Ветеринариялық санитариялық сараптама және гигиена


Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптары



бет3/7
Дата02.11.2022
өлшемі349,18 Kb.
#46854
1   2   3   4   5   6   7
2.2.Бұзауларға арналған қора – жайларға қойылатын ветеринариялық – санитарлық және гигиеналық талаптары.
Бұзаулар кешенге әкелінген соң күнтізбелік 65 күн бойы қайтадан қалпына келтірілген сүтпен немесе ҚСА-мен қоректендіріледі.Азықтандыру алдында сүт температурасы 30 - 40°C қоспаны жасау үшін ауыз су сапасындағы суық сумен керек мөлшерге дейін араластырылады. ҚСА таратуға арналған желі мынадай тұйық жүйеден тұрады: сольвилат - құбыр - сольвилат. Желі жиынтығына бұзауларға сүт беруге шелектер, шлангтер, мөлшерлеп құюға арналған пистолеттер кіреді. Бұзауларды әрбір азықтандырғаннан кейін құбыр мен сольвилатты сүттің қалдықтары толық кеткенге дейін 4 минут бойы жылы (25 - 30°C) сумен шаяды, одан кейін құбырды 5 - 7 атмосфералық қысыммен ыстық (65°C-тан кем емес) сумен жуады және келесі қоректендіруге дейін ыстық суды толтырып қалдырады. Азықтандырудың алдында бұл суды құбырдан шығарады және оны 4 минут бойы ағынды әдіспен ыстық сумен жылытады. Сүт шүмектерін күн сайын бөлшектейді (алдындағы азықтандырғаннан кейін) және губканың көмегімен жылы 0,5 % жуу ертіндісімен жуады, сумен шаяды және құбырға монтаждайды.Он күнде бір рет ҚСА тарату жөніндегі желіні жуады және дезинфекциялайды.Бұзауларды азықтандырғаннан кейін сүт қалдықтарын жою үшін шелектерді жылы сумен шаяды, одан кейін щеткалардың көмегімен жуғыш құралдардың жылы ерітіндісімен жуады және қысыммен келген ыстық сумен (65°C) 1 минут бойы шаяды. Шланг пен пистолетті құбыры бар жүйеде ағынды әдіспен жылы сумен жуып-шаяды, одан кейін оны құбырдан ағытады және жылы 0,5 % жуғыш ерітіндімен ваннада жуады, пистолетті ысқышпен тазалайды содан кейін ыстық (65°C) сумен шаяды және кептіру үшін кронштейндерге іліп қояды. Бұзауларды қайта қалпына келтірілген сүтпен азықтандырудың алдында шлангті пистолетпен бірге ҚСА-ны тарату желісіне монтаждайды және сонымен бірге қыздырады.ҚСА-ны тарату жөніндегі желінің санитариялық жай-күйін тексеру кезінде сольвилаттың, құбырдың, сүт шлангілерінің, пистолеттердің және шелектердің жай-күйіне назар аударады, оларды күнде кешкі санитариялық өңдегеннен кейін қарап-тексереді.Құбырды қарап7 тексеруді мақтадан жасалған тығындар арқылы жүргізеді, олармен келесі бөлшектер мен топтардың ішкі беттерін сүртеді. 1)құбырдардың ішкі қабырғалары; 2) құбырлардың муфталармен жалғанған жерлері; 3) сүт шлангілері; 4) шелектер. Жасы үлкенірек жануарларға арналған қора-жайлардағы оттықтарды, жемшөп алаңдарын, жемшөп таратқыштарды күн сайын жемшөп қалдықтарынан және ластанулардан тазалау керек. Бұзауды өсірумен және бордақылау жөніндегі өндіріс объектілерінде мынадай талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін технология пайдаланады: 1) қолайлы шаруашылықтардан өндіріс объектілерін қатаң кестеге сәйкес бір жастағы жануарлармен жыл бойы біркелкі жинақтау ағымдылығы; 2) жас ерекшелігіне сәйкес жануарларды әкелуден өткізгенге дейінгі кезеңдерде жануарларды күтіп-бағу циклінің бөлшектенуі; 3) жануарларға арналған қора-жайларды оқшауланған секцияларға бөлу;

  1. белгілі бір өсіру кезеңіндегі төлдерді күтіп-бағуға арналған үй жайларды мамандандыру; 5) жануарлардың бастапқы қалыптасқан тобының құрамын өсірудің барлық кезеңдерінде жеке өндірістік бірлік ретінде сақтау. Етті тұқымды қашаларды өсіру жөніндегі өндіріс объектілерінде шетен қорадағы және жазғы-жайылымдық кезде де жеңілдетілген құрылыс материалдарымен салынған жылытылмайтын қора-жайларда еркін серуендететін күтіп-бағу көзделуі қажет. Төлдерді азықтандыру мен суғаруды қалқалармен, сондай-ақ желден және қардан қорғайтын қоршаулармен жабдықталған, қатты жабынды серуендету-азықтандыру аулаларында жүргізеді.Әр түрлі мақсаттағы барлық кешендерде байламай күтіп-бағу кезінде бұзаулар топтармен мынадай секцияларда орналастырылады: 1) міндетті түрде едені сенімді жылу жібермейтін едені бар жеке бокстары төсенішсіз тор еденде 2) ауыстырылатын төсеніші бар немесе жылытылатын тақтай төсек тапшан түріндегі қамтылған демалу орындары құрылған жазық едендерде. Малдың басын толықтыратын төл байлаусыз күтіп-бағу кезінде секцияларда қалың төсеніште немесе міндетті түрде жеке бокстар құрылған тор еденде секцияларда топтармен орналастырылады.Жануарларды өсірудің немесе бордақылаудың кезекті технологиялық кезеңі аяқталғанда, оларды басқа қора-жайларға немесе секцияларға ауыстыру өндіріс объектісінің ветеринария саласындағы маманының рұқсатымен ғана жүргізіледі. 6 айдан асқан ересек жануарларға арналған планканың рұқсат етілетін ені - 100 - 120 мм, саңылаулар ені - 40 - 45 мм. Торлар азықтандыру бағытына қатысты 8 перпендикуляр орналасады. Технологиялық іс-шаралар жоспарында ересек жануарлардың тұяқтарын мерзімді қарап-тексеру, жануарлар топтарын емдеу ерітінділері толтырылған ванналардан өткізу жолымен профилактикалық өңдеу, сондай-ақ тұяқтарды уақытында тазалау және қию көзделеді. Жануарларда зат алмасу жай-күйін бақылау үшін олар әкелінген кезде және бір жас тобынан екінші топқа әрбір технологиялық ауыстырылған кезде мал басын диспансеризациялау жүйесі және жануарлардың бақылау топтарын ай сайын клиникалық-зертханалық зерттеу өткізіледі. Әр топты зертханалық зерттеу нәтижелері нормативтермен және алдағы зерттеу нәтижелерімен салыстырылады. Анықталған өзгерістер мен бұзушылықтар технологияны тиісті түзету және емдеу-профилактикалық іс-шараларын өткізуге негіз болады.Жазғы кезеңде үш айдан асқан жануарларды кешеннің (өндіріс объектісінің) айналасында 2 километр радиустғы жерлерде арнайы жасалған суармалы, дақылды немесе табиғи жайылымдарда жаяды. Жануарлар жайылған кезде оларды суару жылжымалы автосуарғыштар арқылы ұңғымалардан немесе артезиан құдықтарынан алынған сумен жүзеге асырылады. Бұзаулар жайылатын жерлерде көңді, ағынды суларды төгуге, сондай-ақ басқа жануарларды жайылуына жол берілмейді. Мал төлін өсіру кезінде жоғарыдағы көрсетілген шаралардан басқа, аталған аймаққа тән паразитарлық ауруларға, сондай-ақ қан паразитарлық ауруларына қарсы профилактикалық іс-шаралар, бөгелектермен және қансорғыш жәндіктермен күрес жүргізіледі.Эпизоотиялық ахуалға және жануарлардың келу (әкелу) орнында нақты нозологиялық бірлік бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шараларға байланысты өндіріс объектісіне әкелінетін жануарлар ауруларға қарсы егілуге жатады. Жануарлар өсіру барысында сібір жарасына қарсы вакцинаны қолдану нұсқаулығында көрсетілген мерзімдерде екпе жұмыстары жүргізіледі.Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес және эпизоотиялық жағдайға байланысты барлық қажетті диагностикалық зерттеулерді, егулер мен өңдеулерді жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет