Қабырғааралығындағы лимфа түйіндері – қабырғалар мен омыртқа-лардың қосылған жерінде жатады. Лимфаны иық белдеуінің еттерінен, омыртқаларынан, қабырғалар мен қабырға плевраларынан және көкірек қабырғаларының бұлшық еттерінен жинайды. Лимфаны төстің өзегіне құяды.
Мойынның үстіңгілимфа түйіндері- иық буынының алдынғы жағында орналасқан ұзындығы 7-8 см. Лимфаны мойынның терісі мен етінен, шоқ-тықтан, жотасынан, әукесінен, көкірек сүйегінен (8-10-шы қабырғаға дейін) және алдыңғы аяқтың терісі, еті, буыны мен сүйектерінен жинайды. Жиналған лимфаны мойынның оң жақтағы үстіңгі лимфа түйіндері кеңірдек өзегіне құйса, сол жақтағы лимфа түйіндерін төстің өзегіне құяды.