Ветеринария факультеті



бет10/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67
Бақылау сұрақтары

1.Тауықты сою технологиясы түсіндіріңіз


2. Күрке тауықты сою технологиясы түсіндіріңіз
Дәріс №8
Тақырыбы: Үй құстарын сою технологиясының негіздері


Сабақтың мақсаты: үй құстарын сою технологиясының негіздері студенттерге таныстыру.


Қарастырылатын сұрақтар:
1.Үйрек сою технологиясының негіздері
2. Қаз сою технологиясының негіздері
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі:
1.Макаров В.А., Фролов В.П., Шуклин Н.Ф. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства. М., «Агропромиздат», 1991 г.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидалар. Астана 2015ж.


Сабақтың мазмұны: Құсты сою барысында оның толық қансыздануын, бауыздықтың былғанбауын және қауырсынның оңай жұлынуына жағдай жасалуы қажет. Құсты қансыздандыру екі түрлі әдіспен жүргізілуі мүмкін. Бірінші тәсіл ауыз қуысы арқылы бауыздау. Ол үшін, сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен басы төмен қарап, салбырап асулы тұрған құстың құлақ түбінен қысады. Оң қолымен құстың ашық тұмсығы арқылы өткір жіңішке пышақты ауызға енгізіп, таңдайдағы қан тамырларын тіліп жібереді. Сонынен қатар, пышақ ұшымен мишыққа (мозжечок) әсер етсе қауырсынды ұстайтын еттер босайды, яғни кейін қауырсынды жұлу жеңілдейді. Тауық, мысыр тауығы балапандарын қансыздандыру 1,5-2 мин. ал үйрек, қаз, күрке тауықты қансыздандыру 2,5-3 мин. созылады. Бұл әдістің тиімділігі жарақат ауыз қуысында болғандықтан, алынған құс ұшасының тауарлық сапасының жоғары болуында. Ал, кемшілігі миға әсер еткендіктен, онда микробтардың еніп, тез көбеюі және ауыз куысында қалған қанды түгел тазалаудың киындығы, яғни бұл жерде микробтардың көбеюіне мүмкіндік туады да, еттің тез бұзылуына әсерін тигізеді. Бауыздаудың екінші әдісі бойынша, сол қолмен құстың басын ұстап, мойынын сәл бұрайды да, су құстарының құлағынан немесе құрғақтағы құстардың сырғалығынан 15-20 мм төменірек жерден теріні тіліп, артериялық және веналық күре тамырларды кесіп жібереді. Бұл әдіспен құсты сою тез және оңай, сондықтан кұс союды механикаландыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет