«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы
6В09102-«Ветеринариялық санитария» мамандығына білім беру бағдарламасына арналған АТМСТ 4316 - «ӘР ТҮЛІК МАЛДЫ СОЮ ТЕХНОЛОГИЯСЫ»
студенттеріне пәнінен 4-курс студенттеріне тәжірибелік сабақтарға арналған
Алматы, 2020ж. 1-2 сабақтың тақырыбы. Мал сою мекемелері, ет өңдеу кәсіпорындары құрылымы, жұмысымен танысу
Сабақтың мақсаты: мал сою мекемелері, ет өңдеу кәсіпорындары құрылымы, жұмысымен танысуды оқып-үйрену.
Сабақтың мазмұны:Сойыс малдарын шаруашылықтардан ет өндіріс орындарына тасымалдау аса күрделі де жауапты шаруа. Тасымалдау кезінде мал қоңдылығын төмендетпеу, тасымалдау әсерінен болатын аурулардың алдын алу, малдың жарақаттанбауын қадағалау, тасымалдауға жұқпалы ауруы бар малды жібермеу мал дәрігерінің, шаруашылық қызметкерлерінің басты міңдеті. Малды, құсты ет комбинаттарына ауру-сырқаусыз, шаршатпай жеткізу көптеген жағдайларға байланысты. Оған малдың жалпы жағдайы, малды тасымалдауға алдын-аладайындау, тасымалдау көлігінің түрі, сапасы, малды көлікке тиеу және түсіру, тасу жылдамдығы, жол жағдайы, мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтау ж.б. жатады.
Сойыс малдарын ет өндіру орындарына темір жолмен, автокөлікпен, кейде су жолымен жеткізеді. Республикада тасымалдаудың ең дамыған түрі автокөлікті пайдалану. Сойыс малын тасымалдау мал дәрігерінің бақылауымен жүргізіледі.
Етке тапсырылатын мал жұқпалы аурудан таза шаруашылықтардан шығуы тиіс және дені сау болуы керек: Ол үшін: сойыс малының дене қызуы өлшенеді, жалпы жағдайы тексеріледі және басқа да қажетті жұмыстар жүргізіледі.
жылқыны міндетті түрде маңқаға тексереді: ол үшін клиникалық тексерумен қатар, етке тапсырардан 2-3 күн бұрын көзге маллеиндеу жүргізіледі. Екінші peт маллеин реакциясымен ет комбинатында сояр алдында тексереді.