Айғырды сумен қамтамасыз ету жүйелері және суға қойылатын санитарлық-гигинелық талаптар Су мал қажеттілігін өтеумен қатар шаруашылықта санитариялық тәртіпті сақтау әрі технологиялық процесстерді өту үшін де өте қажетті (желінді жуу, тазартыу мал денесін қораларды тазарту т.б)
Су малдың кейбір індетті вирустық және инвазиялық аурулардың таралуында үлкен рол атқарады. Ондай ауыруларға топалаң, бруцллес, пастереллес, маңқа, аусыл көптеген паразит аурулары жатады.
Шетін судың сапасы мен мөлшері малодың денсаулығымен өнімділігіне тікелей әсер етеді.
Айғырды ішітін судың сапасы нашар болса (лай, бөгде иіс) асқазан ішек жолдарын секроторлық аппараттардың қызыметтерін қоздырмай кері рекция береді. Өте суық сумен суғарғанда жылқы оганизмы суық тиіп ауырады, сондықтан малды сапалы сумен қамтамасыз ету үшін оның санитариялық-гигинеалық көрсеткіштерін анықтап отыру қажет.
Мал шаруашылықтары пайдаланылатын табиғи су көздері мамандар тарапынан үнемі санитариялық бақылауда болуы қажет.
Су көздерін ветеринариялық- санитариялық тұрғыдан бақылауға мынандай жайыттар жатады: оның ветеринариялық- санитариялық жағдайын байқау және судың органикалық т.б қалдықтармен бөгде заттармен ластануын алдын алу мақсатымен күзеттер үйымдастыру
Судың температурасы оның маңызды ветеринариялық- санитариялық гигинеалық көрсеткіштері болып табылады. Жылқы суық суды ішкенде организм темперетурасын реттеуге көр энергия жұмсайды, бұл өнімділіктің төмендеуіне және азықтың көп шығынна әкеледі.
Су қора- жайларды, құрал-саймандарды жуып тазарту үшін және дезинфекциялау үшін, малдың күтімі үшін және т.б көптеген мөлшерде қажет жәнеде оңдай суда сапалы болу тиіс.
Ветеринариялық-санитариялық нысандарға қойылатын гигиеналық талаптар Айғырдыөлекселерін жинау және утильдеу
Мал өлекселерін уақьггша жинау және утильдеу - малдың жүқпалы ауруларын алдын алуда аса маңызды шара болып табылады. Барлық малдың өлексесі топырақты, суды және ауаны ластайды, сөйтіп мал мен адамның арасында індет ауруының тарауына себепкер болады.
Жұқпалы аурудан өлген мал өлексесі мен ішкі ағзаларында патогеңці микроорганизмдер үзақ уақыт сақталады. Мысалы, өлекселерде туберкулез қоздырушылары 500 тәулік, ал листериоз қоздырушылары 160 тәулікке дейін сақталады. Соған байланысты, мал өлекселері түрлі жүқпалы ауруларды таратушы фактор болуы мүмкін. Мал өлгеннен кейін, мал дәрігері тез арада өлексені қарап-тексеріп, қажетті шара қолдануы керек. Өлекселерді арнайы автокөліктерде тасы-малдайды. Ол үшін арнайы металдан жасалган жәшік немесе іші темірмен қапталған ағаш жәшік болуы керек. Жұқпалы аурудан өлген мал өлексесі жатқан жерді дезинфекциялау қажет. Өлекселерді сою және терісін сыпыру биотермиялық шүңқырдың бетондалған алаңқайында немесе утиль-зауыттардьщ арнайы бөлімдерінде жүргізіледі. Өлексені бір-неше тәсілмен жояды: жергілікті жердің жағдайына және аурудың түріне байланысты мал өлекселерін өртейді, биотермиялық шүңқырда зарарсыздандырады немесе ветеринариялық-санитариялық утильдеу зауыттарьшда өңдейді. Өлекселерді жерге көмуге тыйым сальшғаны дұрыс (барлық дамыған елдерде мемлекетгік зандармен өлексені көміп жоюға тыйым салынган). Себебі өлексе және басқа биологиялық қалдықтар патогенді қоздырушылармен, токсиндермен, радионуклеидтермен, химиялық және де басқа улы затгармен зақымдануы мүмкін. Сондықтан олар эпизоотологаялық және эпидемиологиялық тұрғыдан өте қауіпті болып саналады.
Егер мал топалаңнан және де басқа қоздырушысы спора түзетін індеттен, сонымен қатар аса қауіпті аурудан (маңқа, ірі қара обасы, қүтырық) өлсе, өлекселер міндетті түрде өртеледі. Өлекселерді арнайы өлексе өртейтін пештерде, отынның (ағашты керосин, соляркамен бірге қолданады) көмегімен ошақта немесе шүңқырда өртейді.
Өлік жағатын шүңқырды өлексе кебетіндей етіп жабдықтайды. Әрі оны айқастьфылған (крест сияқты) екі ордан тұратын етіп қазады. Екі ор қиылысқан жерде жуан бөренелер салып оған өлекселерді орналастырады. Шұңқырдың түбіне сабан және ағаш салып жандырады. Ірі қара өлігі 6-7 сағат ішінде толық жанады. Өлікті жағу тек утильдеу зауьптары жоқ болтан жерлерде рұқсат етіледі.Соңғы уақытта Ресейде (ВНИИВСГЭ) тиімділігі жоғары жаңа отынның түрі өңдіріліп, биологиялық қалдықтарды түрақты немесе далалық жағдайларда өртеу үшін техникалық құралдар мен пайдалану технологиясы дайындалған. Мұндай өлексені өртеудің жаңа технологиясында пайдаланатын жаңа отынның құрамы - сүзгіден өтіп жанатын пиротехникалық қосындыдан (ПСФГ) түрады. Мұндай қосындының ерекшелігі оның жану температурасының жоғарылығында -2000-2500°С (ағаш пен жанармайға қарағанда 1,5 есе жоғары). Мал өлексесі ПСФГ қолданғанда 3- 4 сағат ішінде толық жанып кетеді, ал соляркамен жаққанда — 20—26 сагатқа созылады. Көң сыртқы ортаны ластайтын бірден-бір фактор болып табылады, ал кей жағдайда індетгік және эпидемиологиялық қауіп төндіруі мүмкін. Ауру малдан нөжіс арқылы сыртқы ортаға ауру қоздырушылары бөлінеді. Олардың қида сақталу үзақтығы темпера-тураға, қоздырушыныш түріне байланысты болады. Жұқпалы аурулардың қоздырушыларының қида сақталу мерзімі бірнеше тәуліктен бірнеше жылға дейін (туберкулез қоздырушысы 475 төулік сақталады), ал гельминттердің жұмыртқалары -7-15 айға дейін созылады. Осыған байланысты, жұқпалы аурулармен ауьфатын малдан алынған қиды зарарсыздандыру қажет.
Қою қиды зарарсыздандыруда негізінен физикалық және биологиялық әдістері қолданылады. Ал химиялық өдіс сүйық қиды зарарсыздандырғанда тиімдірек ,Қиды зарарсыздандырудың физикалық әдісінетермиялық, электрогидравликалық әдістері және сәулелендіру жатады.Топалаң, қарасан, маңқа және құтырықпен ауырған немесе ауруға күдікті малдардың қиын міндетті түрде өртейді. Қиды өртеуге арналған жер ошақтары тереңдігі 75 см, диаметрі 75-100 см болады. Түбіне 40-50 см биіктікте көлденеңнен темір тор қойылады. Темір тордың асты отынға толтырыльш, үстінен қи салынады. Қиды өртеу аса қауіпті аурулардың қоздырушыларьш жою үшін қолданылатын сенімді әдіс. Бірақ кейбір кемшіліктеріне байланысты өте сирек қолданылады.Кейбір темір жол зарарсыздандыру жуу станцияларында қи жағатьш арнаулы пештер жабдықталған. Жұқпалы ауру пайда болған жағдайда ірі мал фермаларында түрақты қондырғылар, ал шағын шаруашылықтарда жылжымалы қондырғылар орнатылады.
Құрғақ тыңайтқыш ретінде қолдану үшін де қи мен құс саңғырығын термиялық жолмен зарарсыздандырады. Ол үшін арнайыпештерқолданылады, температурасы 200°С-тан кем болмауы керек.
Биологиялық әдіс қою көңді де, сұйық көңді де зарарсыздандыру үшін қолданылады. Қою көңді зарарсыздандырғанда ең жиі қолданылатын шара ол биотермиялық әдіс. Биотермиялық әдіспен қою көңді зарарсыздандыру микробтардың жылу бөлу процесі есебінен жүреді. Бұл мақсатта алаңға биіктігі 30-40 см етіп сабан, ағаш үгінділерін немесе құрғақ зарарсыздандырылған көң төселеді. Бұл ылғал сіңіргіш жабдықтардың бетіне биіктігі 2 метрге дейін бос күйінде көң салынады. Оның беті сабанмен, құрғақ сөңмен немесе ағаш үгіндісімен жабылады. Зарарсыздандыру көңнің қызынып, температурасы 60°С-қа жеткен күннен басталды деп есептеліп, жылдың жылы уақытында екі ай, ал суық уақытында үш айға созылуы тиіс. Бұл мерзімде көң зарарсыздандырыльш бітті деп есептеледі. Егер күңнің ылғалдылығы 70 пайыздан артық болса, онда ылғал сіңіретін сабан, ағаш үгіндісі, ескі қүрғақ көң сияқты заттармен араластырып үйіндіде ұстайды. Мұндай әдісті компастау деп атайды. Компастау кезінде қи ішіндегі температура 65°Сдейін көтеріліп, ол зарарсыздандырыладыәрі тьщайтқьпптың қасиеті жоғарылайді. Компастау мерзімі 6 ай, оның 2-3 айы жылдың жылы мерзімі болуы керек.
Көңді ұзақ уақыт сақтау әдісі кез-келген шаруашылық жасай алатын қарапайым әдіс. Бұл әдісті қолдану үшін үш секциядан түратын көң қоймасын жасайды. Секцияларды кезегімен толтырады. Жұқпалы ауру қоздырушыларымен зақьгмданған қимен толтырылған секцияньщ беті 10 см биік-тікте сабанмен, шымтезекпен жабылады. Осы әдіспен спора түзбейтін ауру кіоздырушыларымен зақымдалған қиды 12 ай, ал туберкулез кезінде 2 жыл ұстау арқылы зарарсыздандырады.
Көңді зарарсыздандыру тиімділігін санитариялық-көрсеткіш микробтардың көмегімен анықтаймыз. Споралық патогенді микрофлора үшін бациллалар, спора түзбейтін микрофлора үшін ішек таяқшалары, ал туберкулез кезінде стафилококктардың бар-жоғы зерттедіп, көңнің зарарсыздандырылу сапасы анықталады.