Ветеринария факультеті



бет61/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67
Тоңазытқышты қасапхана.Бұл малды союға өңдеуге және етті консервілеуге (мұздатуға) арналған механикаландырылған кәсіпорын. Сондықтан онда ет-май ғимараты болады. Онда малды сою, іреу, май, субөнімдер, ішек, тері тұздау цехтары, мұздатқыш және басқа көмекші цехтар бар.
Қасапхана.Ауылдық жерлерде тұтыну кооперациясы арқылы салынады. Қуаттылығы бойынша типтік жобадағы қасапханалар үш топқа бөлінеді, Олар бір айналымда 25, 10 немесе 5-7 сиыр союға арналған. Сонымен қатар мұндай қасапханаларда қойды союға болады. Бұл жағдайда оның қуаттылығы тиісінше 2-3 есеге артады. Қасапханалар малды союға оны мүшелеуге және тері, ішекті өндеуге негізделген
Мал қабылдайтын аула, оны ұстауға қажетті қалқасы бар алаңдар, сою цехы, май, ішек, тері тұздау және өңдеу бөлімдері, етті, субөнімдерді тоңазытатын, мұздататын тоңа-зытқыштар, оларды сақтауға арналған тоңазытқыштар, шұжық бөлімі және әр түрлі қажетті қосымша құрылыстар
Санитариялық қасапхана. Бұл қасапхана фермаларда ауру малды сою үшін салынады. Қасапхана сою-мүшелеу бөлімінен, салқындату және мұздату камераларынан, ақаулы еттен және бракқа шығарылған мүшелерден малдың азығын дайындайтын бөлімшелерден тұрады. Сонымен қатар мұнда өлексені өртеуге арналған пеш және тері тұздау орны көзделген. Мұнда өлекседен (егер терісін алуға болатын болса) және сау малдан алынған теріні бөлек жинау, тұздауға жағдай жасалуы қажет. Қасапхана ауданы қоршалады. Мұнда жекеменшік малды союға болмайды.
Жылжымалы қасапхана (ПМ-Щ елді мекендерден тыс жерде қой, сиыр союға арналған. Көбінесе оны әскери мекемелер қолданады. Онда малды сойып, тоңазытылған ет алуға болды. Қасапхана екі автокөліктен, төрт тонналық тіркемелі фургоннан, алмалы-салмалы тоңазытқыштан, жылжымалы электр станциясынан, екі шатырдан т.б, жабдықтардан тұрады. Фургон (жабық қорап) КРАЗ, ал электр станциясы ЗИЛ-130 автокөлігіне тіркеледі Қасапхана 40-45 сиыр, 200-ден қой-ешкі союға арналған. Бір айналымда қасапхана 5 тонна ет шығара алады. Қаcaпхананы жұмысқа дайындауға 4-5 сағат, ал жинауға 6 сағат уақыт қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет