Студент мәтінді оқыған кезде не «істейді?»
Мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерінің ішінде қайсысы тиімді? Мәтіннің көмегімен білім
берудің қандай міндеттерін шешуге болады? Оқыту үдерісінде мәтін қандай қызмет атқарады?
Осы мәселелерді мақаламызда талқылауға тырысамыз.
Қойылған сұрақтарға жауап іздеу үшін негіз ретінде Б.Блумның жетекшілік етуімен
Чикаго университеті ғалымдарының көп жылғы еңбектерінің нәтижесін көрсететін оқыту
мақсатының таксономиясы (топтастыру, жүйелеу) қолданылатын болады. Бұл әдістеме 1956
жылы әзірленсе де, қазіргі уақытқа дейін маңызын жоймай, оқыту үдерісінде ең жиі
қолданылатын тәсіл болып табылады. Б.Блум таксономияның жасалуына қажеттілікті білім
беру саласындағы жүйеліліктің жоқтығымен түсіндірген. Басқаша айтқанда, таксономияның
құрылуына оқыту үдерісінің нәтижелерін қадағалаудың қажеттілігі мәжбүр еткен. Аталған әдіс
психологиядағы бихевиористік бағыттың негізінде әзірленген. Бұл тәсіл «дидактикалық
мақсаттар біздің оқытудан қандай нәтижелер күтетінімізді түсіндіреді. Олар оқыту нәтижесінде
студенттердің ой-өрісіндегі болатын өзгерістерді көрсетеді» [3, 17]. Блум таксономиясын білім
берудің кез келген деңгейінде (бастауыш, орта, жоғары мектепте) және кез келген пәнді
оқытуда қолдануға болады. Блум таксономиясы когнитивтік саланы қамтиды және алты
деңгейден тұрады.
Біз осы мақаламызда Блум таксономиясының тек бірінші деңгейіне ғана тоқталамыз.
Мәтінмен жұмыс істеу кезінде есте сақтау және еске түсіру
Егер оқытушы мен студенттерден оқу үдерісінде мәтінмен жұмыс не үшін қолданылады
деп сұрасақ, олардың жаңа ақпаратпен танысып, материалды жан-жақты меңгеру үшін деп
жауап беретінін алдын ала болжауға болады. Осы міндеттердің Б.Блум таксономиясының
«білім деңгейі» деген бірінші деңгейіне сәйкес келетінін атап өту керек. Бұл деңгей бойынша
студенттер жаңа ақпарат пен оның негізгі идеясы туралы хабардар болулары тиіс, сонымен
бірге оқығандарымен басқаларды таныстыра алулары қажет.
Әрине, қазіргі заманғы кез келген оқытушы мәтінмен жұмыс тек қана есте сақтау мен
еске түсіруге арналған дегенге келісе қоймайды. Олар мәтінмен жұмыс істеу студенттердің өз
бетінше дербес әрі сыни ойлау қабілеттерін дамытып, алған ақпараттарын тәжірибеде
қолдануға көмегін тигізеді деген пікірмен жұмыс істейді. Дегенмен де, біріншіден, мәтінді
оқыған кезде алған ақпаратты есте сақтау мен еске түсіру үдерісі жүзеге асатыны белгілі. Осы
жерде Д.Клустердің: «Информация является отправным пунктом критического мышления, не
результатом его... Как говорится: «нельзя думать с пустой головой». Чтобы сформулировать
сложные идеи необходимо «сырье» – факты, идеи, тексты, теории, данные, понятия» деген
сөздерімен келісеміз [4, 38]. Бұл деректер, идеялар мен теорияларды студенттер бастапқы
кезеңде игеріп, оларға түсінікті болуы керек әрі олар мәтін мазмұнын айтып бере білулері
қажет. Б.Блум таксономиясының қалған бес деңгейінде мәтінмен жұмыс істеу үшін бірінші
деңгейде мұқият жұмыс істелуі қажет, яғни мәтіннің негізгі идеясын, мазмұнын меңгеру керек.
Енді бірінші деңгейде мәтінмен жұмыс түрлерін қалайша түрлендіруге болады,
студенттерге алған ақпараттарын естерінде қалай сақтауға болады деген мәселелерге тоқтала
кетейік. Иллюстративті мысал ретінде мәтінмен ұжым болып жұмыс істеуге арналған
«Мозаика» («Құрақ» – аударған біз, Д.Б.Б.) әдісімен танысуды ұсынамыз.
Бұл әдіс мағыналық жағынан 3-4 аяқталған бөлікке бөлінген мәтінмен жұмыс істеуге
арналған. Мәтін топтағы студент санына байланысты бөлінеді. Егер топтағы студент саны 10-
12 болса, мәтінді 3-4 бөлікке бөлуге болады. Студенттер 3-4 адамнан тұратын бірнеше топқа
165
бірігеді. Топтың әрбір мүшесі мәтіннен тиісті үзінділер (мәтіннің 1/4 бөлігі) алып, мәтін
мазмұнымен жұмыс істейді және оның мазмұнына қатысты сарапшы болады. Өз үзіндісі
бойынша әрбір студент бұл материалмен таныс емес өз әріптестеріне мәтін мазмұнын қалай
жеткіземін деп ойлануы керек. Содан кейін бірдей үзінді алған топ мүшелері өз мәтіндерін
талқылау үшін жаңа топта – «сарапшылар тобында» кездеседі. Мысалы, мәтіннің № 1 үзіндісін
оқыған топ мүшелері жиналып, бір топ құрайды. Егер мәтін 4 бөлікке бөлінген болса,
сәйкесінше төрт сарапшы топ құралады. Сарапшы топтағы студенттерге өз мәтіндерін
талқылауға, түсініксіз сұрақтарға жауап іздеуге, басқа топтағы әріптестеріне мәтін мазмұнын
қалай жеткізуге болатынын ақылдасуға уақыт беріледі. Содан кейін олар өздерінің бастапқы
топтарына оралып, ол топтағы студенттерді өз үзінділерімен таныстырады. Осылайша әр
студент жасалған жұмыс нәтижесінде берілген мәтін бойынша тұтас мәлімет алады. Кейде үйге
берілген мәтін мазмұнын түсінбеген кезде немесе берілген мәтінді оқымай келген кезде осы
әдіспен аудиторияда жұмыс істеткен тиімді болып табылады. Жаңа тақырыптағы мәтін өткен
кезде де тиімді. Оқытушы мәтінді түсіндіре жөнелмей, студенттердің өздеріне ұжым болып
жұмыс істетсе, олардың мәтінді өз бетінше түсінулеріне, оқығандарын сыни тұрғыда бағалап
жеткізе білулеріне жағдай жасайды. Студенттер мәтінді оқып қана қоймай, бөлінген
топтарында мәтін мазмұнын меңгеруге бірлесіп жұмыс істейді. Оқылымның мұндай тәсілі
өзара тәуелді және дербес жауапты ұжымдық оқыту қағидатына құрылады. Топ мүшелері
бір-біріне қажет екендіктерін және мәтін мазмұнын игеру нәтижесіне жеке жауапкершіліктерін
сезінеді. Бұл өз кезегінде құрақ көрпені құрағандай, мәтін үзінділерінің жинақталуына, яғни
мозаиканың әрбір бөлшегінің жиналуы үшін маңызды болып табылады.
«Мозаика» әдісі студенттерге көлемді материалдарды меңгеруге де мүмкіндік береді.
Сабақ барысында оқытушының рөлі де өзгереді. Оған «сахнадағы данышпанның» рөлінен бас
тартып, оның орнына қолдау көрсету, кеңес беру, бақылау сияқты қызметтер атқаруға тура
келеді [5, 16] .
«Білемін / білгім келеді / білдім» әдісі. Тақырыптың мазмұнына кешенді талдау жасау
кезінде тиімді әдіс болып табылады. Бұл әдіс арқылы тақырып бойынша бұрын алған білімін
толықтыруға және оқыған мәтінімен өзінің күткен нәтижесін салыстыруға болады. Осылайша
жұмыс істеу студенттің мәтін туралы бұрыннан білетін немесе мәтіннің әлі де белгісіз
мазмұнын саралап жіктеуіне мүмкіндік береді. Әдісті үш қадамға бөлуге болады.
1-қадам: студенттер мәтінмен танысқанға дейін өз беттерінше немесе топта «Білемін»,
«Білгім келеді» деген бірінші, екінші бағандарды толтырады.
2-қадам: мәтінмен танысу кезінде немесе оқылған мәтінді талқылау барысында
студенттер «Білдім» бағанын толтырады.
3-қадам: қорытынды жасап, бағандар мазмұнын салыстырады.
Қосымша ретінде «ақпараттар дереккөзі», «не ашылмай қалды?» деген тағы да 2 бағанды
ұсынуға болады.
Әр студент мәтінмен танысып, кестені толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау
ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде оқытушы ой қорытуға арналған әзірлеп келген
сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар студенттің оқығанына баға беру, пікірін,
көзқарасын білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Бұл әдіс те алдыңғы тәсіл сияқты
студенттерді ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай
жасайды. Сөз астарын, сөз құдіретін түсінуге бағытталады. Сондай-ақ әдістің тиімділігі –
сабақтан тысқары қалатын студент болмайды, оқылған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып
беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы студенттің тілі дамиды. Осылайша
ұйымдастырылған сабақтар арқылы сауатты оқырман қалыптастыруға болады.
«Кідіріс жасау арқылы тоқтап оқу» әдісі. Түрлі сұрақ қою арқылы оқылымды
ұйымдастыру бұл әдістемелік тәсілдің шартты атауы болып табылады.
Дайындық жұмыстары:
1. Оқытушы оқылымға арналған мәтін таңдайды. Мәтін мынадай өлшемдермен
таңдалады:
- мәтін аудиторияға мүлдем таныс емес болуы тиіс (егер таныс мәтін болса, аталған
тәсілді қолданудың мәні жоғалады);
166
- мәтін оқиғалы сюжеттен тұруы керек;
- мәтін күтпеген жерден аяқталуы тиіс, соңы ашық қалуы керек.
2. Мәтін алдын ала мағыналық бөліктерге бөлінеді. Мәтінде қай жерден кідіріс жасау
қажеттігі белгіленіп, «бірінші кідіріс», «екінші кідіріс» және т.с.с. бөлінеді.
3. Оқытушы мәтінге алдын ала студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамытуға
бағытталған сұрақтар мен тапсырмалар ойластырады.
Оқытушы мәтінмен жұмыс істеу ережесін мұқият сақтауды қадағалай отырып, мәтінді
кідіріспен оқу үдерісін түсіндіреді және ұйымдастырады.
Сыни ойлауды дамытуға бағытталған сұрақ түрлері мынадай болуы керек:
-
«ауыстыру» және түсіндіру (ақпаратты жаңаша түрлендіру, ауыстыру және оқиғалар,
деректер, идеялар арасындағы өзара байланысты анықтау);
-
есте сақтау – алынған ақпаратты білу және ой қозғау;
-
бағалау – алынған ақпаратқа өз пікірі мен пайымдауын келтіре отырып, жеке
субъективті көзқарасын білдіру;
-
жинақтау – алынған ақпаратқа логикалық тұжырым жасау, себеп-салдарлық
байланыстарды қабылдай білу;
-
талдау – болған оқиғаны үзінді түрінде қарастыру, «жалпы» контексті «жекеге» бөлу;
-
қолдану – алынған ақпаратты шынайы өмірде кездесетін мәселелерді шешу үшін
пайдалана білу.
Қолданыс аясы: көркем әдебиеттен үзінділер оқытқанда, ақын-жазушылардың сюжетті
шығармаларын өткен кезде пайдалануға болады.
Ескерту: кідіріс жасап оқуды сыни ойлау технологиясының ой қозғау және рефлексия
кезеңдерінде бұл әдісті басқа да тәсілдермен толықтыра отырып, ал ұғыну кезеңінде мақсатты
түрде пайдалануға болады.
Инсерт (Іnsert) әдісі бірнеше кезеңнен тұрады:
• І кезең. Мәтінді белгілеу жүйесінен тұрады. Мәтінде берілген ақпаратты студенттер
төмендегідей таңбалармен белгілейді:
V «қанат белгісі» студенттердің берілген ақпаратты бұрын білетіндіктерін көрсетеді;
- «минус» таңбасы – олардың білетіндеріне қайшы пікір;
+ «плюс» таңбасы – олар үшін күтпеген жаңалық, қызықты ақпарат;
? «сұрақ белгісі» егер ақпарат түсініксіз болса, көбірек білгісі келгенде қойылады.
• ІІ кезең. Студенттер мәтінді оқи отырып, жекелеген абзацтар мен сөйлемдерге тиісті
белгілерді қояды.
• III кезең. Студенттерге ақпаратты жүйелеп, төменде берілген кестеге өздері белгілеген
тиісті таңбаларымен орналастыруға тапсырма беріледі.
V«қанат
белгісі»
(Бұрыннан білемін)
- «минус» таңбасы
(Басқаша ойлап едім)
+ «плюс» таңбасы
(Мен
үшін
жаңа
ақпарат)
?
«сұрақ
белгісі»
(Түсінбедім, сұрағым
бар)
...
...
...
...
• IV кезең. Кестенің әрбір бағанын талдаудан тұрады.
Қолданыс аясы: үлкен көлемдегі деректер мен мәліметтерден тұратын ғылыми-көпшілік
мәтіндерді, белгілі тұлғалардың өмірбаяны мен шығармашылық жолын өткен кезде
пайдалануға болады. Мұндай тәсіл студенттің талдау жасау дағдысын дамытуға көмектеседі,
материалды түсінгендігін қадағалауға мүмкіндік береді. Инсерт – оқығанын түсінуге, өз ойына
басшылық жасауға, ойын жүйелі білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір мәтіннің соңына тез
жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да студенттер
арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан мәтіннің мазмұнын түсіне алмау, өмірмен
ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған
кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Студенттер білетіндерін анықтап,
білмейтіндерін белгілеп, сұрауға машықтанады. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін
бұрынғы білім арасында «көпірлер» құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыланады.
Инсерт кезеңдері «Ой қозғау – Ұғыну – Рефлексия» кезеңдеріне сәйкес келеді.
167
«Қос жазба күнделігі» стратегиясы. Қандай да бір мәтін, әңгіме оқыған кезде студенттер
дәптерлерінің ортасынан тік сызық жүргізеді. Мәтінді оқу барысында олар сызықтың бір
жағына әсер еткен тұстар мен үзінділерін жазса, екінші жағына пікірін, яғни нені еске
түсіретінін, себеп-салдарын жазады. Барлық студент тапсырманы орындап болған соң жұпта,
топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде оқытушы қорытуға арналған
әзірлеп келген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алынады.
Ойлаумен ұштастыра білім алуға бағыттайтын оқыту технологиясы мәтінді оқу арқылы
студенттердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытатынына көзіміз жетті. Берілген мәтінге сыни
тұрғыдан пікір білдіру, ой толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау студентті жаңа бір әлемнің
жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді, әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Сыни
тұрғыдан ойлау арқылы студенттердің жан-жақты іздену қабілеттері дамиды. Қорыта келгенде,
мәтінмен жұмыс істеу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде
студенттер арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдаудың, өзара сыйластықтың, ынтымақты қарым-қатынастың
негізі қаланады;
- студенттің өзін жеке дара тұлға ретінде тануына жол ашылады;
- студенттің өз ойын ашық, еркін айтуына, пікір алмасуына көмектеседі;
- студент «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланады;
- студенттің өзін-өзі, бірін-бірі бағалауына септігін тигізеді;
- оқытушымен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға мүмкіндік береді;
- мәселені топтағы студенттермен бірге шешу жолдарын іздестіре отырып, қиындықты
бірлесе шешуге көмектеседі;
- белсенді шығармашылықпен ойлауға негіз қаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Халперн Д. Психология критического мышления. Сер. «Мастера психологии». – СПб.: Питер, 2000. –
512 с.
2 Копжасарова У.И., Шакимова А.К. Развитие навыков критического мышления как средство
совершенствования
самостоятельной
деятельности
студентов.
http://www.
rusnauka.com/4_SND_2011/Economics/7_79193.doc.htm.
3 Володарская И., Митина А. Проблема целей обучения в современной педагогике: учебно-методическое
пособие для студентов факультетов психологии государственных университетов. - М.: МГУ, 1989.
4 Клустер Д. Что такое критическое мышление? // Перемена: международный журнал о развитии
мышления через чтение и письмо. – 2001. № 4. -С. 36-40
5 Карпиевич Е.Ф., Краснова Т.И. Задачи и способы организации работы с текстом // Стратегии
академического чтения и письма. Серия «Современные технологии университетского образования».
Выпуск №5. Белорусский государственный университет. Центр проблем развития образования. - Минск:
Пропилеи, 2007. -С. 9-38.
ӘОЖ 811.111’271.1:378.169
Утанова Айзада Құдайқұлқызы
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ БОЙЫНША ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІК
ТАЛАПТАРЫ
Аңдатпа
Жоғары оқу орындарында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі ұлттық бояуы мен
болмысын таныта отырып, білім алушыларға ұлттық тілдің қасиет-сапасын меңгертудің
маңызы өте зор. Бүгінгі студенттің ертеңгі маман ретінде олардың терең білімділігімен
қоса, академиялық сауаттылықты меңгеруінің де орны айрықша болып отыр. Білім
алушыларды тілдің теориясынан басқа, академиялық сауаттылық негізінде практикалық
әрекетке
дайындау,
соның
нәтижесінде
өздерінің
тұжырымын
жасау
мен
қалыптастырудымеңгерту – қазіргі өзекті мәселе болып қала бермек.
Тірек сөздер: ұлттық тіл, меңгерту талаптары, мәдениет көрсеткіші, іскерлік
қарым-қатынас, академиялық сауаттылық, стратегиялық басымдық.
Аннотация
168
В данной статье говорится о значимости обучения учащихся качественным
характеристикам национального языка, а также автор дает описание национальной
специфики государственного языка. Автором отмечается тот факт, что при обучении языку
необходимо не только дать знания будущему специалисту, но и обучить его академической
грамотности. В этой связи, помимо ознакомления с теорией языка, актуальной становится и
подготовка учащихся к практическим действиям, к формированию правильных и
умозаключений.
Ключевые слова: национальный язык, требованию к освоению, культурный
показатель, деловое общение, академическая грамотность, стратегические приоритеты.
Summary
This article refers to the importance of teaching students the quality characteristics of the
national language, as well as the author gives a description of the national specificity of the state
language. The author notes the fact that language learning is necessary not only to educate the future
specialist, but also to teach him the academic literacy. In this regard, in addition to familiar with the
theory of language, is becoming urgent to prepare students to action, to the formation of correct and
reasoning.
Keywords: national language, requirement development, cultural indicators, business
communication, academic literacy, strategic priorities.
Қазіргі уақытта біздің елімізде жоғары оқу орындары үшін оқыту технологияларын
ойластырып, ғылым мен практиканы ұштастыра зерттеу - өз нәтижесін көрсете білген іргелі
салаға айналды. Студенттердің жоғары оқу орнында заманауи оқыту әдістері бойынша білім
алуы – олардың іскер, мемлекеттік тілді сауатты, мәдениетті және жетік білуіне бастар бағыты
болуда. Қазақ тілін жүйелі, жан-жақты оқытудың бір көрсеткіші – тілдік қарым-қатынасты
меңгерту.Ғалым Ф.Ш.Оразбаева тілдік қарым-қатынастың бүгінгі таңдағы орны туралы айта
келіп, оның өзіндік ерекшелігін былайша саралайды: «Тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы
ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры
тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-
әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар
қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді» [1, 178]. Осыдан-ақ байқағанымыздай, тілдік
қатынас тек сөйлесу ғана емес, оның түрлі аспектіде жүзеге асуы.
Ғалым-әдіскер К.Жақсылықова жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін
модульмен оқыту жайлы жазылған зерттеу жұмысында: «Модульмен оқыту жайындағы
түсінігімізді тағы былай толықтыруымызға болады. Біздің ойымызша, модульмен оқыту ішіне
оқытушы, оқушы және оларды біріктіретін оқу ұжымының дербес даму сипаттамасы да енуі
тиіс. Яғни, оқу үрдісінде әрекет жасаушы екі жақтың (оқытушы мен оқушы) танымдық және
тұлғалық деңгейінің жетілуіне, жандануына мүмкіндік жасайтын оқытуды модульмен оқыту
жүйесі деп атау керек» [2, 70]. Бұл зерттеуші модульдік оқытудың ұстанымдары, модуль
бағдарламасы, модульмен оқыту мазмұнын сұрыптау және оны ұйымдастыру т.б. мәселелерді
ғылыми
тұрғыда
қарастырып,
тілді
оқытуда
модульді
қолдану
әдістемесінің
артықшылықтарын саралайды. Педагогика ғылымдарының докторы З.Бейсенбаева тіл білімінің
бір саласы сөзжасамды модульдік технология негізінде оқытуды дәлелдей отырып: «Модульдік
оқыту технологиясының мақсаты – білім бағдарламасының мазмұнын іске асыруға жағдай
жасау; іріленген блок-модуль түріндегі оқу единицаларын игеру арқылы кешенді
дидактикалық міндетті орындау. Модуль – нақты мақсатқа құрылған оқу элементтерінен
тұратын модуль бағдарламасының дербес дидактикалық бірлігі. Оқу элементтері – жеке
мақсатты іске асырудағы оқу материалының дидактикалық бірлігі» деп қорытынды жасайды
[3, 106]. Қазақ гуманитарлық заң университетінде белсенді қолға алынып жүрген модульдік
оқыту жүйесі академиялық сауаттылық саласында да жақсы нәтиже беруде.
Тілдік қарым-қатынасты меңгеру деп сөзді орнымен жұмсау шеберлігін, адамдардың
бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауын айтуға болады. Жоғары оқу орнында оқитын
студенттерге қазақ тілінің тілдік қарым-қатынасын әрі ғылым ретінде, әрі практикалық тұрғыда
169
меңгерту, яғни академиялық сауаттылық негізінде дағдыландыру – мазмұнды, танымды,
біліктілікті артыратын әрі қызықты үдеріс. Лингвистикалық талдаулар негізінде академиялық
сауаттылық берілетін білім мазмұнының көлемін, ұғымдар жүйесін, оларды толық меңгеруге
мүмкіндік беретін теориялық мәліметтер мен дағдыландыратын практикалық жаттығулар
арқылы жүйеленеді. Ол үшін алдымен, студенттердің тілдік құзіреттілігін (қатысымын)
жетілдіру қажет. Қатысым дегеніміз – әрекет. Оның ұйымдастыру амалдары мен нұсқасы
болады. Қатысымдық әрекеттің негізінде сөйлеу және жазу нұсқаларына байланысты тілдік
құралдар анықталады. Әдістемелік әдебиеттерде қарым-қатынас құралдарын сөйлеудің екі
нұсқасымен байланысты нақтылайды. «Олар: ауызша және жазбаша. Ал бұлардың
әрқайсысына тән икемділіктері мен дағдылары, қарым-қатынас әрекетінің құралдары,
сөйлеудің бұл нұсқаларын игерудің өзіндік жолдары бар». [4, 28]. Оқығанын жүйелеп, ғылыми
бағытта дұрыс қолдана білуге жетелейтін академиялық сауаттылықты дамытуда дағдылар
төмендегідей бағытпен жүзеге асады: 1. Лексикалық дағдысын қалыптастыру; 2.
Грамматикалық дағдысын қалыптастыру.
Академиялық сауаттылық – студенттің әдеби тіл нормасын сақтап сөйлеуіне, тіл
мәдениетін меңгеруіне, өз ойын мәнерлі де түсінікті жеткізе білуіне, ғылыми жұмыстарға
қойылатын талаптарды басшылыққа алуды, жазылымның түлді үлгілерін сауатты игеруге
баулитын сала. Бұл бағытқа іскерлік әңгімелер, іскерлік келіссөздер, іскерлік ойындар,
мәселелік жағдаяттарды шешуді де жатқызуға болады. Орындалатын мұндай жұмыстар
студенттердің шығармашылық белсенділігін туғызады, білім алудың жолдарын іздестіруге
мәжбүрлейді. Осы орайда оқытушы мен студенттің өзара сыйластық, ынтымақтастық,
ықыластылық қасиеттері болуы шарт екендігін атап өткіміз келеді. Көрсетілген ұстанымдарды
негізге алатын болса, білім алушылардың академиялық сауаттылық барысында мынандай
дағдыларға ие болуы қажеттілігі туындайды: түрлі пікірсайыстар кезінде шешен сөйлей білуі,
жазылым жұмыстары кезінде өз алдына мақсат қоя алуы, ойды жоспарлай білу, ой
ұшқырлығын дамыта алу, өзінің шығармашылық қабілетін дер кезінде көрсете білулері. Бұл
талаптарды студенттердің жазылым құзіреттілігі арқылы тексеруге болады. Академиялық
жазылымды шағын көлемді талдау десек те болады. Сын және публицистика жанры, қандай да
болмасын проблеманың еркін трактовкасын талқылау да академиялық сауаттылықты
көрсететін белгілер. Бұның мақсаты – кез келген аргументтер келтіріп ұсынылған тақырыпты
жан-жақты көрсету. Жазылым көп идеяны қамтымайды. Егер жазылымның бір бөлігі ретінде
эссені алсақ, ол тек қана ойдың бір ғана нұсқасын бейнелейді және оны дамытады. Эссе жазу
барысында қойылған сұраққа нақты жауап беруге тырысу қажет және тақырыптан ауытқымауы
керек. Эссе қатаң түрде жеке жазылады, бұл жұмысты бірігіп жазуға болмайды.
Эссе нақты сұрақ бойынша жеке әсерді және пікірді бейнелейді және нәрсенің
анықтаушы немесе жан-жақты трактовкасына үміттенбейді. Ереже бойынша эссе бір нәрсе
туралы жаңа, субъективтік боялған сөзді долбарлайды және философиялық, тарихи-
биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік, беллетристикалық сипатта
болады. Эссенің мақсаты өзіндік шығармашылық ойлау және өз ойларын жазбаша мазмұндау
дағдысын дамыту. Эссе жазу өте пайдалы, ол авторға ойды айқын және сауатты
тұжырымдауға, ақпаратты құрылымдауға, талдаудың негізгі категорияларын пайдалануға,
себеп-салдарлық байланыстарды ажыратуға, түсініктерді сәйкесті мысалдармен безендіруге, өз
тұжырымын дәлелдеуге, ғылыми стильді меңгеруге көмектеседі. Орыс ғалымдарында да
академиялық жазылым бойынша бірдей ұстаным бар екенін көреміз: «Требования,
предъявляемые к качеству письменных работ студентов высших учебных заведений,
отличаются от аналогичных требований,предъявляемых в школе. Студентам необходимо уметь
размышлять, ясно излагать свои мысли, формулировать выводы, конструировать параграфы,
связанные между собой и фокусирующиеся на предмете исследования, готовить интересные и
аргументированные тезисы, и т.д. Участвуя в написании различных видов письменных работ
[5, 109].
Академиялық сауаттылықтағы жазылым бойынша қойылған проблеманың мәнін
айқын мазмұндау, қағиданы және аналитикалық талдауларды пән шеңберінде қарастыру, өзі
жүргізген талдауын енгізу, қойылған проблема бойынша ұстанымын қорытатын
170
тұжырымдарды кіргізу талаптарын орындау қажет. Пәннің ерекшелігіне байланысты жазылым
нысаны сараланып жіктелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда бұл зерделенетін проблема бойынша
статистикалық бар мәліметтерді талдау, жаппай ақпарат құралдарының материалдарын талдау
және зерделенетін модельдерді қолдана отырып ұсынылған тапсырманы нақты талқылау,
проблеманы бейнелейтін мысалдарды іріктеу және нақты талдау да жатады. Жазылым
бойынша талап етілетін негізгі шарттар мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |