Ветеринария факультеті



бет7/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67
Бақылау сұрақтары

1.Сойыс малының жалпы сипаттамасы.


2. Сойыс малдарын бордақылау.
3.Сойыс малдарын тасымалдау түрлері.


Дәріс № 3-4
Тақырыбы: Мал сою технологиясы және гигиенасы.


Сабақтың мақсаты: Әр түлік малды сою технологиясымен, гигиенасымен және еттің тауартануымен студенттерді таныстыру.


Қарастырылатын сұрақтар:
1.Малды сою және ұшалар мен мүшелерін заман талабына сай өңдеу.
2. Малды есеңгірету мен қансыздандыру әдістері.
3.Сойылған малдың өнім шығыны жөнінде түсінік.
4. Еттің тауартануы, ұшаларды таңбалау


Ұсынылатын негізгі әдебиеттер тізімі:
1.Қырықбайұлы С., Телеуғали Т.М. «Ветсансараптау практикумы»,Алматы, 2007 жыл.
2. Макаров В.А., Фролов В.П., Шуклин Н.Ф. Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства. М., «Агропромиздат», 1991 г.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1.Ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидалар. Астана 2015ж.
1 Сойыс малдарын өңдеу кәсіпорындары және оларға қойылатын ветеринариялық санитариялық талаптар
Малды (құсты, қоянды) соятын және одан тағамдық, техникалық, мал азығын, дәрілік өнімдер шығаратын өнеркәсіп орны. Ет комбинатында механикалық және автоматты құрал-жабдықтар қолданылып, санитарлық тазалық жағдайлар қатаң сақталуға тиіс. Өнім шығару мүмкіншілігіне қарай ет комбинаттары бірнеше дәрежеге бөлінеді. Бұрынғы Бүкілодақтық ет өнеркәсібін жобалау нормасына қарай ВНТП 532/739-85 (ет-сүт өнеркәсібі министрлігі, 1985 жылы 27 желтоқсанда бекіткен 0144) ет өңдеу кәсіпорындары әр түрлі көрсет-кіштеріне сәйкес төмендегі топтарға бөлінеді.Ет комбинаттары төмендегі бөлімдерден тұрады: мал алаңы (база); өндіріс цехтары, көмекші цехтар (жылыту, тазалау орындары ж.б.) және кеңсе үйлері, асқана, дәрігерлік пункт т.б. Мал алаңы ет комбинатына түскен малды қабылдауға және оны 1-2 күн ұстауға арналған. Бұл уақытта малдың жалпы жағдайы анықталады (мал дәрігерлік байқау, температурасын өлшеу, маллеиндеу ж.б.), қажетті жағдайда малды демалдырады. Малды көліктен түсіруге арнаулы жер дайындалады. Ал басқа алаңда малды 1-2 күн ұстауға жағдай жасалынуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет