«Ветеринария» факультеті «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена»


Шаруашылықты инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақөтау шаралары



бет6/9
Дата11.10.2024
өлшемі82,41 Kb.
#147631
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Ветеринария» факультеті «Ветеринариялық-санитариялық сараптау ж-emirsaba.org

Шаруашылықты инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақөтау шаралары
Инвазиялық аурулардан сақтық шаралары
Қолда баққан жылқының биотермиялықәдіспен өңдеу керек. Параскаридоз кездесетін жылқы шаруашылықтарында көктемде күзде осы ауруларға қарсыдегельминтизация жасап тұрған жөн.
Дезинфекция (франц. des — жоямын, лат. infectio — жүқты-РУг— зардапты және шартты зардапты микроорганизмдерді жоюға, малдың арасында індет ауруларын болдырмау шараларына бағытгалған іс- әрекеттердің бірлестгі деп түсінуге болады. Осы дезинфекциялық шаралар зардапты және шартгы зардапты микробтарды зарарсыздандыруға және жоюға бағытгалған.)Мал шаруашылығында профилактикалық (сақтық) дезинфекциясының басты міндеті -ол малдардан алынатын өнімнің айналымын орындауды қамтамасыз eту.Мал қорасын дезинфекциялау екі кезенде жүргізіледі. Бірінші -қораны тазалау, екінші дезинфекциялық ертіндіні шашу. Объектілерді тазалау әртүрлі механикалық құралдарды (күрек, тырма, сыпырғыш) қолдану және кешендегі гидротазалағыш технологиясы арқылы жүргізіледі. Осы механикалық тазалау ауру қоздырғыш микробтардың денесіне химиялық заттардың тез енуіне жағдай жасайды.
Профилактикалык, дезинфекциянықораға басқа жақтан таралған індетіауру қоздырғыштарды, сонымен қоса шарпы аур қоздырғы микробтарды да жою мақсатымен жүргізіледі. Мұндай дезинфекция малды қораға түскен зардапты микробтан, сондай-ақ көлік, малшылардың сыртқы және аяқ киімі, құрал-жабдықтар және басқа да жолдармен түсетін қауіпті микробтардан сақтандыруға арналған. Сонымен қатар мұндай дезинфекцияны ферманы, кешенді немесе кейбір ғимаратты іске қосып малды кіргізу алдында жүргізеді.
Профилактикалық дезинфекцияны -мал қораға жылына 2ретжүргізеді: көктемде -жайылуға шығарғанда және күзде малды қораға кіргізер алдында.
Аэрозольдық дезинфекция кезінде қора жақсылап саңклаусыз жабылуы тиіс, қора ішіңдегі ауаның температурасы 15°С томен болмаған жөн, а л ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 пайыздан кем болмауы тиіс.Осы аэрозольдық дезинфекция кезінде қора ең кем дегенде 3 сағат және одан көп уақыт жабылып тұруы тиіс.Дезинфекция жүргізіліп болған соң барлық затгың сыртқы бетін сумен жуады, қораның есік-терезесін ашып желдетеді. Ал, қабырғаны, төбені, қалқандарды әкпен ақтау өте тиімді. Аэрозоль дезинфекциясын жүргізу үшін 40 пайызды -формальдегид, бір хлорлы йодты формальдегидпен бірге (1:3) және басқаларын қолдануға болады. Аэрозоль түтінін тудыру үшін ПВАН, ТАН және т.б. аэрозольдық генераторларды қолдануға болады.
Ағымды дезинфекция. Шаруашылықта жүқпалы ауру пайда болған күннен бастап ұдайы жүргідаіп отырылады. Бұл ауруға қарсы тиімді биопрепарат табылмаған жағдайда және ауру қоздырғыштарды жою үшін қолданылатын ең керекті жұмыс болып табылады. Ол үшін ауру мал тұрған жерді, оның денесі тиген барлық құрал-жабдықтарды, қорадан шыққан барлық қоқыстарды, төсеніш, қи, аяқ киім және малшылардың барлық арнайы киімдерін дезинфекциялайды.
Корытынды дезинфекция-ол шаруашылықтағы малды іңцет ауруынан сақтаудағы ең соңгы кұрес жүргізудегі кезең. Бұл жұмысты шаруашылықтағы малды індет ауруынан тазартылғаннан кейім карантинді алу алдында жүргізеді. Қорытынды дезинфекция кезінде ауру қоздырғыш микроб­тарды толық жою мақсатымен ағаш еденді дезинфекциялық заттың сәл әлсіздеу ертіндісімен жуып-шаяды немесе жылы сумен жуады, еденді мүқият қидан тазалайды, осыдан кейін дезинфекциялық затгың керекті концентрациялық ертіңцісімен өцдейді. Осыдан кейін еден тақтайы күн көзінде кептіріледі, сөйтіп мұндай тақтайды еденге қайта төсеуге болады, ал жарамай қалған тақта жағылады.
Қазіргі уақытга республикамызда дезинфектантгар шығаратын өндіріс жоқтың қасыдеуге болады. Ал сүт және ет өндірісі үшін жуғыш-дезинфекциялық заттар мүлдем шығарылмайды. Ал, бұрынғы Кеңес заманындағы дезинфекциялық затгардың көбісі тек қана Ресейде өндірілді (мұнда да байырғы препаратгарды шығару өндірісі күрт азайған). Оның үстіне тиімді жоғары дезинфектантгарды зерттеп тауып оларды өндіріске ұсынлатын ғылыми-зертгеу жұмыстары да ойдағьщай емес. Сондықтан біздегі қолданылып жүрген дезинфекциялық заттар Ресейде немесе шет елдерінде өндірілген. Мемлекетіміз амал жоқ оларды қымбатгығына қарамай сатып алуға мәжбүр. Мысалы, Ресейдің өзінде мал шаруашылығы мен ет өндірісінде дезинфекция (профилактикалық жөне лажсыз) жасау үшін шет ел препаратгарын кеңінен қолданады (дезапрев, перформ, виркон, клорсеггг, септадор, асептол-2000 жөне басқалары). Қазақстанда осы аталған мақсатга кеңінен қолданылып жүрген препарат -глютекс (Испанияда өңцірілген). Ет және сүт өндіріс орындарында ыдыс- құралдарды тазалауда жөне дезинфекция мақсатында Ресейде шығатьш препаратгарды қолданған жөн .Қазіргі уақытга жуу, дезинфекциялау жөне стерилвдеу үшін әрі қоршаіан органы сақтау мақсатыңца электрохимия негізінде өндірілетін препаратгарды пайдаланған өте тиімді (арзан, микробтарга әсері күШті, өндірілуі оңай). Бірқатар препаратгарды өндірісте өндіру (хлор,Натрий гипохлориты, сутегінің пероксиді, каустикалық сода) электрохимия негізінде (ас түзының қаныққан ертіндісін электролиздеу арқылы) жолға қойылған. Дезинфекциялық препаратгарды электролиздеу жолымен өндіру үшін арнайы қондырғылар жасалған (СТЭЛ, АКВАхлор). Мысалы, СТЭЛ қондырғысымен (өнімділігі 20- дан 1000 л/саг дейін) үш түрлі ертінді алуға болады: сілтілік католит (жуғьпп зат), қышқылдық анолит (дезинфекциялық зат) және бейтарап анолит АНК (жуғыш-дезинфекциялық зат). Ресейде аталған қондырғыларда синтезделген ертінділерді дезинфекция және санитариялық өңдеуде (мал қоралары, ет және сүт өндіріс нысандары мен қондырғылары және т.б.) пайдаланудың тәртібі мен технологиясы ұсынылған.
Химиялық дезинфекцияны жүргізуде оның пайдалану тәсілдерінің маңызы зор. Әмбебап әрі кең тарағаны ылғалды тәсіл болып табылады. Оны іске асыру үшін әртүрлі қүрал-жабдықтар пайдаланады (АО-2, ОРП, ЛСД, УДП-М, ДУК-1, АВД-1 және т.б.). Сонымен қатар аэрозольды, газды және көбікті тәсілдері де қолданылады.
Аэрозольдык, дезинфекция -бұл табиғатты және мал туратын орындызарарсыздандыруда болашағы өте зор, тиімді әдістердің бірі болып табылады.Осы аэрозольмен дезинфекциялау үшін мына төмендегідей аппараттар қолданылады: аэрозольдық генератор (АГ-УД-2), аэрозольдық саптамалар (ПВАН, ТАН), аэрозольды шашыратқыш (РУЖ), дискілі аэрозоль генераторы (ДАТ), шапшы-малы аэрозоль генераторы (САГ) және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет