Ветеринария факультеті



бет21/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
Байланысты:
Ветеринария факультеті

Сорттау және тазалау. Шикі май өңдек цехына мал түріне және анатомиялық шоғырлану жеріне байланысты жеке-жеке жіберілуге тиіс.Бұл кейін майды шыжғыру кезінде майды химиялық, морфологиялық құрылысына байланысты шыжғыру тәртібін анықтауда, яғни жоғары сортты май алуда зор.
Май цехына майды жинау кезінде оны салқын суда ұстайды немесе жайып қояды.
Май шикізатын соңғы турау. Май ұлпаларынан майдың жылдам да толық шығуы үшін, барлық өңдеу түрлерінде де шикі май шыжғырар алдында ұсақтап турайды.
Ол май турағыштар, дезинтеграторлар, каллойдты дирмендер, ортадан тепкіш (А В Ж) қондырғылары қолданылады.
Майды механикалық ұсақтау кезінде май ұлпасының жасуша аралық құрылыстары ыдырап, майды шыжғырғанда оның шығымы көбейеді.
Сүйекті майдалау. Түтік тәрізді қуыс қуыс сүйктен май алу үшін оның басын араман тіліп тастайды.Қажет болса сүйектер температурасы 15-200С суда астауда немесе жуу барабандарында тазаланады. Сүйектің басқа түрлерінің бірі май алар алдында сүйек ұстағыш қондырғыларда майдаланады. Сүйекті майдалау оған температураның әсерін жоғарылатады, демек май тез және көп шығады. Желім, желатин алынатын сүйектер 50 мм мөлшерде, ал сүйек нанын алуға арналған сүйектер 18-20 мм мөлшерде ұсақталады, ал сүйек тым майда болып кетсе одан май аз шығады.
Майды бөлу. Май ұлпаларынан майды бөлу оны шыжғыру, экстракциялау, гидромеханикалық, электроимпульстік және вибрациялы әдістермен жүргізіледі. Бірақта көп тарағаны шыжғыру.
Шыжғыру. Бұл әдіс майдаланған шикізатқа жоғары температурамен әсер етуге негізделген. Қыздыру ұлпадағы стуртуралы құрылымды бұзып май жасушасынан майды бөледі. Майды шыжғыру құрғақ және ылғалды әдіспен жүргізіледі. Ылғалды әдісте май ұлпалары сумен немесе бумен өңделеді.
Бақылау сұрақтары

1. Мал майының химиясы және морфологиясы туралы түсінік


2.Тағамдық май алғашқы өңдеу технологиясы
3.Тағамдық мал майын ветеринариялық санитариялық сараптау

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет