жақты ашуға тырысқанымен,
өкінішке орай, педагогикалық аспектіде, мәселен, оқыту үдерісінде тілдік тұлғаны
қалыптастыру мәселесі мүлде аз қарастырылады. Тілдерді үйрету “тілдік” образға икемделіп
келді және осыған орай оқыту моделін жасады. Мұндай оқыту моделі тек тілдің жүйелік
құрылымын ғана ескеріп, жеке тұлғаның, тілдік тұлғаның құрылымына көңіл бөлмеді, сөйтіп
тілді үйренушінің жеке басынан алшақтап кетті.
Педагогикада когнитивтік және социопсихологиялық категорияны енгізу қазақ тілін
меңгеру проблемасын басқа парадигмадан қарауға мүмкіндік береді. Ол үш түрлі амалды да
қамтиды:
1) коммуникативтік-әрекеттік;
2) әлеуметтік-мәдени;
3) жеке-бағдарлы.
Бұл үш амал бір-бірімен тығыз араласып, жымдасып жатыр. ЖОО-да тілді оқыту
коммуникативтік-бағдарлы сипат алатындықтан, біз студенттермен жұмысымызда үш амалды
да қолданамыз.
Тілді меңгерудің сатылана жүруі А.А.Леонтьев, И.А.Зимняяның теориясына сай үш кезеңде
жүзеге асады.
Уәждік-ниет кезеңінде оқытушының рөлі өте жоғары және педагогикалық тілдесім оқытушы
↔ студент сызбасы бойынша жүреді. Бұл деңгейде негізінен перцептивті-өнімді жаттығулар
орындалады. Екінші оқытушы ↔ оқу тобы сызбасы соңғы екі кезеңде жүзеге асады.
Қатысымның өзара әрекеттестік сипаты екінші кезеңде айқын көрініс береді. Бұл кезеңде
өзара білім беру, алу қарым-қатынасы басымырақ. Тілдесім тапсырманы ортақ шешуге – қажет
мәліметті алу, оқу материалын меңгеру, жаңа біліммен қарулануға бағытталған.
Үшінші кезеңде қарым-қатынас студент пен оқытушының өзара әрекеттестігі арқылы ортақ
мақсатқа жетуге жұмылдырылған. Мұндай әрекетте шығармашылық қабілет неғұрлым толық
ашылады: бірін-бірі толықтыра отырып, дамудың жаңа, сапалы деңгейіне жетеді.
Жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде студентті үйрету, оқыту екіжақты сипат
алады. Бір жағынан ол оқу орнының бағдарламасына, жоспарына сәйкес білімді сіңіреді.
Екінші жағынан ол маман болуға әлі “кандидат”. Практикада оқу және кәсіби қызмет екі түрлі
нәрсе. Егер оқу үдерісінде білім тақырып болса, кәсіби қызметте ол белгілі бір міндеттерді
шешудің құралы болады. Жоғары оқу орындарының негізгі мақсаты – студенттерді болашақ
мамандығына, кәсібіне бейімдеу десек, осыған сәйкес оқу-танымдық әрекеттен кәсіби
қызметке бірден, білінбей өтуді жүзеге асыру міндеті айқындалады. Бұл бірден жүзеге
аспайтын тек студентті біртіндеп дайындау нәтижесінде орындалатын мақсат.
Кез-келген іс-әрекетке итермелейтін, қуат беретін қайнаркөз – ол мүдделілік, қажеттілік,
108
мұқтаждық екені белгілі. Мәселен, болашақ мамандығына үйренудегі уәж оның маман болуға
іштей өзін бейімдеуі, мамандыққа қызығуы немесе материалдық мақсатта меңгергісі
келгендігінен болуы мүмкін. Әрекет мәселесін жан-жақты талдаған А.Н.Леонтьев пікіріне
сүйенсек, ол “кез-келген әрекеттің алғышарты әрекет болып табылады. Ал қажеттілік тек
белгілі бір нысана (мақсат) болған кезде анықталады да, ол нысана уәжге айналады” дейді.
Бұдан кейінгі кезең амалдар мен құралдарды пайдалана отырып, жоспарлау, бағдарлау,
іштей өз әрекетін ұйымдастыру кезеңі болып есептеледі. Осы жерде П.Я.Гальперин ұсынған
"сыртқы" әрекеттен "ішкі әрекетке, яғни, ақыл-ой әрекетіне көшу ("интериоризация")
теориясын айта кету керек. Бұл теорияның мәні мынада:
сыртқы материалдық болмыстың психикада бейнеленуі;
белгілі бір әрекеттің алдымен ойда орындалуы.
Ақыл-ой әрекеті өзінің генезисі бойынша материалдық нәрсемен байланысты, оның
бейнесі болып табылады. Кез-келген бір жұмысты атқару
үшін адам оны қалай істеу керек екенін ойлап алады. Шынайы құбылыстың немесе белгілі бір
істің, заттың бейнесі объект ретінде ойда, мида бейнеленеді де, оның іске асуы ақыл-ой әрекеті
арқылы жүреді [3].
Ал үшінші кезең орындаушы, іске асырушы кезең дедік. Әрекеттің іске асуының бұл
жолдарын А.А.Леонтьев былай деп тұжырымдайды: “әрекет уәжден, жоспардан басталып,
белгілі бір нәтижеге жетіп түйінделеді. Ал оның ортасында осы нәтижеге қол жеткізу
жолындағы іс-әрекеттер, операциялар жасалады” [4].
Сөйлеу әрекетінің бұлайша жүзеге асуын біз 1-кестеде көрсетіп отырмыз.
1-сурет – Сөйлеу әрекетінің жүзеге асуы
Тілді үйренуге әрекеттік тұрғыдан қарау А.А. Леонтьевқа тіл меңгерудің кейбір
жақтарын айырып көрсетуіне мүмкіндік туғызды: жағдайға бейімделу, соған орай өз әрекетін
жоспарлау, жобалау, сондай-ақ осы жоспарды орындау, жүзеге асыру және бақылау. Бұдан
шығатын қорытынды: сөйлеу әрекетінің шығармашылық әрекет екенін түсінеміз, яғни тілді
меңгеруді басқаруға болады. Бұл тұжырым біздің зерттеуіміз үшін маңызды болып табылады:
сөйлеудің жалпы интеллектуалдық актідегі орнын, әрекеттің жүру сатысына қарай
құрылымын, прагматикалық сипаттамасын анықтауға мүмкіндік берді. А.А.Леонтьев тілді
меңгеру процесінің үш жағын бөліп көрсетті: әрекеттің бағдары, операция типтері, бағдарына
сай жоспары және осы жоспарды іске асыру мен бақылау.
Адам санасының қалыптасуы тілдің дамуымен бірлікте болады. “Сөйлеу адам әрекетінің бір
түрі, - деп жазады Ф.Соссюр, - біз алдымен тіл ішінде және тіл арқылы өмір сүреміз, … сөйлеу
қабілеті адамды адам ететін бірден-бір ерекше қасиет, … адамның болмысы тілінде”.
Адам өзінің ана тілінде сөйлегенде өзінің әңгімесін саналы түрде құрмайды. Баланың
ана тілін меңгеруі А.Н.Леонтьевтің тілімен айтқанда сол жағдайға “икемделуі” (прилаживание)
арқылы жүреді. Ана тілді үйрену еркін сөйлеуден басталып, сөйлеу формаларын саналы
меңгерумен аяқталса, өзге тілді меңгеру алдымен саналы түрде грамматикалық жүйені,
лексикалық, синтаксистік құрылымдарды қолданудан басталып, содан кейін еркін сөйлеу
уәждемелік
танымдық
мазмұнды-
операциялық
танымдық;
тілдесімдік;
кәсіптік;
түпкі нәтиже
-
энциклопедиялық;
- интерактивтік;
-мәдениетанымдық
- кәсіптік
- лингвистикалық;
- қатысымдық;
- іскери сөйлеу
және жазу әдебі
109
мақсатына жетеді. Бұл заңдылық туралы Л.С.Выготский: “өзге тілді меңгеру ана тілінің
негізінде жүреді” дейді.
Алайда, Л.С.Выготскийдің ана тілі мен өзге тілді үйрену туралы тезисі тым жалпы болып
табылады. Тілді меңгерудегі ана тілі мен бөтен тілдің байланысы әлі де болса, талдауды қажет
етеді. Бұл мәселені біз оқыту үдерісіндегі сөйлеу әрекеті құрылымының өзгеру динамикасына
байланысты түсіндіруіміз керек. Себебі, бірдей тілдік және сөйлеу фактілері тілді меңгерудің
әр түрлі кезеңінде әр түрлі орын алады. Алдымен, нақты, жеке әрекетті түсініп, орындау
міндеті тұрады, бұдан кейін күрделірек операцияларды атқару міндеттеледі, ақырында іс-
әрекет автоматтандырылады. Ең соңғы кезеңде жеке әрекет жалпы әрекетке, яғни қарым-
қатынас, тілдесімге ұласады.
И.А.Зимняя өзінің көптеген еңбектерін өзге тілді үйренудің психологиялық
аспектілеріне анықтауға арнаған. Ол сөйлеу әрекетінің механизмі үш кезеңнен тұратынын
көрсетеді:
Алғашқысы – уәждеменің тууы;
Бұдан кейін – іздену, талдау, қорыту;
Соңғысы – орындау, іске асыру.
Сөйлеуді сыртқа шығарудың бастапқы кезеңі уәждің тууы екенін айта келіп, И.А.Зимняя
осы кезеңге:
а) қажеттілік;
ә) қажеттілік пен ойдың бірлігі;
б) қажеттіліктің эмоциялық көрінісі, яғни қызығушылық, б) еркіне бағындыру;
в) адамның күш-жігері, сезімі, зейіні сияқты тағы басқа психикалық күйінің
қажеттіліктері кіретінін баяндайды [5, 169 ].
Кез келген іс-әрекетке итермелейтін, қуат беретін қайнар көз – ол мүдделілік,
қажеттілік, мұқтаждық. Мәселен, өзге тілді үйренудегі уәж оның тіл үйренуге өзін бейімдеуі,
осы тілге қызығуы немес материалдық мақсатта үйренгісі келгендігінен болуы мүмкін. Осы
мәселе жөнінде А.Н.Леонтьевтің пікірін айта кетейік. Ол “кез-келген әрекеттің алғышарты
қажеттілік болып табылады. Ал қажеттілік тек белгілі бір нысана (мақсат) болған кезде
анықталады да, ол нысана уәжге айналады” дейді [6, 38 ].
Бұдан кейінгі кезең амалдар мен құралдарды пайдалана отырып, жоспарлау, бағдарлау,
сөйлеу әрекетін іштей ұйымдастыру кезеңі болып есептеледі. Осы жерде П.Я.Гальперин
ұсынған “сыртқы” әрекеттен “ішкі” әрекетке, яғни ақыл-ой әрекетіне көшу – “интреиоризация”
теориясын айта кету керек. Бұл теорияның мәні мынада:
- сыртқы материалдық болмыстың психикада бейнеленуі;
- белгілі бір әрекеттің алдымен ойда орындалуы.
П.Я.Гальпериннің «ақыл-ой” әрекеттері теориясы жалпы психологиялық заңдылықтарға
негізделеді.
1.
Бастапқы білім, дағды, ептілікті қалыптастыру Бұл кезең іс-әрекеттің бастаушысы
іспетті. Гальпериннің айтуынша, бұл бағыттың үш түрі бар:
- біріншісі – үлгі бойынша әрекет ету. Iс-әрекетті қалай жүзеге асыру керектігі туралы мәлімет
берілмейді.
- екіншісі – іс-әрекетті қалай жүзеге асырудың жолдары көрсетіледі.
- үшіншісі – жаңа материалға талдау, тірегін табу, тапсырмаларды орындауға жөн сілтеу
секілді әрекеттер жүзеге асады.
2.
Келесі кезеңде әрекет сыртқа шығарылады, яғни “заттық бейнеге” − сызбалар,
кескіндемелер, үлгілер, жазбалар түріне ауысады. Олар үйренушінің көз алдында
болғандықтан, салыстыру, ауыстыру секілді әрекеттерді іске асыруға болады. Ойлау әрекеті
заттық формаға айналғанда ғана деректі ұғымға ие болады. Сондықтан да жаңа әрекетке үйрету
осы әрекеттің бастапқы қалпын тауып, оның шын мағынасын анықтау болып табылады.
3.
Бұдан кейінгі кезеңде тірексіз дауыстап сөйлеу кезеңі. Әрекет оқытушы көмегімен
жүреді.
4.
Одан әрі дауыстап сөйлеуден іштей сөйлеуге, яғни айтатын сөйлемін іштей дұрыс
құруға, оны дайын күйінде сыртқа шығаруға үйренеді.
110
5.
Соңғы кезең – сөйлеу әрекетінің тұрақтану, автоматтану деңгейі.
Біздің жұмысымыз өзге тілде сөйлеу әрекеті – орыс тілді студенттердің қазақ тілінде
сөйлеу әрекетін қалыптастыру болғандықтан, оның ерекшеліктері мен іске асу жағдайларын
қарастырамыз. Коммуникативтік-әрекеттік қажеттілік пен тілдік тұлғаның үш деңгейінің
арасында белгілі бір байланыс орнатуға болады. Бірінші топ адамдар арасындағы байланысты
орнатуға, дамытуға жауап береді және тілдің қарапайым деңгейінде жүзеге асады, вербальді-
семантикалық деңгеймен қанағаттанады. Қажеттіліктің екінші тобы тұлғаның тезаурусын
пайдалану арқылы ақпарат алмасу және өзара бірлескен әрекеттің ортақ бір стратегиясын
жасауды ретке келтіреді. Қажеттіліктің үшінші тобы тұлғаның серігін қабылдауы, түсінуі және
тілдесуіне сәйкес келеді. Бұл қажеттіліктер бірігіп уәждеменің тууына себепші болады.
Біздің ойымызша, педагогика ғылымы тілдік тұлғаны қалыптастыруда тілдік тұлға
құрылымының үш деңгейден тұратынын ескеруі керек:
Біріншіден, вербальді-семантикалық деңгей сөз тіркестері мен сөйлемдердің
стереотипті модельдері, яғни өзара грамматика-прагматикалық, семантикалық-синтаксистік
және ассоциативтік қатынастарды жинақтайды. Оның бірлігі (единицасы) – сөз.
Екіншіден, когнитивтік деңгей стереотиптік негізгі ойларды жинақтайды. Оның басты
элементі – ұғым (идеялар, концептілер) және ол жүйелі, бір тәртіпке келген “әлем
картинасының” айналасына топталады. Бұл деңгей жеке тұлғаның интеллектуалдық жағын
қамтиды. Адамның тіл арқылы, сөйлеу процесі арқылы танымдық, саналылық, білімділікке
келуі жағдайында жүзеге асады.
Үшіншіден, прагматикалық деңгей жеке мақсаты, уәжі, қызығушылығы төңірегінде
жинақталады. Оның негізгі белгісі әрекеттік-қатысымдық (коммуникативтік) қажеттілік. Бұл
деңгей сөйлеу әрекетінің шынайы өмірде іске асуын көрсетеді. Ал Ш.Құрманбаева осы үш
деңгейге лингводидактикалық тұрғыдан келіп, 1-деңгей – қарапайым деңгей: «бағдар +
тілашар»; екінші деңгей - базалық деңгей: «тіл дамыту + тіл ұстарту»; үшінші деңгей - жоғары
денгей: «тіл мәдениеті + тілдік тұлға" [7]. Біз зерттеушінің ұсынысымен келісеміз және оны өз
тәжірибемізде қолданамыз.
Әр тілдік тұлғаның өзіндік танымдық кеңістігі, өзінің білімі және оны қолдану
ерекшеліктері бар. Мысалға заңгердің тілдік тұлғасын алайық. Заңгердің кәсіби қызметінде ең
маңызды құрал – тіл. Заңгер қызметінің сапасы, жұмысының нәтижелілігі, құқық қорғау
орындарының беделі оның тіл сауаттылығы мен сөйлеу мәдениетіне тығыз байланысты. Құқық
тілі – бұл ең алдымен өзіндік терминологиясы бар заң тілі, әр түрлі нормативтік актілердің тілі.
Құқықтық нормаларды қалыптастыру, көптеген процессуалдық актілерде оларды қорғау, бұл
нормаларды азаматтарға түсіндіру барысында заңгер тіл нормаларын жақсы білу керек. Заңгер
тілдік құралдарды әр түрлі қаулыларды, айыптау қорытындыларын, келісімшарттарды
құрастырғанда, сот шешімдері мен үкім шығарғанда, сот процесінде қорғағанда немесе
айыптағанда қолданады.
Біз өзіміздің жұмысымызда тілдік тұлға болып қалыптасу мәселесіне ерекше мән
беретін, тілдік тұлға болып қалыптасуға тырысатын, тілдің орнын, маңызын бағалайтын
болашақ заңгерлер тұлғасын зерттедік.
Адамзат қоғамындағы орны ерекше сала – заң саласы. Құқықтық мемлекетте жеке
адам құқығына ерекше мән берілуі тиіс. Сондықтан жоғары заң оқу орындарында адамның
кәсіби тұлғасына ерекше көңіл бөлінеді. Заңгердің кәсіби қызметінде тілдің орны айрықша. Ол
қоғамдағы қызметін тіл арқылы ғана жүзеге асыра алады. Заңгер маман сөйлеу әдебінің ең
қарапайым нормаларынан бастап оның ереже-қағидаларын өте жақсы білуі керек, ол үшін
тілдік тұлғалық қасиеттерді сіңіру оның кәсібінде үлкен табыстарға жетуінің бір айғағы десек
те болады.Оның негізгі іс-әрекеті – сөйлеу, ауызша сөйлеу және жазбаша сөйлеу.десек, бұл
ақиқат болашақ заңгерлердің уәждемесін қалыптастырудың айғағы болып табылады. Заңгер
әрбір ситуацияда сөйлеу мәнері мен тәсілдерін жандандыра отырып, қажет сөздерді үлкен
шеберлікпен, тапқырлықпен пайдаланады.
Біз болашақ заңгер мамандардың тілдік тұлға ретінде қалыптасуының оқу үдерісінде
қалай жүзеге асатынын қарастырамыз. Оқу материалын меңгеруде әр студент өз үлесін қосады,
білімдерімен, идеяларымен алмасады. Оқу үдерісі достық ахуал жағдайында өтеді. Оқытуда бір
111
пікірдің екінші бір пікірден артықшылығы мойындалмайды. Пікірлесім жағдайында үйренуші
ашық түрде өз ойын ортаға салуға, пікір таластыруға, қарсы пікірлерді салыстырып, бір
шешімге келтіруге үйренеді. Ол үшін сабақта жеке, жұптық, топтық жұмыстар, зерттеу
жобалары, рөлдік ойындар, шығармашылық жұмыстар, пікірсайыстар ұйымдастырылады.
Мұндай жұмыстар заң мамандығында оқитын студенттер үшін өте қызықты болып келеді.
Өйткені заң мамандығының шеңбері өте кең болғандықтан жағдаяттық жаттығулардың түрлері
де алуан түрлі. Оқыту мазмұнына тек кәсіптік бағдар ғана емес, жалпаадамзаттық
құндылықтар, мәдениеттанымдық мазмұн да орын алады. Сонымен, болашақ заңгердің тілдік
тұлғасын қалыптастырғанда қандай өлшемдерді ескереміз. Мұны біз болашақ заңгердің тілдік
тұлғасының моделін 2-суретте көрсетеміз.
2-сурет – Заңгер-студенттің тілдік тұлғалық бейнесі
Студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастыруда олардың сөздік қорындағы,
біліміндегі, жасындағы, кәсіби құзыретіндегі және т.б. айырмашылық кәсіби тілдесімде бөгет
болуы мүмкін екенін есеруіміз керек, себебі білім, лауазым, құзырет тағы басқа қосымша
көрсеткіштер қатысушылардың кәсіби деңгейін көрсетеді. Жақсы коммуникант өзімен қарым-
қатынасқа түсушілердің рөлін, статусын анықтай білуі, соған орай өзінің сөзін үйлестіре білу,
тілдесімнің мәдениаралық ерекшелігін ескере отырып, қажетті тілдік құралдарды пайдалана
білуі қажет.
Студенттердің болашақ мамандығын – сол мамандыққа үйрететін ғылым тілінде де
таза сөйлеуге үйрету қажеттілігі артуда. Біз бұл жерде оқытушы рөлінің ерекше екенін айтып
кетуіміз керек. Оқытушы еңбегінің нәтижесі жеке басының жауапкершілігіне ұласады. Бұл
әлеуметтік қажеттілік қана емес, оқытушының біліктілігі мен шеберлігінің кәсіби
жоғарылауына жол ашады. Оқытушының сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігі сан алуан. Ол
стильдің барлық түрін пайдалана біледі. Әрі сол стиль түрлері қазақ тілді филолог емес
студенттердің тілдік тұлғасын қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытушылар стильдің түр-түрін,
атап айтқанда, егер студенттерге эссе жаздырса, көркем әдеби стилін, газет-журналдан үзінді
келтірсе публицистика стилін, анықтама, ереже не болмаса баяндама жасауда ғылыми стилді,
күнделікті өмірде ауызекі сөйлеу стилін т.б. қолданады.
Шеберліктің белгісі –түрлі әдісті болу, орнында жоқ әдісті табу және қолдану. Жоғары
мектеп оқытушылары әдісті көп білуге тырысуы керек, олардан өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе
есебінде қолдануы тиіс деген ойдамыз. А. Байтұрсыновтың: “әдіс –кезекшіліктен шығатын
лингвистикалық,
интерактивтік,
қатысымдық,
құзыреттілікті
меңгерген тұлға
ауызша және
жазбаша
сөйлеудіеркін
меңгерген тұлға
заң терминдері
мен іскери қарым-
қатынас стилін
меңгерген тұлға
өз білімін, ақпарат
көздерін кәсіби
жағдайда шешуге
қабілетті, белсенді
тұлға
мәдениеттанымдық
құндылықтарды
меңгерген тұлға
Жалпы
адамзаттық
құндылықтарды
сіңірген тұлға
Заңгер-
студенттің
тілдік тұлғасы
112
нәрсе, әдістің жақсы, жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай” деуі өте
орынды деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |