Ветеринариялық нысандардың негізгі міндеті -аурулардың алдын алу шараларын, ветеринариялық-санитариялық және емдеу жұмыстарын жүргізу және қадағалау әрі диагнос-тикалық зерттеулерді жүргізу болып табылады.
Ветеринариялықнысандарғажататындар: ветеринариялықемхана,ветеринариялық пункт, ветеринариялықлабораторияжәне изолятор т.б.
Ветеринариялык емханабұл цикл аяқталғанша қызмет ететін малдәрігерлік үлкен мекеме. Ол ауру малға амбулаториялық және тұрақты (стационарлық) емдеу, диагнос-тикалық зерттеу, сондай-ақ, шаруашылықтарда профилактикалық, ветеринариялық-санитариялық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Емхана - амбулаторлық және стационарлық бөлімдерден тұрады.
Ветеринариялык, орын (пункт) — әртүрлі мал шаруашылықтарына қызмет етуге арналған. Пункт ауру малға амбулаториялық және тұрақты көмек көрсетеді, сондай-ақ профилактикалық және ветеринариялық-санитариялық жұмыстар жүргізеді.
Ветеринариялык лаборатория- шошқа фермасы, құс фабрикасы және асыл тұқымды мал щаруашылығында орналасып,соларға қызмет етеді. Лаборатория-диагаостикалық зертгеулер, азықтың сапасын зерттеу, профилактикалық, емдік және ветеринариялық-санитариялық шаралар жұмысын жүргізеді.
Изолятор -барлық мал шаруашылықтарындаорналасқан. Изоляторға ауру малдыіндетауруынакұдіктенгендебөлеккүтіпбағады. Изолятор -бөлек, қоршаған, кіріп-шығатынжеріндедезинфекциялықөткелболуытиіс.
Ветеринариялық-санитариялық нысандарға жататыңдар: сойыс-санитариялық пункті, карантиндік орын, дезөткел, дезтөсеніш, санөткел.
Сойыс-санитариялық орны (пункті) -малды еріксіз союға тура келгенде, малды сойып тексеру үшін, өлексені толық құртып угильдеп, өндеуге арналған. Пунктгің екі бөлімі болады: малды соятын және өлексені утильдейтін .
Карантиндік орын-мұндай қораға шаруашылыққа басқа жақтан келген малды күтіп ұстайды, оларға клиникалық, диагностикалық зерттеу жұргізеді жәневетеринариялық-санитариялық тексеруден өткізеді. Карантинде малды ең кем дегенде 30 тәулік ұстайды.
Фермаға кірер алдындағы дезөткел-ол көліктің дөңгелегін дезинфекциялау үшін керек. Дезөткелді шаруашылық территориясы кірер алдында орналастырады. Дезтөсеніш -мүны қораға кірер алдында аяқ киімді дезинфекциялау үшін төсеп қояды және әрбір қора алдына (бүзау қора, мал туатын орын және т.б.) орналастырады.
Санөткел-бұл малшыларға арналған санитариялық -тұрмыстық бөлме. Бұны шаруашылық территориясына кірер алдына орналастырады,осы жерден барлық шаруашылық қызметкерлері, фермаға келген адамдар да ветеринариялық-санитариялық режимді сақтау үшін өтеді.
Барлық ветеринариялық объектідер суық және ыстық сумен қамтамасыз етіліп қоршалады.