«Ветеринария» факультеті «Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена»



бет7/9
Дата11.10.2024
өлшемі82,41 Kb.
#147631
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
«Ветеринария» факультеті «Ветеринариялық-санитариялық сараптау ж-emirsaba.org

Физикалық дезинфекцияны табиғи орта мен мал қораларын тазалау үшін қолданады. Мұндайда микробтарды жою үшін табиғи және жасанды жарықтың тигізетін әсері өте зор. Ультра-күлгін сәулелер, бактерицңцтік лампалар, сонымен бірге температураның да ықпалы аз емес (қайнату, ыстық су, судың буы).
Биологиялық заттарды малдың індет ауруларынан сақтандыруда табиғи органы зарарсыздандыру ретінде қолданады. Қөп өсімдіктер (қайың, қарақат, сарымсақ, алоэ, пияз және басқалары) өзінің өмір сүру қабілетіне қарай көптеген микробты, саңырауқұлақты жоятын фитонцидтерді өзінен бөліп шығарады. Ал бұршақ тектес өсімдіктер (мысалы, жоңышқа) өсетін жерлерде топырақ микроорганизмдері B.anthracis үшін антагонист екені белгілі.
Антибиотиктер- микробтан, малдан, шөптен өндіріледі, олар микроорга- низмдердің өсіпөнуін және биохимиялық белсенділік сезімталдығын басады. Мысалы актиномицетгің топалаңға қарсы антагонисгік қасиегі бар. Биологиялық, әдіске топырақты, көнді және өлексені зарарсыздандыруда жатады.
Дератизация(франц. de — жоямын, лат. ratus — егеуқұйрық) - адам мен малға зиян келтіретін кеміргіштерге қарсы шаралар жиынтығы.Бұлар эпидемиологиялық жағынан өте қауігпі.Сонымен қатар шаруашылыққа да көп нұқсан келтіреді. Кеміргіштерге қарсы күресі, әдетге, олардың көп мекендеген жерінде жүргізеді. Сондай-ақ, мұндай шараларды адамдардың тұрған үйлерінде немесе мал кешендерінде іске асырады. Шаруашылыққа көп зиян келтіретін кеміргіштердің түрлері: сүр және қара атжалман және үй тышқандары. Сұр жөне қара атжалмандар республиканың барлық облыстарында кездеседі.Кеміргіштер үйге, қоймаға, мал қораларына еніп, оларға зиян келтіреді және мал азығын, малдан өндіретін өнімдерді де бұлдіріп қүртады. Бір атжалман жыльша 20 кг мал азығын жейтін болса, жас төл мен балапанды да жарақаттандырады. Бұдан басқа кеміргіштер көп ауру- ларды тасымалдаушы болып табылады. Мысалы: туляремия, оба, құтырық, лептоспироз, листериоз, бруцеллез, трихинеллез жэне т.б. Кеміргіштерге қарсы күрес профилактикалық және жою-құрту деп екіге бөлінеді.
Профилактикалык, шаралар - кеміргіштердің өсіп-өнуіне жол бермеу, оларға азықтан, судан мүқтаждық жасау және індерін жою. Сондықтан профилактикалық шаралардың ең бастысы ферма территориясында, мал қораларыңца күнделікті ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң орындау, азықты дұрыс сақтау, қораларды кеміргіштер кірмейтін ету, оларды уақытылы жөндеуден өткізіп отыру.
Жою-құрту шаралары — бұл кеміргіштерден біржола арьылу. Малдың індет ауруларына қарсы ең басты шараларыныңбірі -дератизациялық шаралар. Кеміргіштерді жою үшін химиялық заттар (родентицидтер), бактериялық препараттар және механикалық құралдар қолданылады.
Химиялық заттар жылдам және үзақ эсер ететін топтарға бөлінеді. Ең тиімдісі ұзақ әсер ететін заттар -антикоагулянттар. Оларға жататындар зоокумарин, дифенацин, фентолацин және басқалары.
Зоокумарин өндірістен 1 пайызды у мен толықтырушының(тальк, талькомагаезит) қоспасы түрінде шығарылады. Негізгі әсері организмде қанның ұюын тежеп қан тамырларын зақымдайды. Сұр егеуқұйрық бұл у денесіне бір мезгілде 60 мг/кг дозада түскенде өледі, ал егер уды ұзақ уақыт бойы берген жағдайда оның өлтіретін жалпы дозасы бар болғаны 1-2 мг/кг құрайды. Зоокумариннің сұр егеуқұйрық үшін кумуляциялық дозасы 0,25 мг. Осы мөлшерде уды алдамшы жеммен 3-5 рет жегенде о л 3-5 тәулік бойында өледі. Зоокумаринді дайындау үшін оны (2 пайыз) азықпен араластырады. Үй жануарлары ішінде тек шошқа ғана бұл уға төзімсіз.Зоокумариннің суда еритін формасын (зоокумариннің натрий түзы) пайдаланғанда 1 кг азықтық алдамшыға 15 мл түз ерітіндісін қосып дайьщдайды. Мұндай сұйық алдамшыда 0,005 пайыз болады.
Дифенацин (ратиндин) — организмге әсері зоокумаринге ұқсас. Кемірушілерге қарсы оның 0,5 пайызды крахмалмен қоспасы пайдаланылады. Оның жалпы өлтіретін дозасы 0,1-0,15 мг. Алдамшыға 3 пайыз препарат қосады.
Фентолацин— ұнтақпен (0,25 пайыз) толықтырғыштан (тльк, талькомагнезит) тұрады. Тышқандар мен егеуқұйрықтар үшін өлтіретін дозасы 18 және 3 мг/кг құрайды. Азық алдамшыларына 2 пайыз дуст қосады.Өте жылдам эсер ететін препаратқа цинк фосфиді жатацы.Оның сұр егеуқұйрықтарға өлтіретін дозасы 75-100 мг/кг, үй тышқандарына — 150-200 мг/кг. Азық алдамшыларына 3 пайыз у қосады. Бұл препаратты кемірушілерді тез құртуга мүмкіндік болғанда пайдаланады.Химиялық алдамшыларды (уларды) азықтық және сұйық алдамшылар немесе жабысқақ улы масса түрінде пайдаланады және қораларды газдау немесе тозаңдату арқылы жүргізеді. Құрамына у қосылған алдамшы заттарды кемірушілердің ініне, жүретін жолдарына, жиналатын жерлеріне сеуіп тастайды. Негізінен улы заттарды әртүрлі дән мен жармаларға, нан мен ботқаға, тартылған ет пен балыққа қосып береді.
Қазіргі уақытта родентицидтердің әсерін күшейту мақ-сатында ізденіс-зерттеулер де бар. А.Тәжібаевтың (2002) ізденістері кемірушілерге арналған улардың әсерін күшейтуге және оларға дағдылануды транквизаторлар қолдану арқылы тойтаруға бағытталған. Автордың мәлімдеуінше транкви­заторлар (аминазин, резерпин) қосылган улардың әсері 4 есеге дейін арттырылатыны дәлелденген. Атап айтқанда, дератизация кезінде ең жақсы нәтиже қоспа (комби­нированный) препараттар мен тозандату әдісін қолданғанда алынған (КПЭА-комбинированный препарат этилфена-цин+аминазин).
Биологиялық тәсілдің мақсаты кемірушілердің табиғи жаулары және кемірушілердің арасында оларды жою деңгейі өте жоғары жұқпалы аурулар тудыратын, бірақ адамдар мен жануарларға қауіпсіз микробтарды пайдалану. Кемірушілердің табиғи жаулары -мысықтар, иттер, жыртқыш құстар және жыландар болып табылады. Кемірушілерге қарсы бактериялық препаратгарды пайдалану биологиялық нәтижелі әдіске жатады. Бактериялық препараттар қосылған алдамшы жемді тышқандар жақсы қорқынышсыз жейді.
Бактериялық препарат — бактокумарин ветеринария практикасьщцакеңіненқолданылады. Олтірікемірушілердің тиф бактерияларымензоокумариннің натрийтұзыныңдақылдықнөрліортадағықоспасы. Пайдалануғадайынбактокумаринде 0,01 г — 0,016 пайыз у болады. Өлтіретіндозасыатжалмандарүшін 1-2 г, ал тышқандарүшін 0,1-0,2 г. Кемірушілердіұстауүшінмеханикалыққұралдарпайдаланылады: қақпандар, түбітереңбөшкелержәнет.б. Аталғантәсіл тек кішігірімшаруашылықтарда, жекеүйлерде.
Дезинсекция (франц. des — жоямын, лат. — incectum-жәндік) — бұл табиғатта кездесетін ұзын тұмсықты, көп аяқты шаян-құрттарға қарсы жүргізілетін шаралардың эршнтығы, шыбын-шіркейлерге қарсы крестің тиімді көзі. Ол-барлық ферма территориясына, өндірістік, қосымша қосалқы қораларға және ғимаратпен құрылыс орындарьша бірдей профилактикалык, жою (құрту) шараларын жүргізу болып табылады. Малдың індет ауруларына қарсы профилакгикалық шаралардың ең маңызды жолы - ол мал фермасында шыбьш-шіркейлерге қарсы күрес жүргізу, себебі олар топалаң (сібір жарасын), туляремия, бруцеллез, тубер­кулез, қойдың және құстың шешегін, қарасан, гельминттер жұмыртқасы, тері қабьшдыратыш саңырауқұлақтар қоздырғыштарын таратуға себеп болуы мүмкін. Немесе шыбын, маса, шіркей, қансорғыш, қос қанаттылар және басқа жәндіктер малдың тынышын алып, мазасын кетіреді, сөйтіп малдың өнімділігін, сүттілігін төмендетеді.
Профилактикалык, шаралар - шыбын-шіркейдің өсіп-өнуіне жол бермеу жүйелерін қарастыруға бағьпталған, содай-ақ жалпы санитариялық және гигиеналық ережелерді сақтау, қи сақтау орнын дұрыс ұйымдастыру және тиімді пайдалану, қиды дер кезінде жинап, оны зарарсыздандыру, мал кешендері мен фермалардың территориясын таза ұстау, малды шыбын-шіркейден қорғау және олардың қора ішіне кіруіне жол бермеу шаралары қарастырылады.
Шыбын-шіркейді жою шаралары — үлкен шыбындарға және олардың бала құрттарына қарсы қолдағы заттарменәдістерді қолдану арқылы жүргізілуі тиіс. Шаруашылықта химиялық инсектицидтерді (эмульсия немесе ертінді және аэрозольды үнтақ, дуст) жиі қолданады.
Дезодарация - дегеніміз субстратта шіріген кезде пайда болатын жағымсыз иісті жасанды түрде жою немесе оны басып Tacтay. Мал қоросындағы ay ада жағымсыз иістің шығу көзі - о л малдың қиы мен зәрі. Осы жаңадан бөлінген қи органикалық зат болып тез үшып шығып жағымсыз иіс береді. Сондықтан тазаланбаған қидың қалдығы, еденнің бетіне қатып қалган қи, садыра, малдың зәрі, қи шығаратын каналда жиналып аммиактың шоғырлануы (20-35 мг/м3) көбейеді. Ал енді күнделікті қорадағы қиды тазалап оны дер кезінде сыртқа шығарып түрса ауадагы аммиактың шоғырлануы 8-17 пайыз,жеңіл ұшатьш органикалық заттардың қолайсыз иісі - 35 пайыз, ауаның бактериялармен ластануы – 5-10 пайыз кемиді, ал малды топтап баққанда жоғарыдағы газдардың шоғырлануы және бактериялар саны кемиді.Сондықтан қорадағы малдың орналасуы мен қораның сыйымдьшық нормасы қатал сақталуы тиіс. Ал егер қорадағы малдың басы көп болса, онда біріншіден қораны тазалауға қиыңдық соғады, екіншіден малдың денесі тез былғанады.Қора ішіндегі ауаның құрамындағы зиянды газдардың мөлшерін азайту мақсатында химиялық тәсіл - дезодарант және дезинфектант қолдануға болады.
Дезодаранттың физикалық әдісіне жататын адсорбенттер (сіңіргіш заттар): әртүрлі төсеніштер (сабан, торф, ағаштьщ жапырақтары, ағаштың ұнтақтары және т.б.) және ультра-күлгін сәулелер, бұлар қора ішіндегі ауаның жағымсыз иісін бойына сіңіріп алады, сөйтіп ауаның жағымсыз иісін төмеңдетеді. Мысалы, ДРТ-400 шамы 1 сағ істегенде қора ауасындағы амммиактың мөлшері 22—34 пайыз төмендейді, ауадағы бактериялардың саны 50—55 пайыз кемиді.Дезинфекцияны және дезодарацияны барлық бөлімдерде бірдей іске асырады, ол үшін әртүрлі аэрозольдарды және еденді жуатын ертінділерді қолданады. Аэрозоль түрінде қолданылатын затгар: 2 пайызды сутегінің пероксиді ерітіндісі (1 л/м2), 3 пайызды жоғары молекулалы сірке қышқылы (надуксусная кислота) ерітіндісі (150—200 мл/м2), 0,3- 0,5 пайызды глутар альдегиді (150-200 мл/м2). Аэрозольдық ағынды компрессорға қосылған ТАН ұштамасы арқылы алады.
Едендерді және қорадағы өткелдерді өңдеу үшін 2 пайызды калий перманганат ерітіндісін (150-200 мл/м2) қолдануға болады. Бұл ерітінділермен қора жақтауларын күніне 1 рет өндейді (шашқьпп пайдаланады немесе шашады).
Малшыларға арналған нысандарды дерЬдарациялау үшін "Таволга" таблеткасын пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет