Ветеринария факультеті



бет60/67
Дата10.05.2023
өлшемі254,94 Kb.
#91483
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67
Байланысты:
Ветеринария факультеті

Сабақтың мақсаты: ішкі сауда обьектілеріндегі ветеринариялық санитариялық сараптау зертханасы жұмыстарымен танысу


Ет комбинаты - малды (құсты, қоянды) соятын және одан тағамдық, техникалық, мал азығын, дәрілік өнімдер шығаратын өнеркәсіп орны. Ет комбинатында механикалық және автоматты құрал-жабдықтар қолданылып, санитарлық тазалық жағдайлар қатаң сақталуға тиіс. Өнім шығару мүмкіншілігіне қарай ет комбинаттары бірнеше дәрежеге бөлінеді.
Бұрынғы Бүкілодақтық ет өнеркәсібін жобалау нормасына қарай ВНТП 532/739-85 (ет-сүт өнеркәсібі министрлігі, 1985 жылы 27 желтоқсанда бекіткен 0144) ет өңдеу кәсіпорындары әр түрлі көрсет-кіштеріне сәйкес төмендегі топтарға бөлінеді.
Кейбір қалаларда (Москва, Санкт-Петербург, Семей, Улан-Удэ ж.б.) айналымда 300-400 т. ет өндіретін кәсіпорындар да бар.
Ет комбинаттары төмендегі бөлімдерден тұрады:
1.мал алаңы (база);
2.өндіріс цехтары, көмекші цехтар (жылыту, тазалау орындары ж.б.);
3. кеңсе үйлері, асқана, дәрігерлік пункт т.б.
Мал алаңы ет комбинатына түскен малды қабылдауға және оны 1-2 күн ұстауға арналған. Бұл уақытта малдың жалпы жағдайы анықталады (мал дәрігерлік байқау, температурасын өлшеу, маллеиндеу ж.б.), қажетті жағдайда малды демалдырады. Малды көліктен түсіруге арнаулы жер дайындалады. Ал басқа алаңда малды 1-2 күн ұстауға жағдай жасалынуы керек. Онда көлеңкелі орын тұрғызылады, автосуарғышпен жабдықталып, барлық алаң асфальттенеді. Айта кететін бір жай малды аланда дұрыс ұстау кейіннен алынатын еттің сапасына да әсерін тигізеді. Сондықтан онда малды суықтан, ыстықтан, жауын-шашыннан қорғайтын жағдай жасау қажет. Бұл алаңда сонымен қатар мал дәрігерлік-санитарлық құрылымдар да орын алады. Карантин жайы биіктігі екі метр қоршаумен оқшауланады. Оның сыйымдылығы тәулік ішінде түсетін малдың 10% сәйкес. Мұнда құжаттардағы мал саны мен ауру малдың диагнозын ажыратқанша үш тәулікке дейін ұсталады.



1-сурет. Ет комбинатының құрлысы
1-малды мал дәрігерлік байқаудан өткізетін алаң, 2-лифт, 3-тірі малға арналған ғимарат, 4-санитариялық қасапхана, 5-жылу электр орталығы, 6-сояр алдындағы байқайтын орын, 7-мал соятын цех, 8-булы етті салқындататын камера, 9-мұздатқыш камера, 10-қанды өңдейтін цех, 11-ішек цехы, 12-субпродуктілер цехы, 13-органо-препараттар цехы, 14-шұжық цехы, 15-беконы цехы, 16-техникалық өнімдер цехы, 17-тері тұздайтын цех, 18-түкті субпродуктілерді өңдейтін цех, 19- май цехы, 20-қалбыр цехы, 21-аспаздық цех, 22- мұздатқыш, 23-ет өнімдерінің экспедициясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет