2.3.Мал қора ауасын санитариялық -гигиеналық бағалаудың негіздері Мал қора-жайының ауа ортасы өзінің физикалық қасиеті мен құрамы жағынан әрқашанда бірдей емес. Ол оның құрылысы, орналасқан саласы, оның санитариялық-техникалық жабдықталуы, кубатурасы және ауданы, сонымен қатар онда малды ұстау тәсіліне байланысты ауаның физикалық қасиеті және оның газдық құрамы коп немесе аз болса да өзгеріп тұрады. Мал қора-жайының ауа ортасының физикалық және химиялық көрсеткіштері мүмкіндігінше шекті оптималды көлемде ауытқып отыруы қажет.
Қора-жай ауа ортасын белгілі бір оптималды деңгейде ұстау және сақтау үшін оны объективтік көрсеткіштері бойынша бағалайды. Ауа ортасын бағалау үшін қолданылатын негізгі көрсеткіштерге: температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, көмірқышқыл, аммиак, күкіртті сутегі, сонымен қатар қора-жайдың табиғи жарықталынуы жатады. Мысалы, көмірқышқылының шекті концентрациядан жоғарылауы қора-жайдағы ауа алмасуы және ішкі тәртібін (режим) бағалауға мүмкіндік: береді, ал аммиак пен күкіртті сутегінің нормативті концентрациядан жоғарылануы қора-жай ауасының малға қауіпті екендігінің тікелей көрсеткіші немесе өлшеуіші бола алады. Қорытындылай келе ауа жағдайын бағалауда ондағы көмірқышқыл газы, аммиак және күкіртті сутегін анықтаудың маңызы өте зор.
Мал қора-жайының ауа ортасын гигиеналық тұрғыдан бағалағанда негізгі және шешуші мәні: температурасын анықтау, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын тексеруге байланысты. Температура, ылғалдылық, ауа қозалысы жылдамдығының организмге жекелей емес үшеуі бірлескен түрде әсер стуіне байланысты мал жағдайын дұрыс бағалау осы үш фактордың суммарлық әсеріне байланысты шешіледі. Осы факторлардың біреуі өзгергенде бұрынғы әсері сақталуы үшін қалған екі фактор да өзгеруі керек немесе осы негізгі фактор қалған екі фактордың есебінен алынады. Адам өзін жақсы сезінуі үшін бір уақыт бірлігінде қанша жылу жоғалтса, сонша жылу өндіруі керек. Температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығының дұрыс деңгейлері бірдей жылу сезіну әсерін көрсетеді және адам гигиенасында өңделген және тиімді температура деп саналады.
Қора-жай ауасының физикалық қасиетін бағалау үшін тікелей температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығын анықтаумен қатар катотермометрия әдісін қолданғанның да маңызы зор.
Қорадағы ауа көрсеткіштерін ұдайы тексеріп отыру қажет. Ол үшін арнаулы құралдар қолданылады. Ал ең тиімдісі жылжымалы микроклимат зертханасын пайдаланған.
Алып жүруге, қолдануға ыңғайлы зертханада керекті
зоологиялық құралдар жинақталған (электротермометр, психрометр, анемометр және т.б ).