жылқыны міндетті түрде маңқаға тексереді: ол үшін клиникалық тексерумен қатар, етке тапсырардан 2-3 күн бұрын көзге маллеиндеу жүргізіледі. Екінші peт маллеин реакциясымен ет комбинатында сояр алдында тексереді.
малдәрігерлік жарғы бойынша (бруцеллезге, туберкулезге оң реакция беретін малды және аусыл, шошқа обасы және басқа да зарарсыздандырудан кейін етін тағамға пайдалануға болатын аурумен ауырған малды жеке топтар-мен етке өткізуге болады. Олар тек қана мал дәрігерлік басқармаларының рұқсатымен етке тапсыруға жіберіледі. Мұндай малды тасымалдау және оны өткізу, ет комбинаттарында қабылдау тәртібі анықталады.
Малды тасымалдау оның бордақылау кезіндегі қалыптасқан жағдайын өзгертеді. Сондықтан малды тасымалдауға дайындау шаруашылықтарда 10-13 күн (аз дегенде 2-3) бұрын жүргізілуі қажет. Тасымалдауға жататын мал оның жынысына, жасына, тірілей салмағына, қоңдылығына байланысты топтарға бөлінеді. Әр топтағы мал саны оны тиейтін вагонға немесе басқа да көлік сыйымдылығына байланысты болғаны жөн. Мал алысқа тасымалданатын болса, яғни жолда азықтандыруды қажет етсе, малды азыктандыру мерзімі, азық түрі жолдағы азықтандыру мерзіміне сәйкестендіріледі. Мал тасымалдау кезінде жаңа ортаға, азық түріне және басқа да өзгешеліктерге түсетін болғандықтан,шаруашылықта малды алдын ала дайыңдаудың маңызы зор. Малды темір немесе су жолымен тасымалдайтын жағдайда, шаруашылық мал жолда болатын күнге азық қорын әзірлейді Бекітілген күндік нормаға сәйкес сиырдың әр 100 кг тірі салмағына күніне 4,5 кг, ал қойдың әр 100 кг5,5 кг шөп қажет. Мал тасымалдау жене оған дайындау кезінде күніне 2-3 рет азық-тандырылып суғарылады. Тасымалдау кезінде малға көк шөп беруге болмайды. Ол тез бұзылып, малдың ішін өткізуі мүмкін.
Етке тапсырылатын малға қажетті құжаттар дайындалады. Олар малдың сырға нөмірі көрсетілген тізбе, товар-көлік құжаты, N1 мал дәрігерлік куәлік (немесе аныктама). Ал мал бір тәуліктен артық айдалатын немесе темір жолмен тасымалданатын болса, малды қай жолмен айдау, мал суғаратын, демалдыратын жерлер көрсетілген жол қағазы дайындалады.
Малды тасымалдауда жалпы малды, мал өнімдерін бір жерден екінші жерге ауыстыру мал дәрігерлік куәліксіз рұқсат етілмейді. Бұл мал дәрігерінің аса маңызды қүжаттарының бірі. Бұл құжатсыз бірде-бір мал немесе мал өнімдері тасымалдауға жіберілмейді. Мал дәрігерлік куәлік баспада басылған белгіленген формаға сәйкес болуға тиіс. Куәлік шаруашылықтың, мал облыс көлемінен тысқары шығатын болса, аудан-ның бас мал дәрігерінің қолымен расталады. Куәлікті ауданның бас мал дәрігері рұқсат еткен мал дәрігерлері ғана толтырады. Мал дәрігерлік куәлік толтырылғаннан кейін малды тасымалдауда 3 күнге, ал мал өнімдерін тасымалдауда 5 күнге жарайды.
Онда малдың саны, мал шыққан жердің жұқпалы аурудан тазалығы, жүргізілген тексерулер мен ауруға қарсы егу жұмыстарының қайдан жүргізілгені және нәтижесі көрсетіледі. Бракқа шығарылған малды етке тапсырғанда акті толтырылады. Мал тасымалданатын күні, оны мал дәрігері қарап, ішінара дене қызуын өлшейді.
Автокөлікпен тасымалдау. Малды және мал өнімдерін автокөлікпен тасымалдау мал дәрігерлік қызметтің рұқсатымен және оның бақылауымен жүргізіледі. Тасымалдау кезінде мал дәрігерлік жарғының талаптары сөзсіз орындалуы тиіс. Жұқпалы ауру шыққан жерден және мал жұқпалы ауруға шалдыққаны туралы күмәнді болса, оны тасымалдау тек қана мал дәрігерлік басқарманың рұқсатымен іске асырылады. Малды тасымалдауға жіберу үшін шаруашылықтың мал дәрігері немесе ауданның бас мал дәрігері, мал дәрігерлік куәлікті (анықтаманы) толтырады. Мал жөнелтетін шаруашылық, мал дәрігерлік куәлікті автокөлік жүргізушіге, ал бірнеше автокөлікпен малды тасымалдаған жағдайда, автокөліктің бастығына тапсырады. Бұл жағдайда басқа жүргізушілердің жол қағазында мал дәрігерлік куәліктің нөмірі және берілген күні көрсетіліп мөр басылады. Мал дәрігерлік куәлік жол бойындағы мал дәрігерлік тексеру бекеттерінде автоинспектор тексергенде көрсетіледі. Мал тапсыру пунктінде анықтама мал қабылдаушыға тапсырылады. Малды автокөлікпен тасымалдау, темір жолмен тасымалдаудан (әсіресе 600 км дейінгі кашықтыққа) әлдеқайда тиімді.
Теміржолмен тасымалдау. Малды алыс жерге тасымалдау темір жол транспортымен жүргізіледі. Тасымалдау негізінен 300 км800 км(5 тәулік) дейін болғаны тиімді. Бұдан жоғары қашықтық мал организміне кері әсерін тигізеді. Темір жол транспортымен сойыс малымен қатар, малды әр түрлі көрмелерге және асыл тұқымды малды тасымалдау да жүргізіледі. Мал арнайы вагондарымен немесе мал тасуға бейімделген жабық жүк вагондармен тасылады. Арнайы мал таситын вагондар бір қабатты ірі қара тасымалдауға екі қабатты қой және үш қабатты құс тасуға бейімделген.
ТМД елдерінде Алтай вагон жасау заводының мал тасымалдауға арнайы шығарылған вагоны және А.К.Лаврик вагондары кеңінен таралған. Кейінгі кезде Алтай вагон жасау заводы БМДСҒЗИ және БТИЖҒЗИ қызметкерлерінің күшімен жасалған 11-261 және 11-262 модельді арнайы мал тасымалдауға арналған вагондар шығара бастады.
Мал жолда жазды күні тәулігіне кемінде екі рет, ал қыс кезінде бір рет суғарылуы тиіс. Орташа есеппен әр суарғанда жылқыға - 8-12 л, сиырға - 12-15 л, бұзауға - 8-12 л, қой-ешкіге - 1-1,5 л, тауыққа 50-60 мл су қажет. Ал тәулігіне жылқыға - 20-30 л, қойға - 3-4 л су берілуге тиіс.
Мал тиелген вагон тиісті жерге келген соң, ол туралы жергілікті транспорт мал дәрігеріне хабарланады. Ал мал алушы малды тек қанамал дәрігері қарап, ешқандай ауру-сырқауға күдік тумаған жағдайда, барлық құжаттар тексерілгеннен соң қабылдайды. Ал вагон санитарлық тазалауға жіберіледі.
Су жолымен тасымалдау. Малды тасымалдауға ОКСКИИ-25, 33 және басқа теплоходтар пайдаланылады. Негізінен тіркеме баржамен тасу қолданылады. Ірі қараны (сиыр, жылқы) тасымалдауға - 2,5-3м2, ал қойға - 0,75 - 1м2 көлеміндей еден қажет. Малды суару, азықтандыру, мал дәрігерлік бақылау темір жол тасымалдауына ұқсас.
Малды айдау. Кейде ет комбинаттарына мал айдап әкелінеді. Мүмкіншілік болған жағдайда оны далада жайып семіртумен ұштастыру тиімді. Бұл жол бойында жақсы жайылым болғанда ғана мүмкін. Дайындау ұйымдарының мал дәрігерлері сойыс малын айдау алдында мал дәрігерлік тексеруден өткізеді, егеді т.б. тиісті жұмыстары жүргізеді. Айдалатын малды түріне, жасына қарай топтайды. Сиыр табыны 150-200, қой отары 500-1000 бастан тұрады. Топтағы малдың дені сау болуына табын, отар бастығы жауапты. Оның қолына конверттің ішіне салынған табын (отар) ведомосі, мал дәрігерлік куәлік және малды қай жермен айдау керектігін көрсететін жол журналы беріледі, мал дәрігерлік қол аптечкасы тапсырылады. Малды айдау жылдамдығы тәулігіне сиырға 12-15 км, қойға 7-8 км. Жайылым нашар болған жағдайда жылдамдық тиісінше 15-20 және І0-І2 км дейін жоғарылатылады. Әрине, малды айдау жылдамдығы сонымен қатар жер рельефіне, ауа райына байланысты. Малды тәулігіне 2-3 рет суғарады. Су, жайылым жеткіліксіз болған жағдайда су, азық жол-жөнекей тасылып беріледі. Мал дәрігерлік бақылауды арнайы мал дәрігерлік бақылау ұйымдары, жергілікті мал дәрігері жүргізеді. Егер жолшыбай белгілері ұқсас аурумен бірнеше мал ауыра қалса немесе өлсе, малды әрмен қарай айдау тоқтатылады да бұл туралы таяудағы мал дәрігерлік мекемелерге хабарланады. Егер ол жұқпалы ауру деп табылса, мал карантинге қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |