Бақылау сұрақтар
№1 вет анықтама қандай жағдайда беріледі
№2 вет анықтама қандай жағдайда беріледі
№3 вет анықтама қандай жағдайда беріледі
Мал дәрігерлік құжат деген не
Акт-ні қалай және неге толтырады
Қолданылатын әдебиеттер:
1. Қырықбайұлы С., Телеуғали Т.М. «Ветсансараптау практикумы»,Алматы, 2007 жыл.
2.Горегляд Х.С. В.А.Макаров и др.Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства. Издательство Колос. М-1981
3. Боровков М.Ф., и др. ВСЭ с основами техн-гии и станд-ии прод-ов животн-ва, Санкт-Петербург, 2007г
4. ТелеуғалиТ.М., Қырықбайұлы С "Малдәрігерлік-санитариялық сараптау және малшаруаш. өнімд. Технологиясы мен стандарттау негіздері. Алматы
8-9-сабақтың тақырыбы: Ірі қара малы лифма түйіндерінің орналасу реті. Бас,ұша мен ішкі мүшелерді ветеринариялық санитариялық сараптау
Сабақтың мақсаты: ірі қара малы лифма түйіндерінің орналасу реті. Бас,ұша мен ішкі мүшелерді ветеринариялық санитариялық сараптауды меңгеру
Әдетте ағзалар мен ұлпалардағы үрдістерге байланысты лимфа жүйесіндегі сөл тамырлары мен сөл түйіндерінде әр-түрліөзгерістер байқалады. Бұндай өзгерістер, әдетте мал ауруының бастапқы кезеңінде-ақ орын алады. Лимфа түйіндеріндегі өзгерістердің көпшілік уақытта белгілі бір ауруды сипаттайтын және соған тән болатынын атап өткен жөн.
Сүт қоректілердің лимфа жүйесі-сөл тамырлары мен сөл түйіндерінен құралады. Сөл тамырлары жеке ағзалар мен ұлпалардың ұлпа аралық кеңістігінен ұсақ түтікше тәрізді болып басталып, қосыла келе ірі тамырларға, жеке діңгекке айналады.
Лимфа түйіндердің топграфиясы.Малдың қандай түрі болсын лимфа түйіндерінің орналасатын жерлері бір-бірімен ұқсас. Малдың түріне қарай түйреуіштің басындай мөлшерден, ұзындығы 10-30 см жетеді және онан да артады.
Ірі қара мал мен қойдың лимфа түйіндерінің орналасуы бірдей. Олар бұршақ тәріздес, сопақша немесе дөңгелек пішінді, сыртынан маймен қаптал,аг, пышақпен тілгенде сұр немесе сарығыш-сұр түсті.Ешкініңі де осылай орналасқан, бірақ көпшілігінің пішіні жарты ай тәріздес.
Жас малдардың лимфа түйіндері, ересек малдың лимфа түйіндеріне қарағанда біркелкі үлкен және шырыны мол, болбыр келеді.
Кәрі мал мен арық малдың лимфа түйіндері дәнекер ұлпалардың өсіп, лимфойд ұлпаларының азаюына орай семеді. Қартайған малда (әсіресе ірі қарада) өте жиі ошақты, сиректеу бір-біріне сіңіскен қара немесе қоңыр түсті рең (пигменттену) байқалады.Семіз малдарда торлы ұлпалардың май ұлпасына айналуына орай лимфа түйіндері көпшілік жағдайда кішірейеді. Лимфа түйіндеріне көршілес қою қызыл түсті, домалақ гемолимфатикалық түйіндер кездеседі. Малдәрігерлік санитариялық сараптау барысында бұндай түйіндердің ешқандай маңызы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |