Сабақтың мақсаты: Союға тасымалданатын және сойылатын малға берілетін құжаттармен тансыу
Сабақтың мазмұны: Союға жіберілетін әр малға, мал дәрігерлік заңдылықта көрсетілген тәртіп бойынша мал дәрігерлік куәлік (анықтама) толтырылады. Онда куәлікте көрсетілген барлық мәліметтер, соның ішінде малдың жұқпалы ауруы жоқ мекендерден шыққандығы көрсетілуі тиіс.
Топ (партия) малға бір шаруашылықтан (фермадан) шыққан, бір түлік мал және бір мезгілде, бір куәлікпен жіберілген мал жатады. Шаруашылықта ұстауға, бордақылауға келмейтін, жұқпайтын ауруы, жарақаты бар, бірақ температурасы қалыпты малға акт толтырылады.
Мал кәсіпорынға түскеннен кейін ет комбинатының (құс комбинатының, қасапхананың) мал дәрігері мал дәрігерлік куәліктің дұрыс толтырылуын тексеруге және мал қабылдаушы товароведпен бірге куәлікте көрсетілен мал басы санының сәйкестігін тексеруге міндетті.
1980 жылдың бірінші қаңтарынанбастап "Малды ет шығымы және сапасы бойыншатапсыру-қабылдау, есеп айырысудың бірыңғай ережесі" күшіне енгізілді. Малөңдеу кәсіпорындары қазіргі кезде осыережеге сәйкес жұмысістейді. Ет комбинаттарына түскен мал, тиісті құжаттарытексеріліп, малдәрігерлік байқауданөткізілген соң жасына, жынысына қарай бөлініп, мал санына байланыстықабылданады. Тапсырушы мен келісілген кесте бойынша әкелінген малды ет комбинаты екі сағат ішінде қабылдауға тиіс. Сонан кейін мал әдеттегі тәртіппен союға жіберіледі. Мал сойылғаннан кейін стандарттарға және ұшаны таңбалау ережесіне сәйкес ұша таразыға тартылады, қоңдылығы анықталады. Ұшаның салмағы қоңдылығын анықтау туралы екі дана етіп акт толтырылады. Актінің бір данасы мал тапсырушыға тапсырылады, ол ет комбинатымен тапсырылған мал үшін есептесуге негізгі құжат болып табылады.