Тоңазытқышты қасапхана.Бұл малды союға өңдеуге және етті консервілеуге (мұздатуға) арналған механикаландырылған кәсіпорын. Сондықтан онда ет-май ғимараты болады. Онда малды сою, іреу, май, субөнімдер, ішек, тері тұздау цехтары, мұздатқыш және басқа көмекші цехтар бар.
Қасапхана.Ауылдық жерлерде тұтыну кооперациясы арқылы салынады. Қуаттылығы бойынша типтік жобадағы қасапханалар үш топқа бөлінеді, Олар бір айналымда 25, 10 немесе 5-7 сиыр союға арналған. Сонымен қатар мұндай қасапханаларда қойды союға болады. Бұл жағдайда оның қуаттылығы тиісінше 2-3 есеге артады. Қасапханалар малды союға оны мүшелеуге және тері, ішекті өндеуге негізделген
Санитариялық қасапхана. Бұл қасапхана фермаларда ауру малды сою үшін салынады. Қасапхана сою-мүшелеу бөлімінен, салқындату және мұздату камераларынан, ақаулы еттен және бракқа шығарылған мүшелерден малдың азығын дайындайтын бөлімшелерден тұрады. Сонымен қатар мұнда өлексені өртеуге арналған пеш және тері тұздау орны көзделген. Мұнда өлекседен (егер терісін алуға болатын болса) және сау малдан алынған теріні бөлек жинау, тұздауға жағдай жасалуы қажет. Қасапхана ауданы қоршалады. Мұнда жекеменшік малды союға болмайды.