Ветеринариялық санитариялық сараптама және гигиена



бет2/7
Дата02.11.2022
өлшемі349,18 Kb.
#46854
1   2   3   4   5   6   7
Негізгі бөлім
2.1.Ірі қара малды өсірумен айналасатын өндіріс объекттілеріне қойылатын ветеринариялық-санитарлық талаптары. Ірі қара малды бордақылау алаңдарын елді мекендерге қатысты жел бағытының ық жағына, ең тиімдісі жалпы еңістігі 40 - 60 болатын оңтүстік және оңтүстік батыс беткейлерде орналастырады. Сонымен қатар, әр қашаның (загонның) мал оттықтарынан және демалу орындарынан еңіс болуы тиіс.Ірі қара мал өсіру жөніндегі кәсіпорындар мен басқа жекелеген ауыл шаруашылығы объектілер арасындағы зооветеринариялық арақашықтықтар осы талаптарға 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Жануарлар климат жағдайларына байланысты қора-жайларда және қалқа астындағы ашық қашаларда күтіп-бағылады.Ірі қара малдарға арналған жайылуазықтандыру алаңдары аудандарының нормалары осы талаптаға 4- қосымшаға сәйкес белгіленеді. Ашық және жартылай ашық үлгідегі алаңдар маусымдық және жыл бойы қолданылатын болып бөлінеді.Маусымдық алаңдар жылдың жылы кезеңінде қолданылады, оларды пайдалану мерзімі ауданның және құрылыстың климаттық жағдайына байланысты болады және әрбір нақты жағдайда олардың жобалануы ескеріле отырып айқындалады. Барлық маусымдық алаңдар оттықтармен, суарғыштармен және қажет болған жағдайда көлеңке беретін қалқалармен және минералды қоректендіруге арналған астаулармен жабдықталған малға арналған секциялар (қашалар) құра отырып ашық болып жобаланады.Жануарларды азықтандыруға арналған оттықтардың көлемдері осы талаптаға 5- қосымшаға сәйкес белгіленеді. Жыл бойы қолданылатын алаңдарды оңтүстік және қоңыржай климаты бар аймақтарда салады. Есептік қысқы температурасы - 20°C дейінгі аудандарда алаңдар қалқалармен және желден қорғау құрылғыларымен (желдің бағытын өзгертетін қалқандар, ықтар, тал өсіру) жабдықталады, ал есептік қысқы температурасы - 20°C-тан төмен болатын аудандарда үш қабырғалы қалқалармен немесе мал еркін шыға беретін жеңіл жабық қора-жайлармен жабдықталады.Малдарды ашық және жартылай ашық үлгідегі алаңдарда күтіп-бағу кезінде жануарларды азықтандыру бір басқа шаққанда кем дегенде 0,28 м азықтандыру фронтымен жайылу-азықтандыру аулаларында жүргізіледі. Жануарлар жылдың суық кезеңдерінде суды жылыта отырып топтық үлгілік суарғыштардан суарылады. Алаңдар нөсерлік кәріз жүйесімен жабдықталады, жануарлар терең ауыстырылмайтын төсемдерде күтіп-бағылады. Өндіріс объектілерінде табынды жинақтауға белгіленген нысандағы ветеринариялық сертификатпен (ветеринариялық анықтамамен) расталатын жануарлардың инфекциялық және инвазиялық аурулары бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден рұқсат етіледі.Тасымалдауға іріктеліп алынған төлдер тасымалдаудың адында эпизоотиялық жағдайға сәйкес алдын ала нұсқауға (нұсқаулық) сәйкес ірі қара мал төлінің инфекциялық ауруларына қарсы 5 егіледі. Осы кезеңде 5 - 8 күндік жастағы жануарларды жіберу үшін іріктелген өнім беруші шаруашылықтарда жылдың көктемгі және күзгі кезеңдерінде жәндіктер ұша басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін химиялық немесе термиялық тәсілмен зарарсыздандырады. Аталған жұмыстарды өнім беруші шаруашылықтың ветеринария саласындағы маман орындайды. Өндіріс объектілеріне әкелінуге жататын жануарларды іріктеп алуды және қабылдауды өндіріс объектісінің ветеринария саласындағы маманы тікелей өнім беруші шаруашылықтың аумағында жүргізеді. Әрбір жануарды клиникалық қарап-тексеру кезінде дене қызуын өлшеу жүргізеді.
Әлсіз, жетілмеген, ауру белгілері (жөтел, мұрын қуысынан маңқасы аққан, дене қызуы жоғары) бар, сондай-ақ көзге көрінетін экстерьерлік кемістіктері бар жануарлар өндіріс объектісіне жинақтауға жіберілмейді. Жануарлар өндіріс объектісінің арнайы жабдықталған автокөлігімен тасымалданады.Жануарларды тасымалдауға арналған автокөліктің шанағы жылу жібермейтін материалдармен жабылады және тиімді мәжбүрлі желдетумен қамтамасыз етіледі. Жылдың суық кезеңдерінде ішке кіретін ауа жылытылады. Қысқы уақыт кезеңінде автокөлік шанағында микроклиматтың мынадай көрсеткіштері ұсталып тұрады: ауаның температурасы + 15 - 16°C, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70 %, ауаның қозғалыс жылдамдығы секундына 0,1 - 0,2 метр (бұдан әрі - м/сек), ол автокөліктің кабинасында орнатылған арнайы датчиктермен бақыланады.Автокөлік шанағының еденін су өтпейтін және жуу мен дезинфекциялау кезінде ластанулардан тез тазаратын материалмен жабдықтайды. Бұзауларды тиер алдында, шанақтың еденіне сабан немесе жануарлардың тайғанауы мен жарақаттануына бөгет жасайтын басқа төсеніштер төселеді. Төсеніш ретінде қолданылатын ағаштың үгіндісін сабанмен араластырып пайдаланады. Тасымалдау кезінде жануарлардың жарақаттануын болдырмау үшін автокөлік шанағының ішінде шығып тұрған болттар мен басқа да өткір заттарды алып тастау керек. Тасымалдау кезінде салмағы 40-80 килограмм (бұдан әрі - кг) болатын бір бұзауға арналған ең аз алаң 0,4-0,75м² құрайды. Әрбір рейстен кейін көлік құралдары тазалануға және дезинфекциялануға жатады. Жануарларды кешенге қабылдауды бұзауларды қабылдайтын қора-жайда өткізеді. Бұзауларды қабылдайтын бөлімшеде әрбір мал басын клиникалық қарап-тексеру жүргізіп, дене температурасын өлшейді және санитариялық өңдеуден өтеді, бұл ретте жануарлардың жүнін 1 % хлорофос ертіндісімен сәл ылғалдандырылған арнайы щеткамен тазалайды, кірлеген жерлерін жылы сумен жуады, тұяқтарын көңнен тазалайды және профилактикалық мақсатта қолда бар дезинфекциялық препараттың бірімен өңдейді. Ауру немесе ауруға күдікті, сондай-ақ дене қызуы жоғары жануарлар оқшаулауға жатады. Бұзауларды жылдың суық кездерінде құрғақ және жылы секцияларға орналастырады. Карантин кезінде өндіріс объектісінің ветеринария саласындағы маманың рұқсатынсыз орын ауыстыруға (жануарларды басқа қора-жайларға, сондай-ақ карантиндік қора-жайдың басқа секцияларына 6 ауыстыру) жол берілмейді.Жануарлардың жаңа тобымен әрбір кезекті толықтыру алдында секцияны санациялау (механиқалық тазалау, дезинфекциялау) жүргізеді.Санациядан соң профилактикалық үзіліс бес тәуліктен кем болмайды. Аталған іс-шараларды орындау "бәрі бос - бәрі бос емес" техналогиялық қағидатының жүзеге асырлуын қамтамасыз етеді, оны жануарларды күтіп-бағудың барлық кезеңдерінде сақтау керек. Қора-жайлар топтық ультракүлгінді (бұданәрі - УК) сәулелеу қондырғыларымен жабдықталады. 2 сағаттық демалыстан кейін әкелінген бұзауларға сүт немесе қаймағы алынбаған сүт алмастырғышын (бұдан әрі - ҚСА) береді. Автосуарғыштарды бұзауларды қабылдағаннан соң 5-7 сағаттан кейін іске қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет